Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы
-
Название:Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:123
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.
Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги
Зерігу — ақыл-ойдың қызығушылығының болмауы, қабілеттің аздығы, қызметтің әлсіздігінен пайда болады. Зерігу қызмет орнына, табиғаты келмейтін жұмысқа бейімділігіне, қабілетіне қарамай тағайындай салушылықтан келіп туады. Халық: «Қарғаны баптағанмен бүркіт болмас», «Аяз би, әліңді, құмырсқа, жолыңды біл», «Әркім өз жөнін білгені жақсы»,— деп бекер айтпаған. Әр уақытта адамның туа біткен қабілеттілігін, табиғи дарынын ескеріп және қызметтік талаппен байланысты тууы мүмкін қайшылықтарды орағытып кеткен жөн. Кадрларды, кімнің неге қабілетті екенін, жалпы кімді қай жерге тағайындау емес, пайдалану жөн, тиімді екенін анықтау мақсатында зерттеп білу, анықтау талабының заңды екені белгілі. Мұның бәрін есепке алмау (кадрларды, қатардағы құрамды қосып есептегенде, дұрыс бөліп, орынды орналастырған жағдайда оп-оңай құтылып кетуге болатын) үлкен материалдық шығын мен қажетсіз құрбандыққа душар етеді.
Селқостық — негізінен зерігудің бір түрі, ойлаудың тиянақсыздығы, айқын еместігі, құбылысты байыпсыз қабылдаушылық; осыдан оның салдары енжарлық, қызметтік әлсіздік және т. б. туады. Армандаушылық — жүзеге аспайтын нәрселерді ойлану, дегенмен де бұл адам бойындағы күшті құштарлық. Соғыста армандаушылық — көбінесе нақты міндеттерді шешуде творчестволық жолға итермелейтін қозғаушы күш.
Қулық — алған әсерлерді жалған, жасанды түрде көрсету - соғыста ең сорақы бақытсыздық, қауіпті өтірік.
Екіжүзділік — жалған жаны ашушылық, түсінушілік, ұғынушылық, пікірлестік, өтірік нәрсені шын деп, шынды жасырып көрсетушілік.
Мұның бәрі көбіне «Аяз би, әліңді, құмырсқа, жолыңды біл» салдарынан. Екіжүзділікті жоюдың ең сенімді тәсілі, ең дұрысы — бөлімді жасақтау кезінде немесе қызмет орнына офицер-жолдастарды тағайындаған кезде мұндай жағдайларды тудыратын себептерге жол бермеу. Мүмкіндік болмаған жағдайда — мәжбүр ету әдісімен үйрету керек.
Сезім — тән мен жанның белгілі бір жағдайдағы күйі, яғни біздің сыртқы дүниені қабылдау және оған жауап беру, реакция жасау қабілетіміз. Сезім: тән (физикалық), немесе оны кейде төменгі сезім деп те атайды, яғни оны организмнің (ауырсыну, шөліркеу, аштық, суықтық және т. б.) физикалық күйі анықтайды. Рухани немесе кейде жоғарғы деп те аталынатын — яғни адамның көңілін аударып, жан дүниесін астан-кестен ететін сезім — оған махаббат, жеккөрушілік, ашу-кек, ыза сезімі және сол сияқты ақиқат, әділдік сезімі, шындық, өтірік және т. б. сияқты ұғымдар да жатады.
Әсер - адамның психикасын қоздыратын немесе басатын жағымды немесе жағымсыз түйсік сезім. Әсер сезімі физикалық та, сондай-ақ бұл сөздің рухани мағынасында даадамның қызметіне тікелей ықпал ете отырып, адамды қайраттандыра түсуге, оның бойындағы күш-қуаттың артып, болмаса әлсіреуіне себепші болады. Бізге бәрінен де гөрі әскери тәрбиеде жауынгерлік қасиеттерді дарытудың моральдық және адамгершілік негіздері ретіндегі сезімдердің ең жоғары көрінісін білу, зерттеу және түсіну маңыздырақ.