Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Адам өмірінде бұрын-соңды болмаған сын сағат - қорқыныш сезімі мен парыз сезімі тайталасқа, арпалысқа, жан беpiп, жан алысуға түседі, тіпті әбден ашынған аң да қорқыныш пен парыз сезімі сияқты қатал арпалысқа түсе қоюға дәрменсіз болар: «Сен өлесің, сенің жастық шағың осымен бітті, сені қазір өлтіреді, болмаса қайтып бас көтертпейтіндей етіп жаншып тастайды, сенің денеңнің быт-шытын шығарып, бұтарлайды, сені ешкім де таба да, жерлей де алмайды». «Ел қайда, Еділ қайда, мұра қайда, Еш пенде әл ақуалың сұрамайды.

Осы жерде ажал жетіп өліп кетсем, Еш пенде, ой бауырым, деп жыламайды». «Құтылуға асық, жасырын, зытып келеміз, тезірек зытып, жүгіріп келеміз...» Қорқыныш сезімі аяғыңды артқа тартады немесе қорғасындай ауыр салмақпен жерге жабыстыра түседі, болмаса шинельдің етегінен жабысып, ілгері жібермейді. Қолың талып, әл кетіп, саусақтарың шүріппені басуға келмейді, көз шарасынан шығып, қарауылға алып, нысананы көздеу түгілі қараудан да қорқады. Буындары дірілдеп, тізесі қалтырайды.

Өкпесі ауа жетпей алқынады. Кеудеңде жүрегің дүрс-дүрс соғады, түсі қашып, өңі сұп-сұр болып кетеді. Жүйкесі шегіне жете ширығады: мұның бәрі қашу керек, артқа қарамай зыту керек, құтылу қажет дегенді білдіреді.

Сен адамсың! Сен азаматсың! Сенде ұят, масқара болу, опасыздық сезімі бар - сенде жеке бастың асыл абыройы, өз отбасыңның абыройы, өз ұлтыңа деген мақтаныш - парыз сезімі бар. Сен жалғыз емессің, бұл ауыртпалық сенің жалғыз өзіңе ғана түсіп тұрған жоқ, жаныңда өзіңнің отандастарың, сенің қарулас жолдастарың бар, олар сенен кем емес, сен сияқты, бұлар да өмір сүргісі келеді. Сенің қара басыңа бола шынымен басқалар сенің үй- ішіңді, ата-анаңды, сенің туған халқыңды қоян жүрек деп атағаны ма! Басқа жұрт бұлар Отан деген сөзді жүрегімен емес, тілінің ұшымен айтады демес үшін өз басыңа, үй-ішіңе, туған халқыңның атына кір келтіріп, қорлық таңбасын түсіре көрме. Олар сенің есіміңді атауға арланып, сені мәңгі бақи қарғамайтындай әрекет еткін.

Ойланшы! Егер сен бұқпантайлап қаша жөнелсең, онда өз замандасыңның алдында масқара боласың, лағынет қарғыс айтады, жұрттың бәрі сенен сырт айналады: сенен әке- шешең де сатқын ретінде безініп, беті күйіп, көршілерінің жүзіне қарай алмайтын болады.

Әйелің де біржола сенен безініп, саған өзіңнің жүрек сырын ашқан бақытсыз күнді шерлі көңілмен еске алатын болады. Сенің сүйікті балаларың да безініп, мына барлық бақытсыз балалардың ішінде ең бақытсызы болмақ. Олар сенің фамилияңды алып жүруге ұялып, өздерінің әкесінің кім болғанын жасыратын болады. Өзіңнің қайғыңды, қиындығыңды, қауіп-қатеріңді бөліскің келмейтін жолдастарың, жерлестерің де біржола сырт береді.Егер сені ұстап алатын болса - онда сатқын, опасыз адам ретінде атып тастайды, әділ түрде масқаралап, сенің қаныңмен коллективтің масқара болған күнәсін жуады. Атып тасталған жерде абыройың айрандай төгілген күйде тасталған өлекседей жатасың.

Ойланшы, қашу - жаудан құтылудың жолы емес, өлімнен де жаман, ауыр опасыздық.

Саған өмірді ешкім сыйға тартпайды, оны өзің күресіп жеңіп аласың. Абыройыңды жоғалтпа. Бойыңа күш-қайратыңды жи: өмір сүргің келсе, онда өзің мен жолдастарыңды өлтіргісі келгендерді өлтір, сонда ғана тірі қаласың. Жолдасыңды да құтқарып қаласың, онда даңқ та, абырой да сенікі. Сені бәрі батыр деп айтып, мақтан ететін болады.

Бәлкім мүгедек болып та қаларсың, мұның өзі жұрт жек көретін жаны мүгедек болып жүргеннен әлдеқайда артық. Мүмкін өз борышыңды орындау жолында қаза табарсың, онда сені мәңгі еске сақтап, алғыс сезіммен айтатын, мақтанышпен еске алатын болады.

Есейе түс! Алға ұмтыл!— деп әмір береді бойдағы парыз, адамгершілік сезімі.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий