Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Ол өте кірпияз,мұнтаздай таза жүретін кісі. Неге сонша жиіркендің?.. – деді Рысқұлов келіншегін күстаналап.

Әзиза қаусырма айна алдында бетін опалап отыр еді, қолындағы бір шүйке мақтаны қоя салып, күйеуіне бұрылды.

– Сен өте ақылды адамсың Тұрар. Ол шалды менен мың есе жақсы білесің Тұла бойын құлғана - мерез басып кеткенін біле тұрып, оған неге қол бересің? Оның қолы қанға шіріген қол ғой!

Келіншегі бүйтіп көтерілмеуші еді, даусы былай қатты шығып көрген емес. Рысқұлов таң қалып, жанына келіп, шашынан сипап:

– Қой, Әзизаш, сен бүйтіп қызбаланба. Бөпеге зиян болады, - деп әйелінің қалған құрсағын аймалады.

– Ақ көңіл аңғалағым менің, - деп Әзиза сонда күйеуінің мойнынан құшақтап, жаңадан ғашық болғандай, құшырлана сүйіп - сүйіп алды.

Ақырғы рет сүйісердей ажырамады. Рысқұлов таңданып қалды.

***

Сөйтіп отырғанда, телефон шылдырлады.

– Бұлар енді жер түбіне кетсең де маза бермес, - деп Әзиза телефонға жақтырмай қарап, күйеуінің мойнынан қолын амалсыз ажыратқандай болды.

– Рысқұлов тыңдап тұр, - деді Тұрар кеңсе әдеті бойынша.

– Тұрар! Амансың ба, бауырым!

Ораз Жандосов.

– Оу, Оразбысың! Амансыңдар ма? Бұл телефонды қайдан тауып алдыңдар?

– Іздеген адам табады. Келгендеріңді ешкімге білдірмей жасырынып жатсаңдар да таптық, - деп Жандосов қарқ-қарқ күліп алды. - Білесің бе, Тұрар, мұнда екендеріңді кім айтқанын? Филипп Исаевич.

– Иә, әлгінде нарзан басында кездескенбіз, - деді Рысқұлов.

– Біз де нарзан басында жолықтық онымен. Сендерге өкпелеп қалған сыңайлы. «Мені жалғыз тастап кетті. Сөйлескісі келмейді», - деп бұрқылдап отыр.

– Шал болғанда бәріміз сөйтер ме екенбіз? Дереу естелік айтып, мыжып отырып алады. Оған уақыт жоқ. Процедура, кабинеттен кабинетке жүгіру басталады ғой енді.

– Фатима сөйлесемін дейді, Тұрар.

Телефоннан әйел даусы естілді.

– Тұрар мырза, амансыз ба? Мен Фатима ғой. Ұмытқан жоқсыз ба? Келіншегің қайда? Ол абысынымызбен тек сырттай таныспыз. Елге алып та келмейсіз. Келіншегіңізді қыз күнінде білуші едім. Мені танымайтын да шығар. Ал енді кешке қарай келіңіздер біздің мекенімізге.

– Рахмет, Фатима. Процедурадан өтіп алайық. Уақыт бар ғой. Барамыз, - деді Рысқұлов.

– Онда кешке біздің үйде болыңдар, - деп Ораз да қайталады.

– Жарайды, Ораз, кешке дейін, - деп Рысқұлов телефонның тұтқасын қойып қойды.

***

Бірақ олар бүл кеште бірге бола алмады. «Адамның айтқаны болмайды, Алланың дегені болады» деген рас шығар. Дәл Рысқұловтар орналасқан корпуске Дағыстан бастығы Қорықмасов та түскен екен. Коридорда сол жолыға кетсін.

– О, қардаш Тұрар, - деп бас салып құшақтап, қауышты да қалды.

Дағыстанды мекендеген көп халыктың бірі - құмықтар.

Қазақтарға тіптен жақын. Тіл жағынан«алыстығы» ноғайлардай – ақ шығар. Тілмаш керек емес, тілмашы несі, тіпті мақал – мәтелдеріне дейін бірдей. Қарақалпақтардай жақын. Жан-жақта шашырап жүрген бауырлар ғой.

Қорықмасов сол кішкентай құмықтан шыққан қайраткер. Рысқұловпен көптен таныс, тіпті жақын дос. Аңқылдап қалған ақ пейіл, ашық мінез, тұла бойынан ер көңілі есіп тұрған жан еді.

– Тұрар сені Құдай өзі жолықтырды. Мұндай сәті түспес. Есіңде ме өткен жылы Мәскеуде айтқаның: Кавказды көп көрдім, бірақ Шәмілдің соғысқан жерлерін көрмедім дегенің. Есіңде ме?

– Иә, иә, Гуниб тауы туралы көп естіп, көп оқыдым. Бірақ көрген емес едім - деп Рысқұлов шынын айтты.

– Ендеше – кеттік. Машина дайын,күтіп тұр. Ем – дом алсаң, сонда қонамыз. Әйтпесе, түнделетіп кайтып келеміз.

– Қайдам, - деді Рысқұлов бірден келісе алмай, - әйелімнің аяғы ауырлау еді. Мұндай жолды көтере алар ма екен...

Сол кезде есікті кілттеп, Әзизаның өзі де келе жатыр еді.

– Міне, танысып қойыңдар. Бұл менің әйелім Әзиза.

– Қорықмасов, - деп амандасты қыран қабақ бейтаныс жігіт.

Қорықмасов әскери адамша етіктерінің өкшесін сарт еткізіп, басын иіп, тағзым етті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий