Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап

Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Второй книгой романа Шерхана Муртазы романа «Красная стрела» о Тураре Рыскулове является книга с лозунгом «Будь тюркоязычным, будь целым!»

Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Губернатордың бір қызығы ат болушы еді. Жақсы ат ұстап, саяхатқа шығуды ұнататын. Ерегіске бола ерен жүйрікті бауыздатып жіберген управительдің қылығына оның да ызасы келді. Ал болыстың адамға жасаған қиянаты көп деген уәж оның құлағына кірген жоқ.

– Тағылық дегенді тауып айттыңыз. Управительдердін арызын ғана еске алыңызшы. Енді олар не дейді? Олар өлім жазасын талап етіп еді, ал сіз небары он жыл бердіңіз. Мұны қалай түсіндіреміз оларға?

Қасқабас судьяның көзі императордың суретіне түсті. Оның үкімін император да құптамай тұрғандай суық қарайды.

– Он жыл каторга жабайы киргиз үшін оңай жаза емес, Жоғары мәртебелім. Енді ол қайтып Жетісуға оралмайды, бұған сеніңіз.

– Қателесесіз, Алексей Иванович. Ой-ой, қалай қателесесіз, көгершінім. Сіз айтып отырған «жабайы киргиздардың» әйелдерінің өзі ат үстінде толғатып, түйе үстінде туа береді. Бұлар итжанды, өте шыдамды. Он жыл Сібір Рысқұлдың жұмырына жұқ та болмайды. Тек сізге деген өзімнің ыстық ықыласым ғана сіздің шешіміңізді бұзып, істі қайта бастаудан мені бас тартқызады. Басқа біреу болса, илікпес едім. Сіздің шешіміңізді бұзып, беделіңізге нұқсан келтіргім жоқ. Тәңірі жарылқасын.

Губернатор өзінің орынбасары Осташкинді шақыртып, тәртіп берді.

– Он жыл каторгаға кесілген Рысқұлдың түс белгілерін хаттап, өзін суретке түсіріп, жолға дайындау жөнінде полицмейстерге нұсқау беріңіз. Ұзаққа созбаңыз. Не де болса, біздің қарамағымыздан қарасы үзілсін. Сол дұрыс болар.

Вице-губернатор өз кабинетіне келісімен, басқа шаруаны былай қойып, гербілі қағаз алып жаза бастады.

«Верный полицмейстеріне.

Верный округтік сотының үкімімен Шығыс-Талғар облысының киргизі Жылқайдаров Рысқұл Жазалау Ережесінің 1453 статьясындағы 3 пункт бойынша қылмысты деп танылып, он жыл каторгаға сотталды.

Осыны хабарлай отырып, Облыстық Басқарма Сізден Жылқайдаров Рысқұлды жер аударылушы арестанттар тобына жатқызып, оның түр-түсі жөнінде мәліметтер алуыңызды сұрайды. Сонымен бірге, айдалу тізіміне тігу үшін Жылқайдаровтың екі түрде түсірілген үш фотосуретін жеткізіп беруіңіз керек.

Вице-губернатор Осташкин».

деп қол қойып, гербілі мөр басып, көмекшісі арқылы полицмейстер жедел жөнелтті.

XIII

Верный полицмейстрі Верный облыстық түрмесінің бастығы Приходькоға жедел нұсқау жолдап, Рысқұлды тез комиссияға жеткізуді талап етті. Сонымен тұтқын анықтау комиссиясының алдында тұр еді. Анықтама жасау актісіне вице-губернатор Осташкин бас болып, округтік прокурор, Жетісу облыстық бас дәрігері, оған көмекші екі дәрігер, Верныйдың учаскелік дәрігері, Ұзынағаш станциясының учаскелік және облыстық басқарманың кеңесшісі қатысты.

«Бұлар мені тағы тексере ме, қайта соттай ма? Мұнша адам жиналғаны несі, атасына нәлет», – деп Рысқұл секем алып қалды. Вице-губернатордың ишарасы бойынша айдауылдар Рысқұлды шешіндіре бастады. Ішкі жейдесіне дейін шешті. Енді дамбалын шеше бастағанда Рысқұл әлгілерді итеріп-итеріп тастады.

– Атасына нәлет, тірідей қорлағандарың аз ба еді!

Вице-губернатор округтік соттың тілмашы Шоқұлын шақыртты. Әнеу күні сотта өзін қорғап сөз сөйлеген қияқ мұртты қазақ жігітін көріп, Рысқұл өз баласын көргендей қуанып кетті.

Вице-губернатор Боташ Шоқұлына істің мән-жайын түсіндірді. Шоқұлы Рысқұлдың қолын алып амандасты:

– Отағасы, тәртіп солай, тыр жалаңаш шешініңіз. Бұлар ерекше белгілеріңіз болса, соны жазып алады. Ссылкаға айдалатындарды сөйтіп тексереді. Оған шамданбай-ақ қойыңыз, – деп арқасынан қақты.

– Дені дұрыс па, атасына нәлет. Менде қандай ерекше белгі болмақ? Елдің еркегінікі қандай болса, менікі де сондай. Әбиүрді білмейтін неғылған имансыз еді, түге.

– Ештеңе етпейді, отағасы. Онда тұрған ештеңе жоқ. Ұсақ-түйекке бола ерегісе бермеңіз. Ісіңізді қиындатып жібереді.

– Мейлі, атасына нәлет. Бірақ ана әйнек көз дәу қатынды шығарып жіберсін.

Тілмаш орысшалағанда отырғандар күліп жіберді. Бәрі әлгі әйел дәрігерді әжуалап, тиісе бастады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий