Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Торы жорғаға борбайлата қамшыны басқан Байдалы шал енді бізді тастай бере Әжібектің үйіне қарай шапты. Енді байқадық, бұ кезде Әжібек те құстай ұшып Ырысбектің үйіне жетіп қапты. Байдалы шал қалың қарға аты омбылап жете алмай қалды. Жер сабалап, көшені басына көтере боқтануда. Атынан түсіп, Әжібектің есігінің алдынан әлгіндегі қара май толы шелекті көтеріп алды. Сірә, Әжібек қашып бара жатып сыртқа, есігінің алдына шығарып тастап кетсе керек.

− Ә, шақша бас ит, осыдан қолыма бір түсерсің. Сен итті көзіңе көк шыбынды үймелетіп тұрып айдатпасам ба, әлі!..

Соның арасында айқай-шуға жиналып қалған жұртқа:

− Көктемде егіс кезінде құрал-сайман майлауға деп Мытыстан3 барып, бір тоқты беріп әзер деп сұрап әкелгенімді қайтейін. Әнеу бір күні аяқ асты ұшты-күйлі жоғалып кеткені. Апырмай, бұ қара май сонша кімге қажет болды екен деп таң қалып ем. Сөйтсем, мына шақша бастан келген екен ғой. Бұ неткен қаскүнем-ей, а?! Колхоздың қара майын ұрлап… Сотқа тартылғалы жүр ғой, ол ит…

Бір кезде көзі бізге түсіп кеткен: — Әжібекке ерсеңдер көгерерсіңдер, о, жетесіз немелер, үшеуіңді де сойып салайын ба осы! — деп тап бергенде, үшеуміз үш жаққа безіп кеттік…

Баланың қорқынышы ұзаққа созылған ба?! Артынша-ақ қызу ойынға кірістік те, Әжібекті де, оның қара майын да, Байдалы шалды да мүлде естен шығарып, қыстың май тоңғысыз жайма-шуақ күні батқанша, жентектелген қардан аққала тұрғызып, одан екі жаққа бөлініп қармен атысып ойнап, әбден қызыққа баттық. Сөйтіп, үсті-басымыздың малмандай су болғанын да, шарықтарымыздан шылқып су өткенін де аңғармаппыз. Кешкісін үйге кеп шешінген кезімде, үсті-басымды ұстап көрген әжем:

− Құлыным-ау, осынша су болғанша ойнағансың ба? — деді ренжіп. Жұмыстан шаршап қайтқан Нәзира әпкем шай ішіп отыр екен, үндеген жоқ. Мен кән пештің ұзына үстіне киімдерімді жайып, шарығымды қызуы молдау ошақтың желке тұсына кептіруге қойдым. Әлден соң үйдің ішін қолқаны қапқан қоңырсық иіс алып кетті.

− Бұ неғылған иіс? — деп, Нәзира әпкем ұшып тұрып барып ошақтың үстіңгі жағына үңілді. Дәл бір өлген мысықты ұстағандай менің әуелі бір шарығымды қонышынан шымши көтеріп шамның жарығына әкеп тыжырына тұрып қарады да, онан соң екінші шарығымды әкеп және қарады, екеуінің де сыртындағы сыланған қара май еріп, тамшылап тұр.

− Әй Қамат, мынауың не?

Мен үндегем жоқ. Үйдің бұрышындағы ескі тонға орана түсіп, жантайып жата бердім.

− Әй, мынауың не деймін? — деп ақырып жіберген Нәзира әпкем. Мен селк ете түстім.- О заман да, бұ заман киізге қара май жаққан деген не сұмдық?!

Шарықтарымды үстіме қарай лақтырып жіберді.

− Өлтірейін бе осы, а?! Сендей ақымақтың барыңнан жоғың! — деп, маған қарай тап берген.

Әжем ұмтылып кеп арамызға тұра қалды.

− Жә, жә…- деді сабырлы үнмен.

− Әже-ау, бұл ақымақты неге қорғайсың?! Соп-сомадай боп істеп жүргені мынау?!

Нәзира әпкем күйініп барып отыра кетті.

− Елдің мұндай баласы мынадай қиындықта бір жағына сүйеу боп жүр, ал бұл болса со күйі ми кеще, ақымақ… Әй, енді мынау киіз аяқ киімді қалай кептіресің?!

Мен әпкем қандай ауыр сөз айтса да, үнсіз мойындап жата бердім. Киізді майлап жүрген адам — кеще десе кеще, ақымақ десе ақымақ қой.

* * *

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий