Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бізде кейбір әскери-саяси қызметшілер бұған қарсы дау айтады, бірақ мен командир мен қатардағы жауынгердің арасындағы күнделікті қарым-қатынаста тіпті демократизмнің элементтері де болмауға тиіс деген осындай қорытындыға келдім. Әмір етуші және мойын ұсынушы, бұйрықты орындаушы бар! Басқару мен бағынудың әскерлік принципі осындай, бұл - қажеттілік. Мен оған істе деймін, ал егер істемесе, бәрібір істеуге мәжбүр етемін. Қарамағындағы солдат пен командирдің арасында сапта ешқандай да тепе-теңдік болуы мүмкін емес. Бұл мәселе мүмкіндігіне қарай соғыстан кейін талқылана жатар, бірақ та Отан соғысына қатысып, едәуір тәжірибе жинаған маған осындай қорытынды жасаудың дұрыс екеніне көзім жетті. Әскердегі жалған және өтірік теңдік жөніндегі мәселе соғыстан кейін талқыланар - мен бұған сенімдімін.

Солдат болу оңай емес, басқаның еркіне мойынсыну жеңіл емес, бірақ сен бұйрықты, команданы сөзсіз орындауға тиіссің, тіпті бұйрық саған ұнамай тұрған күннің өзінде де сен сөзге келмей орындауың керек. Бұл мәселеге байланысты менің қолжазбаларымда бірсыпыра тереңірек жасалған тұжырымдар бар. Менің көзқарасыма күдік келтіретін әрі бұл мәселемен айналысқысы келетін адам болса, қолжазбаммен танысып көрсін.

Командирге әскерді темірдей тәртіпті ету, бағындыру оңай емес. Мен сіздерге тәрбиелеу жұмысындағы игі дәстүрлер жөнінде айтып кеттім, оны енді қайталап айтып жатпаймын.

Осыған орай мен Қазақ ССР Халық Комиссарлары Советінің председателіне жастарды тәрбиелеу туралы, ұлтқа әскери тәрбие беру мен әскери мәдениеттілік жөнінде, жігіттеріміздің бойында жауынгерлік қасиеттер қалыптастыратын біздің халқымыздың игілікті дәстүрлері хақында хат жаздым (хаттың тексін оқиды).

Егер халық әскери тұрғыдан алғанда мәдениетсіз болса, онда мұны жөргекте жатқан кезден бастап тәрбиелеу мәселесіне жатқызу керек, егер адамды жауынгерлік қасиетке тәрбиелемесе - онда бұл халық жауынгер халық болмағаны. Мұны өткен тарихымызға қатысты, біздің халқымыз жауынгер халық болмаған деп айта аламыз ба? Жоқ, біз бұлай деп айта алмаймыз, өксікті өкінішке орай біздің жауынгерлік, ержүректік қасиеттерімізге соңғы уақыттарда өткенге жаппай тас лақтыру, қаралауға байланысты жатсына тосырқана қарай бастаған сияқты.

Өткенге жатсына қараушылық орыс және басқа да ұлттарда да болған. Мұның өзін республиканың ескі басшыларының тарапынан жасалынған белгілі дәрежедегі зиянды іс деп санаймын. Халықты жауынгерлік асыл қасиеттерге тәрбиелейтін дәстүрлерінен қалай айыруға болады? Игі дәстүрлерді архивтің сөрелеріне қаттап қоюға бола ма екен? Бұл пайда келтірер ме еді? Бұл бір ұлттық масштабта ғана емес, сонымен бірге халық сияқты мемлекеттік масштабта, әлемдік масштабта да өте үлкен зиян келтіреді. Егер біздер қазақ халқының барлық жақсы дәстүрлерін керегі жоқ деп қудалайтын болсақ, ата- бабаларымыздың кім екенін білмейтін болсақ, мұның өзі пайда бере қояр ма екен? БұданОдаққа да үлкен зиян келеді. Өйткені кез келген парасатты адам Африкада, Қытайда, не кез келген басқа елде болмасын, біздердің нағыз адам болғанымызды қалайды емес пе! Ал біз не істедік десеңізші, өткен тарихымызды барып тұрған хайуандықпен жермен-жексен ете аяққа таптап, содан кейін «өткенге қарсы шыққан бунтарлар» деген жалпы қорытынды жасауға келіп тірелдік, ал кейбіреулер бұл игі дәстүрлерді қайта дамыта түсудің орнына, түкке тұрғысыз мәселелермен, ұлттың одан әрі дамып жетілуіне зиянды нәрселермен айналысты. Барлық өткен нәрселерді жаппай, ақ-қарасына көз жеткізбей қаралау қандай жағдайда болса да мақтай қоярлық қылық емес, өте тар өрістілік, қатігездік, надандық, тіпті бұзақылық әрекет. Ол зияннан басқа түк те емес.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий