Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Әй, өзің курортта жатқандай әбден-ақ семіріпсің, бір-екі күнге аштан өле қоймайсың. Ертең таңертең комиссияға саламыз да, кешке қарай отправка жасаймыз. Бол, жинал, күтіп тұратын уақытым жоқ,- деді мұртты адам даусын көтеріп.

− Мынау дүниелерім…

− Сен өзің, немене, әскери тәртіпті ұмытқансың ба? Қай солдат үй-мүлкін арқалап жүруші еді?! — деп ақырып қалды мұртты адам.- Киін тез! Мен осылай қарап тұрам, көзімше киін! Анау дорбадағы темекі ме? Бері маған бер! Менде болады. Темекі шеккің келсе, шетінен беріп тұрам.

Аздан кейін мойнына су кеткендей боп сүмірейген Ырысбек ішкі бөлменің есігін ашып тастап:

− Қанатай, мына музыка аспаптарымды саған қалдырайын, аман-сау қайтсам өз қолыңнан алам ғой,- деген.

Менің екі бетім дуылдап, өне бойым дірілдеп кетті, ызадан, намыстан болу керек.

− Керегі жоқ,- дедім тістене тұрып.

− Нәзира әпкеңе айтсаң…

− Керегі жоқ дедім ғой. Біздің үйден аулақ! Нәзира әпкем ауылда жоқ, оқуға кеткен,-дедім ызақорлана дауыстап.

− А. Солай ма?! Онда кімге қалдырсам екен? — деді абдыраған Ырысбек балалардың әрқайсысына кезек қарап, бірақ ешқайсысының рай білдіре қоймағанын көрген соң, беті қайтып, лажсыз үнмен: — Кімге қалдырдым енді, а? — деп мұртты адамға жалтақтаған.

− Қатыннан қатынды қолғап ауыстырғандай алып жүр деп еді ғой, солардың біреуіне қалдырмайсың ба?!

Ырысбек кімге қалдыратыны енді ғана есіне түскендей Бәтенге:

− Айналайын, Дүрияға жүгіріп барып келші,- деді жалынып.

Бәтен жүгіріп кетті. Ол келгенше, Ырысбек музыка аспаптарын, сурет салатын қағаздары мен қарындаш-бояуларын жинастырып орап, буып-түюге кірісті. Сәлден кейін ентіге жүгіріп Бәтен қайтып оралды:

− Керегі жоқ, маған ештеңесін қалдырмасын дейді.

Ырысбек бетінен ұрып қалғандай басын ішіне бұғып, құнысып тұрып қалды.

− Солай деді, ә…- деп басын шайқады. Одан соң мұртты адамға қарап: — Кешіріңіз, енді бір адамды шақыруыма рұқсат етіңіз,- деді. Мұртты адам басын изеді.

− Біреуің Зибашқа барып шақырып келіңдерші,- деген бәрімізге жалына қарап.

− Зибаш үйінде жоқ, станцияға астық тарта кеткен,- деді бір бала.

− Ә. Қап! Әжібек те жоқ. Қайрат, сен бір тіл алғыш бала едің, барып анау Эмманы ертіп келші.

Бұл Ырысбектің ең соңғы үміті еді. Өзі әлгінде ораған заттарын тағы бір байқастап түгендеп шықты да, орындыққа тізе бүкті. Көзі бажырайып үйдің қабырғаларына, төбесіне қарайды, іштей үйімен қоштасып отырған тәрізді, орамалын алып жасаураған көзін сүртті. Қайрат та Эмманың үйіне құстай ұшып барып келді.

− Маған ештеңесін қалдырмасын, керегі жоқ, әйтпесе анау қазақ әйелдері жұлып жейді деді,- деп хабарлады.

− Жарайды,- деп көзі жасқа толған Ырысбек орнынан тұрды. Үйінің ішіне тағы бір қарап үнсіз қоштасты да, сыртқа шығып есігіне құлып салды.- Мә, мына кілтті Әжібекке тапсыр. Ырысбек ағаң аманат етіп қалдырды де,- деп кілтін Бәтенге берді.

Шана есік алдынан шыға берген кезде: «Әй-оу!» — деген әйел даусы естілген. Үйлердің арасынан қалың қарда жығыла-сүрініп Дүрия келе жатыр екен. Қолында түйіншегі бар. Мұртты адам шананы токтатты да, Ырысбекке қарап:

− Әне, бір-екі күндік азығыңды әкеле жатыр,- деді. Дүрия жақындай бере:

− Аспаптарыңды алып қалмағаныма ренжіме. Ендігі жерде менің оларға ие боп қалуымның еш реті жоқ. Оның үстіне әлгі керең қолына түссе, өртеп жібереді,- деді кешірім сұрағандай.- Құдай қосқан қосағым едің, қоштасқалы, арыздасып қалғалы келдім. Жолың болсың, азаматым. Аман-сау қайт… Менің саған деген еш өкпем жоқ, ал менің қателігімді кеше алсаң, кешір,- еңкейіп кеп Ырысбектің мойнынан құшақтап, ұзақ қысып тұрып сүйді. Екі иығы селкілдеп жылап тұрды. Құшақтары жазылғанда көрдік, Ырысбектің көзінен де тарам-тарам жас сорғалап отыр екен.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий