Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Қателесесіз Сәке. Мүмкін, бұл бала кейін халыққа сіз бен бізден гөрі қажеттірек азамат болып өсер. Өлтіріп алсақ, обалы екеумізді екі дүниеде де жібермейді.

Арт жақтан ат жеккен арбаның дыбысын есітіп, Тұрар тұра қалды да, қол көтерді. Делбе ұстап отырған қызыл бет, қаба сақал тоқ кісі Тұрардың айтқанына көнбей, аттарға қамшы баса бергенде, Тұрар божыны тартып қалып, жан қалтасынан револьверді суырып алды. Көзі шарасынан шыға, тілі күрмеліп қалған қаба сақал арбадан секіріп түсіп, көлікке әйел мен баланы өзі көтеріп отырғызды.

Арбаға Тұрар да мініп, қаба сақалға:

– Атшабарға тарт! Тез! – деп бұйырды.

– Кешіре гөр, сен кімсің? –деді арбакеш әлден уақыттан кейін тілге келіп.

– Әулие-Ата совдепінің мүшесі Тұрар Рысқұлов.

Үңірек көз бала Тұрардың бетіне тағы да ұзақ қарады. Не жылай білмейтін, не күле білмейтін, сіреспе рең – жүз жасаған, дүниеден түңіліп болған қақбастың ірепетіндей мүлде енжар, мүлде самарқау. Бірақ тереңде жатқан көздері ғана шыңырау түбіндегі суға түскен сәуледей жылтырап, Рысқұловтың өңменінен өтіп барады. «Мен мұның жасында түрмеде едім-ау» деген ой Тұрардың басына сап ете қалды.

* * *

«Большевиктер аш-жалаңаштар үшін Атшабарда баспана ашыпты» деген хабар жер-жерге, ел-елге лезде тарап кеткен. Осы хабарды естіген кембағалдар Әулие-Ата уезінің түкпір-түкпірінен Атшабарға ағыла бастаған. Атшабар деген есім нәубет жалмауыздың басын шабатын, ертектегі батырдай естіледі. Әулие-Атаның қақ ортасында, биік жардың басында тұрған осы ежелгі базар қазір ауқатсыз әлсіздердің киелі Меккесіндей болып тұр.

Большевиктер фракциясы бұл пунктті ашуын ашқанмен уақытша үкімет қолдамай, аштарды асырау үшін қор жиналмай, пункт бастығы Мирза-ауфтың шыр-пыры шыққан кез еді. Мирза-ауф осы Атшабардың қой базарында шағын шайхана ұстайтын. Дәу қара қазанда бұрын жұпар исі бас айналдырып, көз тұндырып, базаршыларды еркінен айырып, сиқырымен тартып палау пісіріліп жататын. Кішігірім кісі бойлы, жуан сары самаурындар сексеуіл шоғынан ысылдап, иінінен дем алып Тұрар еді.

Енді дәу қара қазанда қатықсыз қара суға арпа мен сұлы ұнынан атала қайнайды. Ертеден кешке дейін үзбей қайнайды. Әуелі Мирза-ауф аштарға аталаны шөміш толтыра құюшы еді, жеткізе алмайтын болған соң, шөмішті қысып ұстап, жартылай құятын болды. Сонда да жеткізе алмайды. Кенеуі кепкен, араны ашылған адамдар арпаның аталасына тегі тоймайды. Оның үстіне сағат сайын ісіп-кепкен адамдар сүйретіліп келіп жатыр, келіп жатыр...

Міне, қызыл бет, қаба сақал әлдебіреу тағы да екеуін әкеліп, арбадан түсірді. Мирза-ауф қызыл бет, қаба сақалға дүрсе қоя берді.

– Әй, өзің сеп-семіз болып, жақындарыңды ашықтырып, мұнда әкелгенің не? Апырай алмадың ба? Не деген ұяттан безген, құдайдан қорықпаған, адамнан ұялмаған, бетіңнің көні бес елі!

– Ө-ө-ей! – деп қаба сақалда да жан бар, өкіре ұмтылған. – Рысқұловты білмейтін неткен найсапсың?! Соның парманы!

«Рысқұлов» дегенде Мирза-ауф райынан лезде қайтып, сабасына түсті. Сол арада Тұрар да келіп жеткен.

– Иә, ортақ Мирза-ауф, қалай, қиын болып жатыр ма?

– Жүдә қиын, ортақ Рысқұлов, жүдә хиямет! Мені бұл тозақтан құтқарыңыз, ортақ Рысқұлов! Азық-түлік басқармасы бес қап арпа ұн, бір түйенің етін берген еді. Таусылды. Енді мені пісіріп жемесе, тегі түк жоқ...

– Жұмаққа бару үшін әуелі тозақтан өт, Мирза-ауф. Бұл рахым ісіне өзіңнен басқа лайық ешкім жоқ. Ал кәне мына әйелді баласымен қабылдап ал да, өзегін жалға. Әсіресе балаға ыхтият бол. Сақта баланы! Кім білген, бір заманда осы бала жақсылығыңды еселеп қайтарар.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий