Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Ал, көксоққан әскерлер, бас қолбасшы біздерге ұрсып тұр,- деп бастады сөзін.- Соңғы кезде сендердің не оқыған оқуларың жоқ, не бітірген істерің жоқ, тағы да беттеріңмен кетіп бара жатырсыңдар. Серкесі жоқ мал құсап барасыңдар. Оларың жарамайды. Жаңа Ырысбек те соны айтты. Шүкіршілік, бастайтын серкелерің бар. Ол — мына менмін,- осы тұста балалардың бірі шиқылдай күлген, Әжібек көзін аларта: — Кәне, о кім күліп тұрған? Көк желкеңді қиып жіберейін осы! — деген түтіге жекіп. Күлкі сап тыйылды.- Жаңа бас қолбасшы екеуміз ақылдаса кеп, сендерді қыс кезіндегі еңбекке тәрбиелейтін болдық. Анда-санда таудан отын шабуға барып тұрамыз. Бұл — бізге әскери тапсырма! — деді сөзін шегелеп, онан соң тау жаққа көз сала тұрып: — Әне, Ешкіөлместің күнгейіндегі бұйралана ұйысып жатқан қалың тобылғы мен қарағанды көрдіңдер ғой, содан отын шабамыз. Мынадай қыста салпақтап құр ойнай бергенше, бір уақ отын шауып шешелеріңді қуантсаңдаршы. «Қарағым адам боп қапты»,- деп, төбесі көкке жетеді ғой,- деген.

− Ой, біздің үйде отын көп, атам кеше бір шана ағаш отын түсірді.

− Біздің үйдің отыны да қысқа жетеді.

− Мен бармаймын.

− Мен де бармаймын,- деп, балалар жан-жақтан дабырлай бастаған.

Әжібек дөрпиген көн етігімен жерді (қатты қарды) теуіп қалды.

− Бәрің де барасыңдар! — деді ақырып.- Сендер немене, тәртіпті ұмытқансыңдар ма? Мұны мен әскери бұйрық деп тұрмын ғой. Кәне, осыдан біреуің бас тартып қиқалақтап көріңдерші, әкелеріңді де, шешелеріңді де танытып жіберейін. Әне, бас қолбасшы Ырысекеңнің өзі тұр ғой!

Біз, балалар, жым болдық. Дәл қазір Әжібек анадай тұрған Ырысбекті арқаланып, қайсымызды болса да қарсылық етсек, итше тепкілеп жіберетіні анық еді.

− Ал барыңдар, үйлеріңнен кетпендеріңді және отын буатын екі жіптен алып шығыңдар!

− Екі жіп неге керек?

− Неге керек екенін барған соң көресің. Отынды шабамыз да буып-буып таудан домалатамыз да жібереміз, ешқайсыңның жаның қиналмайды, көксоққандар! Егер осыдан біреуің бармай қалып көр, мына жұдырық соның төбесінде өтеді,- деп, күс-күс арық жұдырығын көрсетті.

Үйге кеп, барлық балалар боп таудың күнгейінен тобылғы шабатынымызды айтып, белімізге жіптерімізді буынып, қолымызға кетпендерімізді ұстап, сәлден кейін көше ортасына топырлай жиналдық. Дәу кетпенді әзер деп көтеріп үйден шығып бара жатқанымда, әжем:

− Құлыным-ау, шамаң келмейді ғой,- деген.

− Келеді. Балалардың бәрі де бара жатыр,- дедім. Шынын айтқанда, көбімізге мына қыста тауға шығып отын шабу — ең қызық ойын сияқты көрінді. Үлкендер болса балалардың аяқ асты мына қылығына қапелімде не дерлерін білмегендей, не қоштап мақтап кете алмай, не қойыңдар деп тыйып тастай алмай аң-таң. Әрине, қыс ішінде бір уыс отынның өзін үнем көріп отырғанда, баласының «отын шауып әкелем» деп өз тарапынан суырылып шыққан тірлігі кімді де қуантатыны сөзсіз, тек бірдеңеге ұрынып қалмай, қайырымен болсын дейді де…

Әжібек бастап, ауылдың жоғары жағына қарай шұбырып жүріп кеттік. Алып алма ағаштың тұсына жеткенбіз, бұтақтары сойдиып-сойдиып жалаңаштанып тұр екен. Ұшар басындағы бұтақтарында бүрісіп-бүрісіп қатып-семіп қалған қоңырқай алмалары көрінеді, төменгі бұтақтарында байланған шүберектер жалбырайды. Бізге мына қыста сол қатып-семген алмаларының өзі уылжып тұрғандай, аузымыздан сілекейіміз ағып қызыға қарағанбыз.

− Бұтақтарына шығып сілкиік, бәлкім, анау алмалары түсер,- деді балалардың бірі. Осы сөз қамшы болды ма, Әжібек жолымыздан сәл қиғаштау болса да бұрылып алып, алма ағашқа қарай тартты.

Алып алма ағашқа жақындай бергенбіз, төңірегі ойқастаған қалың із екен, шашылған құстың қауырсыны, жүн-жұрқа.

− Биыл түлкі қалың ғой, түлкінің іздері шығар? — деген Бәтен.

− Мүмкін, алма ағаштың түбіндегі үңгірге түлкі жатып жүрген шығар. Қазір ұстап алсақ қандай қызық болар еді,- деген Қайрат.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий