Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап

Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Второй книгой романа Шерхана Муртазы романа «Красная стрела» о Тураре Рыскулове является книга с лозунгом «Будь тюркоязычным, будь целым!»

Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Сен ұнап бара жатырсың маған, – деді Осташкин ақ бәтес орамалмен көзін сүрте беріп. Мінезі ауыр, сирек езу тартатын, алып тұлғалы, жартастай түнеріңкі вице-губернатордың неге көңілденіп кеткеніне түсіне алмаған бағыныштылар не күлерін, не күлмесін білмей дағдарыңқырап қалған.

– Кісен көп, кісенге кеткен темір қаншама, құдай сақтасын, – деп Рысқұл айылын жияр емес. – Түлкібаста жүргенде егін салар едік. Қол басындай темір тапсақ, ат басындай алтын тапқандай қуанар едік. Омаш басына кигізетін темірге жұтаң болдық. Енді ойлаймын ғой, түрмедегі кісеннің бәрін балқытып, соқа тіс жасаса егінші байғұс бір жарып қалар еді-ау деп.

– Ол үшін сен сияқты қылмыстылар болмауы керек. Кісенді өкімет еріккеннен соғады дейсің бе? Амал жоқ. Сені кісендемесе қашып кетесің. Бір рет қашып кеттің ғой. Ал оның аяғы барып кісі өліміне әкеліп соқты. Қылмыс құрыса, кісен де құриды, – вице-губернатор «білдің бе?» дегендей таңдайын тақ еткізді.

– Е, дәу мырза, қылмыс құру үшін әділеттік орнату керек те. Кесір-кесепат, қиянат болмаса, кісі өлтіруге кімнің қолы қышып тұр дейсің. Ал енді менің бір арызым бар саған, дәу мырза. Әне күні сотыңа да айтқам. Мені қатты айналдырып тыр жалаңаш өлшеп-пішіп жатқандарыңа қарағанда, сірә, мені көп кешіктірмей айдайтын шығарсыңдар итжеккенге. Болсын. Ал енді қатынымды, екі баламды ала кетемін. Соған рұқсат бер. Осыған кеңшілік жаса. Менің орнымда сен болсаң қайтер едің? Қатын-балаң бар шығар? Соны ойла.

Вице-губернатор шынында ойланып қалды. Отбасымен жер аударылғандар аз емес. Соның біріне жатқыза салуға болар еді...

Бірақ оның әлек-шәлек, қағаз қатынасы көп шаруа. Басты қатырып жатудың керегі де шамалы. Вице-губернатор шешімін тапты. Рысқұлдың өтінішін де қабылдайды, Бірақ отбасы онымен бірге ілеспейтін де болады. Солай.

* * *

Комиссия тарап, Рысқұлды түрмеге қайта жөнелткеннен кейін вице-губернатор Верный оязына мына қатынасты жаза бастады.

«Верный уезінің бастығына,

Жедел орындау үшін.

Облыстық басқарманың Ерекше отырысында каторгаға айдалатын киргиз Жылқайдаров Рысқұл өзімен бірге отбасын ала кететінін мәлімдеді.

Осыны хабарлай отырып, Облыстық Басқарма Сізден мынаны талап етеді: Жылқайдаров Рысқұлдың әйелінен қолхат алыңыз. Күйеуімен еріп айдауға кетуге риза ма? Егер ризашылығын білдірген күнде түсіндірілсін: Бас түрме Басқармасының 1890 жылғы 18-сәуірде шығарылған № 10 циркуляр! бойынша, қазына ол әйелді және балаларын қаражатпен тек айдалу пунктіне жеткенше ғана қамтамасыз ете алады. Ал күйеуі айдалу пунктіне жеткізілген соң, әйелімен балалары өз күнін өздері көруге мәжбүр болады. Қазына қараспайды.

Осы жағдайға көнетін болса, ол әйелдің және балаларының жасы, денсаулығы жөнінде толық мәлімет және қолхат алып, тез бізге жеткізіңіз.

Вице-губернатор Осташкин».

Жас адъютант бұл қатынас хатты Верный уезінің бастығы Сорокин мырзаға өз қолымен апарып тапсырып, хатты қабылдап алғаны жөнінде, уезд кеңсесінің куәлендірген қағазын қалтасына салып кері оралды. Енді Ізбайшаның әлегі басталды. Ізбайшаны іздеуге ояздың өзі бас болып кіріскен.

* * *

Саймасай өлді екен деп сайдан су, шатқалдан самал тоқтап қалған жоқ. Тірі пенде тіршілігін көріп, баяғыша байы бай, құлы құл болып жүріп жатқан күндер еді. Мүсәпір халге ұшыраған жалғыз Қалдыбек қана. Болыстың жарым ақыл ұлын бұрын бәрі реті келген жерде шолжаңдатып, неше түрлі қылығына көнуші еді, енді сорлының күні күн емес. Саймасайдың жан бауыры Анарбайдан бастап, қылаяғы қойшы-қолаңға дейін: «Ей, жынды, о, нақұрыс, о есуас!» – деп отырса опақ, тұрса сопақ, сүтке тиген күшіктей сүмелек етіп жіберген. Бірақ ауыш байғұстың бақыты сол: соның бәрін елемейді, намыс білмейді, күнінің ауыр екенін ойлап жатпайды. Арсыз, қамсыз қалпында жүре береді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий