Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы
-
Название:Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:123
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.
Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги
Мен осылай деп жазуға неге мәжбүр болдым? Оның себебі мынада. Қатарымызды толықтырар жаңа күш келіп қосылып жатады, олардың кейбіреулеріне қарасақ, бет әлпеті біздікі, ал кеудесіне үңілсек, аяғы аспаннан салбырап түскендей. Бұл қалай деп ойлайсың? Оған орысша айтсаң ұқпайды, қазақша айтсаң да түсінбейді. Оның бойында не қазаққа, не орысқа тән ешнәрсе жоқ. Бұл жағдай менің зығырданымды қайнатты, неге бұлай болды деп, мұның себебін іздеуге мәжбүр болдым, сөйтсем бұл сорлы бейбақ өзінің халқының игі дәстүрлерінен мүлдем бейхабар мақұрым екен. Егер бұл саналы түрде істелінсе — онда зиянкестік болғаны, ал егер саналы түрде істелінбесе — онда халқымыздың игі дәстүрлерін аяққа басып таптағандық — нағыз ақымақтық әрекет болғаны. Дәстүр тәрбиенің басты қайнарларының бірі болып табылады әрі оның өте үлкен мәні бар.
Әскери тәрбиенің негізі - командирдің әміріне міндетті түрде бағынушылықты жете түсіну, ұғыну, қызмет бабы талап ететін әскери өмірге сөзсіз түрде толық мойын ұсынушылыққа қол жеткізу.
Егер егжей-тегжейлі айтар болсақ, әскери тәрбиенің басты мақсаты - жауынгердің бойында әскери қызметтің, жауынгерлік өмірдің қиындығы, мұқтаждығы мен ауыртпалығын жеңе алатындай қабілеттілікке тәрбиелеу, денесін, оның рухы мен еркін қиындықтан тайсалмайтындай етіп шынықтыру. Командирдің әміріне мойын ұсыну - бұл да ауыр нәрсе. Әскери тәрбиенің мәні қиындық пен ауыртпалықты, мұқтаждықты және қорқынышты жеңе аларлық қабілеттілікке баулу, тәрбиелеу, ал бұл — тек парасатты адамның ғана қолынан келетін іс. Әскери тәрбиенің әдісі — көз жеткізу, мәжбүр ету және талап ету. Ал кейбіреулердің санасын таяқ билейді. Бес саусақ бірдей емес, амал не, кейде мәжбүр етуге дейін барып қаласың - мәжбүр ету әдісі әлі талай ғасырлар қолданылар. Мен тәрбиелеудегі басты әдіс деп көз жеткізуді мойындаймын, ал мәжбүр етуге қосалқы құрал ретінде қараймын. Мәжбүр еткеннен гөрі адамға көзін жеткізген әлдеқайда ұнамды емес пе? Көзі жеткен адам өз міндетін тек саналы түрде ғана емес, сондай-ақ творчестволықпен де орындайды. Мәжбүр ету көз жеткізу әдісі ретінде практикада, былайша айтқанда тәртіптік қару ретінде де қолданылып отыр.
Ерлік дегеніміз не?
Ерліктің анасы — мақтаныш. Кәне, мақтаныштың қандай қайнар көздері бар екеніне талдау жасап көрейікші. Тазалық, ұқыптылық, тән мен жан жүйесінің кіршіксіздігі жеке мақтаныш сезімін тудырады, өзін-өзі ұстай білушілікке үйретеді, өзі мен айналасындағыларға талап қоя білушілікке дағдыландырады. Сыртқы тәртіпсіздік — адамның ішкі кемістігінің белгісі. Кір-қоқыс адамды аздырып-тоздырады. Жеке мақтаныш сезімі дегеніміз не нәрсе — бұл ең алдымен жеке бастың гигиенасы.
Адам өзін көйлегі көк, қайғысы жоқ, қарыны тоқ кезде лайықты ұстап жүре алады. Егер де сіз үстіңізге алба-жұлба киім киген болсаңыз, онда қоғамдық орында өзіңізді лайықты ұстай алмайсыз. Тұрмыста салақ, ұқыпсыз адам — әскери қызметте де, жұмыс орнында да салақ, ұқыпсыз келеді. Егер адам сырттай тәртіпсіз, көргенсіз болса, онда ол жұмыста да дәл сондай, егер адам ұқыпты болса, ол онда жұмыста да ұқыпты болғаны. Кір-қоқыс адамды бүлдіріп, оның бойында жеке мақтаныш сезімін біртіндеп көмескілендіре бастайды. Сыртқы ұқыптылық — ішкі жинақылықтың, өзін-өзі ұстай білушіліктің, өзінежәне айналасындағыларға талап қоя білушіліктің белгісі болып табылады. Осымен бұл мәселе жөніндегі әңгімемізді аяқтаймыз.
Жеке мақтаныш сезімі дегеніміз не? Жеке мақтаныш сезімі ерлікті тудырады. Жасық жан ержүрек бола алмайды. Жасық жан жанқиярлық ерлік жасауға да қабілетсіз.
Ұлттық мақтаныш сезімі дегеніміз не?