Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Ақсақал, ел ішін аштық жайлап тұр. Былтырғы ылаңда көтеріліске қатысты деген желеумен жұрттың малын сыпырып алғандардың ішінде орыстың ұлықтарымен бірге сіздің ұлыңыз Атамырза да, сіз өзіңіз де болдыңыз. Атамырза ажалға өзі килікті. Оның қанына қолым былғанған жоқ. Қазақ пен қырғыздың егін салып отырған тоқымдай құнарлы жері болса, переселендерге тартып әперіп, бай-кулактардан пара алғандардың ішінде сіз де барсыз. Ол даусыз. Ал, енді халық ашықты. Сол халықтан алған малдың ең болмаса бір мысқалын қайтарсаңыз, сізге қылаудай да зиян келмейді. Бұл жалғыз менің тапқан емес, кеңестің қабылдаған қаулысы. Біз тек сол совдептің ұйғарымын орындаушы ғана. Біздің есебімізше, Әулие-Атадағы дүкендеріңіздің қамбасында басқа мүлікті былай қойғанда, тек бидайдың өзі үш мың пұт. Ұн да сондай. Міне, осы астықтың ең кемі үштен бірі міне, мына қазанға түсуі керек! – Тұрар жиегі арпа аталасынан жағалданып қалған дәу қара қазанды нұқып тұрып көрсетті. – Солай, Айбар ақсақал! Маған бір уысы да керегі жоқ, міне, мына жатқан аштарға керек. Өмір бойы осылардың қанын сорып, тойған қандаладай болып тұруыңыз мынау. Енді кезекті дүние. Қолынан қайыр бермейтін сіздей қортиғандардан астықты зорлап аламыз.

– Әй, әкеңдей кісімен қалай-қалай сөйлесесің, найсап!

Айбардың шот желкесі шодырайып, тұла бойы шытыр жеген өгіздей бірте-бірте ісініп бара жатты. Көзінің алды ырбыңдап тартыла берді. Түкірігі сақалына шашырап, сөзі баж-бұжға ұласа бастады:

– Өспейтін бала, өнбейтін дауды қуады, қайдағы-жайдағыны даулап даурықпа! Атымтай жомарт бола қалғың келеді, ә! Менің жадымнан жұртқа шүлен таратып, жақсы атанбақсың ғой? Осындағы қусирақтар «Тұрар, Тұрар!» дегенге тым далия берме. Мен тегін жаратылған жан емеспін. Айбар деген атымды арғысы – Қоқан, Самарқан, берісі – күллі Әулие-Ата атырабы біледі, ардақтайды. Халықтың қадірлісімен ойнамас болар. Ойнақтаған бота от басар.

– Астыңа батса алтын ер, атып ұр да – отқа жақ деген сол халық. Сіз халықтың арқасына батып тұрсыз. Қадірлісі, ардақтысы сіздей болған елдің соры қалың. Сөз бітті. Шаруа көп. Сау тұрыңыз.

Айбар тобын енді көзіне де ілмей, Тұрар Мирза-ауфқа бұрылды:

– Әзірше барымен амалдай тұрыңыз. Астық жеткізіледі. Табамыз астықты. Мен кешікпей ораламын.

Осыны айтып бері бұрыла бергенде Айбардың қасындағы ұрма топ Тұрарға тап берді.

– Ұста бәлемді! – деп қырылдады Айбар іркілдеп. – Осыдан-ақ көрдім ғой көресіні. Өлсе – құны менің мойнымда, қорықпаңдар, ұрыңдар бүлдіргіні!

Мұндай тұтқиыл шабуыл күтпеген Тұрар қалтасына қолын салып үлгірмей, қапы қалды. Алпамсадай түксигендер оның қос қолын арқасына қайырып, басқалары басына қамшы төндіре бастады. Мирза-ауф ара түспек болып:

– Оу, оу, мырзалар бұларың жарамас. Бейқадір болмаңдар, – деп бір-екеуін жеңдерінен тартып көріп еді, ожар қолдар оның өзін ұшырып түсірді. Сол шақта ойда-жоқта әлгібір кірпігі ғана қимылдап отырған әлсіз бала шырылдап жылап жіберді. Ісіп-кеуіп отырған шешесі, мұншама қайрат қайдан пайда болғаны белгісіз, кенет атылып барып, Айбардың алқымынан ала түсті. Өзіне адам емес, көрден тұрған әруақ жармасқандай болған Айбар «аллалап» барып көзі аларып шалқалай берді. Тұрардың қолын қайырғандардың бірі Айбарды албасты пішінді әйелден құтқармақ болып ұмтыла бергенде, Тұрар қалтасындағы револьверді алып та үлгірді...

Аспанға атылған мылтық дауысына жан-жақтан лезде жұрт жиналып қалды. Базардағы жан біткен бірден бірге хабарланып Мирза-ауфтың ауласына қарай ағылды. Халықтың дүрліккенінен сескеніп, полиция да азандатып, аттарын ойқастатып тез жетті.

– Тараңдар! Тараңдар! – деп атты жасақ алдында кім кездессе, соны дойыр қамшымен осып өтіп, жұртты сетінете бастады.

– Тұрарды ұстамақшы! – деп шырылдады түтілген топ.

– Ойбай, бермейміз! Қолында өлеміз! – деп өршелене қайта ұмтылды қалың жұрт.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий