Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бір кезде оқыстан шыққан айқай-шу, аттандаған дауыстар бәрімізді де елең еткізді. Тобылғы шапқанымызды доғарып жалт-жалт қарадық. Төменде жатқан ауылдың көшесінде әбігерге түскен кемпір-шал, бала-шаға біздерге қолдарын бұлғап, бірдеңе деп айқайлап, шуылдасып тұр. Екі-үш ересек адам бері тауға қарай емпелеңдесіп келеді. «Ай-оу-у, ат-тан!»» Ат-та-ан!.. Ой-ба-айй!.. Ой-байй!..» — деседі, басқа сөздері естілмейді.

− Әй, мыналар неге шулап тұр? — деді Әжібек.

− Біздің жоғары жағымыздан бірдеңені нұсқайтын сияқты,- деді Санат. Бәріміз енді жоғары жаққа қарағанбыз, қожыр-қожыр боп төбемізден төнген жартастардан өзге ештеңе көрінбейді.

− Ай-о-оу-у!.. О не-е? Не деп тұрсыңдар? — деп Әжібек ауылдағыларға қарай айқайлаған. Осы сәтте ғана құлағымызға ауылдағылардың:

«…Ысқыр!.. Ысқыр!» — деген сөздері естілгендей болды.

− Қасқыр дейді,- деді Санат.

− Ойбай, қасқыр деп тұр ғой,- деді балалардың бірі үрейлене. Бәріміз де үрейленіп қалдық. Қайтадан ор жаққа, төңірегімізге қарағанбыз.

− Әне!..- деді бір бала.- Қос көк тастың астында.

Енді біз де көрдік, алып алма ағаштың желке тұсында, біздің теріскей жағымызда аумағы екі үйдің орнындай жалпақ екі көк тас болатын, солардың астыңғы жағында төрт-бес көк ит бұта-бұтаның арасында бірі шоқиып, бірі тұмсығын көтере ауаны иіскелеп, енді бірі біз жаққа сазара қарап тұр екен.

− Ойбай-ай, апа-а! — деп шарылдай жөнелді балалардың бірі. Оған екінші, үшінші ойбай қосылды. Тау үстінде шулап кеттік.

− Не істейміз? — деген Әжібек.

− Тек қашпайық, бәріміз топтасып бірге тұрайық,- деді Санат.

− Дұрыс. Кәне, кетпендеріңді алып менің қасыма жиналыңдар. Кетпеннің шүйдесімен тасты соғып, бәріміз бірдей аттандайық!

− Ат-тан!.. Ат-тан!..

Шақ-шұқ тасты соғып, біріміз шыңғырып аттан сап, ойбайлап бердік. Кенет қасқырлардың шоқайып отырғаны темен қарай ырши секірген. Анық көрдік, үлкендігі тайыншадай, нағыз көкжал екен. Секірген күйі біздің көзімізден таса тұрған алып алма ағаштың тұсына батып көрінбей кетті. Төменгі ауыл жақтағылар бұрынғыдан да қатты шуылдасып кетті.

− Бәрің түгелсің бе? — деді үрейленген Әжібек.

− Түгелміз.

Көкжалдың соңын ала басқа қасқырлар да бізге көрінбей кеткен. Күз жақты жаңғырықтырып иттің жанұшыра үргені, одан қатты бір қаңқ еткені естілді. Ауыл жақтағылар әлі шулап тұр. Сәлден кейін алып алма ағаштың арғы жағындағы қарлы беткейді қиялап әлгіндегі қасқырлар ұмар-жұмар орталарындағы қараңдаған бірдеңені кезек-кезек созғылап сүйрелеп бара жатты.

− Қарақаншықты әкетті!..

Жанұшыра қаңсылап бара жатқан сол Қарақаншық екен. Әрқайсысына бұл да ауыз салмақ болып азу тістерін сақылдатып айбат жасайды, бұлқына арпалысады, көмек сұрап жанұшыра қаңсылайды, бірақ әлуетті күші басым қасқырлар оны жан-жағынан қақпақылдай қағып, көкпарға салғандай бірінен-бірі жұлқа тартып кергілеп барады. Әрқайсысы бар екпінімен ағып кеп, қанға боялған арандай ауыздарын салып өткенде, Қарақаншықтың бір мүшесін жұлып әкеткендей болды. Аппақ қардың үстінде судай шашылып бара жатқан Қарақаншықтың қаны, шарылдай қаңсылағаны керемет аянышты еді, тау-тасқа жаңғырығып аза бойды қаза тұрғызды. Бүкіл ауылға, шуылдаған халыққа құтқарыңдар дегендей шырқырайды. Ал қасқырлар болса өршелене, құтырына түсіп жұлқып-жұлқып әкетеді. Біртіндеп Қарақаншықтың қаңсылы басылайын деді, сәлден кейін мүлдем үні өшіп, қасқырлардың аузында жұлмаланған жансыз затқа айнала бастады. Тағы бір жұлқыласқан кезде, кеуде жағы әлгіндегі тайыншадай көкжалдың аузында қалды да, бөксе жағын басқа қасқырлар бөлісіп әкетті, осылайша Қарақаншықты бүкіл ауылдың алдында пәре-пәресін шығарып олжалаған қасқырлар жұлқыс-тартыспен қыратты асып көрінбей кетті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий