Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап

Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Второй книгой романа Шерхана Муртазы романа «Красная стрела» о Тураре Рыскулове является книга с лозунгом «Будь тюркоязычным, будь целым!»

Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Үй іші тым-тырыс. Алдағы ас та желінбей қалды. Мына бетінің шырайы таймаған, тозаң тұтқан қызғалдақтай ғана тотыққан ажарлы әйелдің мұнша қажырына бәрі де қайран қалған сәт. Тек сәлден соң пристав шыдай алмай, Ресей империясы Бас түрме бастығының 1890 жылғы № 10 циркулярлы ережесін түсіндіре бастады.

– Егер күйеуіңізбен бірге Сібірге айдауға ықтиярлы болсаңыз, қазына сізге және балаларыңызға жол қаражат қана төлейді. Ал айдалу пунктіне жеткен соң күйеуіңіз түрме жағдайында тұрады да, сізге және балаларыңызға қазына қаржы бермейді. Өз күніңізді өзіңіз көруге мәжбүр боласыз. Түсіндіңіз бе?

Үйдегілердің бәрінің көздері Ізбайшаға қадалған. Бәрі де демдерін ішінен алып отырған сияқты. Ізбайша Түйметайдың бетін өзіне қаратып, маңдайындағы кекілін кері қайырып отырып:

– Мейлі, мырза. Бір күнімізді көрерміз. Біз қай бір байлыққа бөгіп жүрген жан дейсіз. Жоқтыққа үйренгенбіз. Рысқұлдың қалауы болсын, – деді. Өз көзінен Түйметайдың бетіне тырс етіп тамған жасты алақанымен сүртті. – Есіл ер, бізді ұмытпаған екен. Қимайды екен. Басына мың батпан іс түсіп жатса да, бізді ұмытпапты. Жердің түбіне, тозақтың отына айдаса да бірге болайық. Бізге рұқсат етіңіздер.

Қырғызбайдың қатыны көңілі босап, алдындағы сорпа құйған дәу шараны әрі итере салып:

– Айналайын мырзаға-оу, ардағым-оу, аһ! – деп дауысы барқыраңқырап шығып кетті. Қырғызбай қызған көсеу тілін қарығандай баж ете қалды:

– Жап аузыңды! Рысқұл тірі ғой, малғұн! Байғыз құсаған тілеуің құрғыр!

Қырғызбайдың қатыны Салиха салдырлап қалған, әрі ашушаң, әрі ақкөңіл аңқылдақ кісі еді. Қазір Рысқұлдың жақындары қылпылдаған ұстараның жүзінде шықпа жаным, шықпа деп тұрған мына шақта, ойында арамдығы жоқ, адам, атамзаманнан бері көрмей кеткен қайнысының халіне қайғырып, дауыс шығарып еді, онысы көзі тірі азаматты жоқтау болып шықты.

Тағдырдың толқыны айдап келіп, қолына қарап кіріптар болған келіні Ізбайша мынау анайылау абысынына тіксіне қарап қалған.

– Қайнаға дұрыс айтады, жеңеше. Жамандық шақырмаңыз. Мен білетін Рысқұл төтеннен ажал жетпесе, оңайлықпен жан беріспейді. Жауына ерегескенде, бір күн болса да тірі жүруге тырысатын адам. Мен соның қасында боламын. Пешенедегіні көреміз.

Ізбайша әуелдей көз жасын көлкіте бергенді қойды. Ширығып, біртүрлі тәуекелге белді бекем байлап алды.

Бектен болыс та, пристав та мына бір тозаң тұтқан асыл тастай аяулы әйелге не айтарға білмей аңтарылып қалған. Болыс пен приставтың ояздан алған тапсырмасы бұл әйелден қалайда теріс жауап алу. Ізбайша бармаймын деп бас тартуы керек. Ал енді екеуі де: шіркін, әйелің осындай болса, деп әм таңданып, әм сүйсініп қалған. Олар да пенде. Олар да кейбір сәтте тебіренер. Бірақ бұл қыламықтап өтетін қауқарсыз сезім. Ендігі сәтте қазына адамының қатыгездігі бас көтереді. Аяныш, тебіреніс дегенін айдалада қалады.

Әуелі Бектен болыс басын көтеріп, қақырынып, тамағын кенеп алып сөз бастады.

– Шырағым, құдай адалынан жаратқан адам екенсің. Сендей жары бар Рысқұлда арман болмаса керек. Бірақ жазмыштан озмыш жоқ деген. Әйелдің жолы жіңішке. Жас бала, жал-құйрықсыз әйел заты, сен Сібірге Рысқұлмен ілесіп барғанда, күнің қараң болады екен. Оныңды қой. Біз де жатың емеспіз. Мына Қырғызбай қайнағаңның қолында тұра бер. Біреуден ілгері, біреуден кейін дегендей, күндеріңді көріп кетесің. Кебенек кигеннен түңілме, кебін кигеннен түңіл деген де бар. Тұз-дәм бұйырса, ерің қайтып оралар. Біздің ақылымызды алсаң, сол. Өзіңді өзің тозаққа тастама. Жас балаңның да обалын ойла. Мына лауазымды кісінің сөзі – жанашырдың сөзі сияқты. Ақылға салсаң, айтып отырғаны рас. Ақылға салсаң, Рысқұлдың етегінен ұстап өткен өмір қасіретті өмір.

Дүниенің әділетсіздігіне шыдай алмай, дүниенің рахатынан безген сол бір саяқ ерден көтерген баласы да жоқ. Сонда арасын дәнекерлеп тұрған не бар? Несін қимайды? Әлі басы жас. Жерде жатқан тесік моншақты да біреу көтеріп алады. Сонда неге зар?

Ізбайшаның үндемей отырып қалғанын байқаған Бектен болыс:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий