Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Соғыс тақырыбына жазудың өте қиын екенін қайталап айтамын. Әзірше ізін суытпай сұлбасын, нобайын түсіріп қою керек, бірақ та олардың өзінен адамның сурет салуға әрекеттенген талпынысы көрінетіндей болсын, ал нобайсыз қалдыруға болмайды. Қазір бұл материалдармен соғыстан кейін бірнеше жыл жұмыс істей алатындай әрі оны өңдеп, нағыз келбетіне, сипатына келтіре алатындай етіп жазу керек.

Кез келген шығынның орнын толтыруға болғанымен, бірақ адам шығынының орны толмайды. Армияның басты күші мен негізгі байлығы - солдаттар. Сондықтан да басты назар өнерді, солдат кәсібін үйретуге, жауынгерді ұрыста аман сақтап қалуға аударылуға тиіс. Солдатқа, адамға менсінбей қараушылық түбінде жақсылыққа әкеліп соқтырмайды. Барлық кезде де солдаттың мұң-мұқтажына үн қатып отыру қажет, жазушылар қанша дегенмен рухани қару-жарақтарды негізгі жеткізіп берушілер болғандықтан, олар барлық уақытта өз шығармаларына сергек қарауға және бұл мәселеде халықтың алдында бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға тиіс. Солдат мерт болса, онда барлық байлықтан айырылғанымыз, солдатты аман сақтап қалу - міне, ең басты мәселе осында. Панфилов жөнінде тоқталған кезімде бұл ойды таратыңқырап айтармын. Армиядағы бұл байлықты жоғалтып алмас үшін солдатты рухани да, дене тәрбиесі жағынан да үйрету, оны жақсы жауынгер етіп тәрбиелеу керек, өзі мерт болмай, жауын жоятын солдат кәсібіне үйрету қажет. Жеңіске жету үшін бізге рухани жағынан мықты, жоғары саналы совет адамы керек. Әскери қызметшілердің міндеті - әскерге шақырылған азаматтарға әскери өнерді, техниканы, ұрыс жүргізу айла-тәсілдерін, солдат кәсібін үйрету, сонымен қатар жалпы тәрбие беру жұмысын да жүргізу.Бойында адамға тілерлік барлық абзал қасиеттері бар парасатты азаматты тәрбиелеу оңай іс емес. Бұл іс жақсы тәрбиешілерді ғана емес, сонымен қатар ондаған жылдар бойы тер төге еңбек етуді де талап етеді. Тәрбиелеу жұмысы көп сатылы, алуан қырлы әрі көп еңбек сіңіруді қажет етеді.

Әскери тәрбие проблемасы - бұл жөргекте жатқан кезден бастап, найзаласқан қоян-қолтық айқасқа дейінгі аралықта жүргізіле беретін тәрбие проблемасы болып табылады. Ата-ана тәрбиесі — мектеп жасына дейінгі тәрбиенің ең басты сатысына, кезеңіне саяды. Мектеп тәрбиесі, коғамдық-жастар тәрбиесі - адамның қалыптасуындағы ең басты кезең. Адам қоғамдық тәрбиеге ақтық демі біткенше мұқтаж болады, қажет етеді. Ересек адамға тәрбие беруді жалғастырудың қажеті жоқ деушілік мүлдем қате. Солдат - ересек адам, бірақ оның қоғамдық жағдайы солдатты төменгі рангіде болуға міндеттейді, ал армияда бұл ранг жасөспірімдерден кем емес қамқорлық қарым-қатынасты жасауды, қорғаншы болуды қажет етеді. Солдат жанының құнарсыз жерден нәр алуына жол беруге мүлдем болмайды. Майдандағы қазақ жауынгерлері өзінің ана тілінің, туған әдебиетінің, төл музыкасының сарқылмас қазынасынан тіпті болмашы, мардымсыз нәрсе болса да ала алмай отыруын мен қылмыс деп есептеймін.

Әскери қызметшілердің ісі - әскерге шақырылған азаматтарды әскери өнерді, техниканы және ұрыс жүргізу айла-тәсілдерін, солдат кәсібін үйрету, сонымен бірге жалпы тәрбие беру жұмысын да жүргізу. Көбінесе аналар баласын жөргегінде жатқанда бүлдіріп алады. Бізге осындай жөргегінде жатып жөнді тәрбие алмаған адам кез келеді, ата-анасы 22 жыл бойы бұзып келген осындай адамды, мен екі жылдың ішінде қайтіп түзей алмақпын?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий