Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сөйтті де өзі қолындағы ораулы қағаздың бір жағын Әжібекке ұстатып шамның жарығына тосқан; әнеугүнгі өзім берген суреттен айна-қатесі жоқ көкем мен апамның үлкейтілген суретін көргенде, басы әжем болып, бәріміз есіміз шығып аңырып қараппыз да қалыппыз, кәдімгі көкем мен апам тіріліп үйге кіріп келгендей. Әжем өз көзіне өзі сенбегендей жақындаңқырап кеп үңіле қарады да:

− Қарғаларым, қос қарашығым… тіріліп келгендей боп қатар тұра қалғандарын… О, менің айым мен күнім…- деп, айналып-толғанып, есі шығып кетті.

− Әже, қай жерге ілейін? — деп сұрады Ырысбек.

− Төрге іл,- деді әжем.

Абыр-дабырға Нәзира әпкем де оянып кеткен. Әуеліде түкке түсінбей басын көтеріп ап одырая қарап жатты да, Ырысбек ойқастап барып төрге суретті ілген кезде ғана, істің мәніне түсінгендей орнынан тұрды. Әжемде ес қалмады.

− Ағаларыңа төрге көрпе салыңдар… Әй, Болатжан, от жаға қойшы, құлыным…- деп, бәйек боп шәугімге су құйып, шай қойып, Ырысбек пен Әжібекке елжірей қарап:

− Төрге шығыңдар. Отырыңдар. Айналып қана кетейін, сендерден. Өлгенді тірілтті деген осы, мың жасағырлар. Өркендерің ессін, қос қарағым… Әй, Қанат, ауыз үйдегі сүтті әкелші.

Бұл енді әжемнің ағынан жарылғанының белгісі. Әне-міне суалуға таяған қоңыр сиырымыздан күніне екі кеседей ғана сүт шығады. Соның бір кесесін шайға да, бір кесесін күніне бір рет жасайтын атала көжеге қататын, қазіргі маған алғызғаны ертеңгі көжеге қатуға алып қойған сүт еді. Сол сүтке әлгінде ғана ақ тер — көк тер боп ертеңгі азыққа деп мен тартқан талқанды түгел бір табақ қып шылап, Ырысбек пен Әжібектің алдына қойды.

− Алыңдар, айналайындар,- деп бәйек боп жүр.- Әй, Нәзира, ағаңа шай құй.

Нәзира әпкем де төрдегі суретке қарап қойып, риза көңілмен шай құйып беруге кірісті. Біз, балалар да, әке-шешеміздің суретіне қайта-қайта жалтақтай қарап, онан шыланған талқанды көсей асаған Ырысбек пен Әжібекке көз саламыз, аузымызға үйірілген сілекейді тамсана жұтынып қойып, ернімізді жалаймыз. Үйеме табақ талқан лезде сап болды. Маңдайлары тершіген Ырысбек пен Әжібек бір-біріне қарап жымыңдасып қояды. Әжібек кекірініп те алды, тойғанының белгісі. Ыстық суды сораптата ұрттап бірер шыны аяқ ішіп тоқтарын басқаннан кейін, Ырысбек Әжібекке ымдап қол созған. Әжібек ұшып тұрып, келгендерінде қабырғаға сүйеп қойған домбыраны орауынан ашып ұстата берді. Ырысбек домбыраны қолына алып, құлақ күйіне келтіре бебеулетіп қағып-қағып жіберді де, онан соң әжеме:

− Әже, сізге бір ән салып берейін,- деді, көзінің қиығымен Нәзира әпкеме де қарап қояды.

− Сала ғой, қарағым,- деді әжем елжіреп.

Сол-ақ екен, Ырысбек домбырасын безілдетіп-безілдетіп алып, төбе құйқаңды шымырлатар ғажап әуендердің бірінен кейін бірінің басын тез-тез қайыра отырып бір кез:

«А-хо-ау-у-у, хайли-лау, ли-ли-лау, ли-ләй-лау…» — деп әдемі, зор қоңыр даусымен бастап кеп жіберген кезде, күп-күңгірт боп көлеңкелеріміз ербиіп, үрейді ұшырып отыратын жадау-жүдеу үйдің іші самаладай боп жарқырап сала берді.

Қыз емес қыздың аты қызыл асық,

Жігіттер қыз балаға болған ғашық.

Сырттағы дүниені сықырлатып уысына қысқан ызғарлы қыс та, көзің түскен жерде мен мұндалап екі иығыңнан зілдей боп басып тұратын жадау-жүдеу тұрмыс та, әркімнен бұғып, жасқанып, именшек отыратын күйкі тірлік те — бәр-бәрі де ысырылып кейін қап, дүние түгел әсем әнге, сән-салтанатқа толып, жартыкеш көңілдің кем-кетігі тегіс жазылған, жайраңдаған жаз өмір орнады. Шіркін, өмір деген қандай сұлу, қандай жарқын! Өмір сүру, тірі жүру қандай бақыт! Адамдардың бір-біріне деген кіршіксіз таза көңілі, бір-біріне көрсететін сый-құрметі, сүйіспеншілігі қандай ғажап!

«А-хо-оу-у хай-ли-лау

ли-ли-лау ләй-ләй-лау…»

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий