Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Мен саған жамандық ойламаймын, Қызыл Жебе, – деді мұғалім баланы бауырына тартыңқырап. – Алаңдамай, уайымдамай, оқуыңды пысықта. Бірақ төбелеске үйір болма. Мен түсініп отырмын. Сен кінәлі емессің. Тиіскен анау екеуі. Сен қорғандың. Өз есеңді ешкімге жіберме. Айбаровтың табанына түспейін деген тәкаппарлығың маған ұнайды. Бірақ ақыл басшы болсын. Мектептің ішінде қып-қызыл қан төгіліп жатқаны жиіркенішті. Әлгінде Александра Сергеевнаның шошып кеткені де содан. Екі адам төбелесіп жатса қандай себебі болса да, сол екеудің ақылдысы көбірек кінәлі. Ал сен ақылды едің ғой. Атамырза қанша бұзық болғанмен, сен одан әлдеқайда ақылды емессің бе? Құдайға шүкір, сендерді оқытып жүргеніме бір жылдан асты, білемін ғой кімнің қандай қабілеті бар екенін. Атамырза – осы біздің Меркедегі ең бай саудагердің баласы. Ал Серіктің әкесі соның делдалы. Олар бұзық болып, оқудан шықса, сенетін, сүйенетін әкелері бар. Ал сенікі не жөн? Сен тек өз күшіңе, өз біліміңе ғана сүйенесің. Адырлық саған жараспайды. Мінезіңде қызбалық бар. Соған сақ бол. Әділетсіздікке төзбеуің әкеден қалған мұра шығар, оныңды құптаймын. Бірақ тым тік болмай, ұсақ-түйектен биік бол. Сенің артың шыңырау екен. Артыңа қарасаң, басың айналар. Алға қара. Әлгі өзің айтқан Александр Бронников сені дұрыс таныған: сенен үлкен азамат өсіп шығуы мүмкін. Алдыңа бір мүдделі мақсатты қарауыл етіп қой да, соған ұмтыл. Иә, көп отырып қалдық. Біреу келе жатқанға ұқсайды... Кәне, айт шыныңды,– деп Иван Владимирович дауысын жорта көтеріп, ұрыса жөнелді. – Енді қайтып істейсің бе мұндай ақымақтықты, оңбаған бала? Енді қайталасаң – өз обалың өзіңе! Айтпады деме, қаңғыртып жіберем!

Кабинетке Александра Сергеевна кіріп келді.

– Ваня, үйге қайтпайсың ба? Несіне тәжікелесіп отырсың бұл бұзықпен. Жүр, – деді Тұрарға жек көре бір қарап алып.

– Сашенька, міне, кеттік. Тұрар уәдесін берді. Әлгі сұмдық енді қайталанбайды. Бір жолға кешірейік.

Әйел басын шайқады. Қазықтай тіп-тік жүретін қатал кісі былқ-сылқ еткізіп басын шайқағанына Тұрар таң қалды. Оның басы тек денесі бұрылған жаққа ғана бұрылатын сияқты еді бұрын. Алтын түстес сары шашын сылаң тарап, желкесіне қаздитып түйіп, мүйіз тарақпен қапсыра жабыстырып тастапты. Сұр шевиоттан костюм, ұзын юбка, шілтер жағалы ақ кофта киіп, үстіне қылау жуытпайтын, киімінің қыры сынбайтын таза кісі.

– Мен қан көрсем, есімнен танып қалатынымды білесің ғой, Ваня. Бұл сұмдық. Есіме түссе, әлі жүрегім айниды.

– Эх, Сашенька, бәріміз де бала болдық емес пе? Ал қан шығару мәселесіне келсек, екеуміз 1905 жылы анамыз Ресейдің ішкі түкпірінде сол қаннан өзен аққанын өз көзімізбен көрмедік пе?

– Ол мұнда айтылатын әңгіме емес қой, Ваня.

Иван Владимирович әйелінің Тұрардан сезіктенгенін байқап:

– Тұрар өзіміздің бала. Қаңқу сөзге құмарлығы жоқ, жеңіл ауыз бұл емес. Тегіннен тегін Қызыл Жебе аталмаған. Ал Қызыл Жебе, бара бер. Әліпбекке айтармын. Саған бүгін тамақ бергізбеу керек деген бұйрығын өзгерттіремін. Сау бол!

* * *

Жазғы демалыста Тұрар Қырғызбайдың қолына барған. Бір күні делдал атасы мұны шақырып алды да:

– Тұраржан, сені бір жерге жұмсағалы тұрмын. Атпен кешке дейін барып келетін жер, – деді. Атасы жұмсап тұрса, оның үстіне атпен барасың десе, Тұрар қалай тіл алмасын:

– Барайын, ата, – деді.

– Онда әбден тыңдап ал: осы Мықан бойымен төмен қарай жүре берсең, сүрлеу жол бар. Маңырақ деген ауылдың үстінен түсесің. Өзі ат төбеліндей аз ауыл. Ауылдың ең шетінде, жардың жағасында Тайлақ дегеннің үйі бар. Ол маған бажа. Оның әйелі мына Салиха апаңның немере сіңлісі. Былтыр бір сиыр, бес ешкі сауын алған. Соны берсін деп жатыр де.

Ауыз үйде жүрген Салиха бұл әңгімені естіп қалып, ойбайын сала шықты есіктің алдына:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий