Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ұлттық мақтаныш сезімі дегеніміз — белгілі бір ұлт өкілінің жеке мақтаныш сезімі, белгілі бір немесе басқа бір ұлт адамының көптеген жеке мақтаныш сезімінің жиынтығы болып табылады. Ұлттық мақтаныш сезімі — әрбір ұлт адамдары үшін бұзылмас заң. Кімде-кім өз ұлтын сыйламаса және оны мақтан тұтпаса, ол сөзсіз барып тұрған арамза, отансыз қаңғыбас. Өзін сыйлай алған адам өзгені де сыйлай алады, белгілі бір ұлттың толық азаматы болып әрі өз ұлтыңды мақтан ете отырып, сен басқа халыққа да лайықты қарай аласың. Мысалы, нағыз интернационалист болуы үшін орыстар шын мәнінде бар болмысымен орыс болуға тиіс. Екі түрлі ұғым бар: ұлттық рух — бұл асыл қасиет, ұлтшылдық — бұл ұлт ішіндегі жеке адам бойындағы көр кеуделік. Бұл мәселені дұрыс түсіне білу керек.

Кейбіреулер ұлттық рухты немесе ұлттық патриотизмді ұлтшылдықпен оп-оңай-ақ шатастырып алады. Бұл жерде міндетті түрде ұғыну қажет. Соғыс кезінде орыстар да бұл мәселені дұрыс түсінуге ұмтылып отыр, олар біз орыстармыз дейді! Бұл дұрыс па, ал соғысқа дейін біздер күшті «интернационалистер» болған едік. Ұлттық рух пен ұлтшылдықтың ара жігін ажырата білген жөн. Ұлттық рух тамаша қасиеттерге ие, өз ұлтыңды тануға көмектеседі, ал бізге осы асыл қасиеттерді дамыта түсу қажет, осындай адам ғана отандастарының алдындағы өз халқының және ең алдымен халықтардың бауырластығы алдындағы өз борышын терең де жоғары сезінеді.

Барлық халықтар барлық ұлы әрі тамаша нәрселер жасауға қабілетті. Айбарлы адам жасық жанға дос бола алмайды. Егер сен жасық жан екенсің, онда достықты талап етуге қандай құқың бар деу әбден заңды, сені тек жек көруге болады. Халықтардың бауырмалдық ұлы сезімі мына қырғын соғыста үлкен сынға түсіп, бұл сынақтан сүрінбей өтті әрі көптеген адамдардың көзін ашты. Бұл соғыста Совет Одағында тұратын ұлыстар мен ұлттардың бірде-бірі өзгелерден жаман соғысуға правосы жоқ. Айталық, бір халық нашар соғысты дейік; онда бұл халықты құрметтеуге қандай негіз болмақ, ал жақсы соғысып жүрген халық әрқашан ізгі құрмет көрсетуге лайық. Халықтардың достығы мен бауырмалдығының осы айтылған негіздеріне сүйеніп ұлттық мақтаныш сезімі дегеніміз — ұлттар достығының кепілдігі деуге болады.

Әрбір солдат өзіне өзі төмендегідей сұрақтар қояды. Біздер кім едік? Біздер кімбіз? Біздер қандай болмақпыз?

Сонымен, біздер кімбіз және біздер кім болмақпыз? Егер сіздердің біріңізге сіздің атаңыз тамаша адам болған десе, онда сіздің де көңіліңіз көкке көтеріліп қалмай ма, сондықтан да бізден біздер кімбіз деп сұрайтын болса, онда біздің өткен тарихымызға, біздің даңқты ата-бабаларымызға деген біздің бойымызда мақтаныш сезімі сезілетіндей етіп жауап беруге тиістіміз.

Мен: «Біз мал едік, қараңғы едік»,— деп соғатын кейбір шешенсымақтарға қатты ашу- ызам келеді. Бұл бізде ғана бар көр кеуделік емес, басқа ұлттарда да бар нәрсе, тіпті орыстардың арасында да соғысқа дейін өздерінің ата-бабалары жөнінде ұнамсыз нәрселерді айтудан ұялмайтындар табылатын. Суворовтың өзін де жақында ғана көпшілікке насихаттай бастаған жоқ па? Сол кезде, яғни өткен ғасырда өмір сүрген біздің кейбір хандарымыз бен билерімізге, мемлекет қайраткерлерімізге байланысты да осындай көзқараста болдық, ал бізде хан екен, демек антұрған деп қарайтын ұғым — түсінік болды.

Мұның өзін парасаттылық еді деп кім айта алады — сөз жоқ, ешкім де айта алмақ емес. Өйткені Кенесарыдан оның көзқарасының Маркс көзқарасымен сәйкес келуін талап етуге болмайды! Олар өз заманының мемлекет қайраткерлері әрі жақсы адамдар болған, сірә мұны теріске шығара қоюға болмас және де оларды мақтаныш етуіміз керек — олар халықтың абыройы ғой. Мұндай сұраққа немере-шөберелері өзінің ата-бабаларына, өзі өмір сүрген қоғамдық формацияда көшке ілескен елеусіз адам емес, жұртқа пайдалы өз заманының прогрессивті, өнегелі адамы болғанына мақтанатындай етіп айта білу қажет.

Өткен тарихымызды аяққа баспай, қиянат жасамай, мұны дұрыс ажырата білгеніміз жөн.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий