Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Черт побери, - деді әлгі кісі сексеуілдей салалы саусақтарымен пиджагінің омырауын қаққыламақ болып. Қырсық шалғанда қолтығында атжалманның үлкендігіндей, көзі қара моншақтай күшік бар екен. Бірақ ергежейлінің жасын анықтау қиын. Күшік екенін, ересек екенін айырып болмайды. Әйтеуір, жүні тып - тықыр. Құлағы тікшиіп тұр.

Рысқұлов тани кетті. Оқыстан денесі түршіккендей болды. Қателеспепті, дәл өзі. Бүкшиіңкіреп қалыпты. Жалғыз.

Байқамағансып, бұрылып кете беруге де болушы еді: сағынып жүрген жоқ, ежелден егескен жау: нағашысы да емес, құдасы да емес, несі бар қолындағы суын төгіп алып, қалтаңдап тұрған шалда... Бірақ шыдай алмады.

– Филипп Исаевич! Сізсіз бе? Саламатсыз ба?

Шал, біреу ұрлығын керіп қойғандай, тыжырына бұрылды. Қарсы алдында тұрған адамды көрген бойда селк ете қалғандай болды да, лезде бойын жиып: - О, Тұр-аар Рысқұлович, -деп ерні икемге келмей, кемсендеп кеткендей еді.

– Амансыз ба, Филипп Исаевич, мұнда қашан келіп қалдыңыз?

Қол алысты. Қолы сұп-суық, сексеуілдің жігеріндей қап - қатты.

– Он шақты күн болды, Тұрар Рысқұлович. Өзіңіз, сірә, жаңа келген тәріздісіз.

– Иә, Филипп Исаевич, кеше кешінде келдік. Міне, мынау менің әйелім, танысып қойыңыз. Аты - Әзиза.

– Го – ло – ще - кин, - деп өз фамилиясын өзі әрең есіне түсіргендей бөліп-бөліп айтты. Сөйтіп тұрып, жас келіншекке сұқтанғандай сүзіле қарады. Әлденені есіне түсіре алмай тұрғандай:

– Мен сізді Ташкентте көрдім бе, көрмедім бе? - деді. «Қайдағы Ташкент?» дегендей Әзиза Тұрарға қарады.

– Жок, Филипп Исаевич, Әзизаны Ташкентте көре алған жоқсыз. Айтпағыңыз менің бірінші әйелім Наталья Алексеевна ғой?

– Бәсе, бәсе, ұқсамайды. Иә, көп жыл өтіп кетті ғой. Тұра тұрыңыз... - Голощекин ұзын саусақтарын біртіндеп бүге бастады. - Он жеті жыл! Иә, тура он жеті жыл. Зулап бара жатқан заман-ай...

– Оныңыз рас, Филипп Исаевич, содан бері де он жеті жыл өте шығыпты.

– Онда сіз тым жас едіңіз, Тұрар Рысқұлович, тым арынды, асау едіңіз.

– Асауды жуасыттыңыздар ғой, Филипп Исаевич, - деп күлді Рысқұлов.

– Білмеймін, білмеймін, құрметтім, жуаси қалған сіз бе екенсіз... - Голощекин абайлап, бір-бір ұрттап тұрған суына оқыс шашалып қалып, қолы-басы, бурыл теке сақалы дір-дір етіп, ұзақ жөтелді.

Рысқұлов оның шынтағынан демеді. Сарыбауыр, қара күшік жаутаң-жаутаң етті.

– Далаға, ауаға шығайық, Филипп Исаевич, - деді.

Дермен шатыс хош иісі бұрқыраған күзеулі ағаштардың арасындағы сәкіге жайғасып, Голощекин кенеп шалбарының қалтасынан бет орамалын алып, аузы-басын, жасаураған көзін мұқият сүртті.

Келіншегі жеңінен тартқан со,, Рысқұлов кетпекке ыңғай танытып:

– Көріскенше, Филипп Исаевич, - деп еді, қарт кісі өкпелеп қалды:

– Немене, жүз жылда бір көріскенде бес минут уақытыңызды қимадыңыз ба?

Амал жоқ, келіншегі жақтырмаса да, Рысқұлов сәкіге отыра кетті. Процедура бар еді, әйелім ауырып тұр еді деп сылтау айтуға да болады. Бірақ, ғажап, кейде адам ежелгі дұшпанымен де сағынысып қалғандай болады. Голощекиннің кездейсоқ кездесуі анау бір алау шақты еске түсірді.От оранған, отызға жетпей орда бұзған: Голощекин, Фрунзе, Куйбышев сияқты азуларын айға білеген алыптармен айқасқан Түркістан тұсы Рысқұлов үшін аса ыстық, әм аяулы. Сондағы жауын көру де бір құмарлық сияқты.

Әзиза амалсыздан сәкінің құймышағына ғана әрең ілініп, оқшау отырды. Біреуді жек көргенін жасыра алмайтын осындай «осалдығы» бар. Голощекинді әлгінде көргеннен – ақ іштей тыжырынып қалды. Оның үстіне аңқаусып, Тұрардың бұрын басқа әйелі болғанын жымысқылап еске салғаны - бұл адамның әккі, бәлеқор екенінен белгі беріп, жас келіншек одан жиіркеніп шыға келді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий