Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков
-
Название:Дикое яблоко / Жабайы алма
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:210
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.
Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги
Басында әкесінен қалған түлкі тымақ, үстіндегі ескі қара тонының белін қайыс белбеумен қынтитып тұрып буып апты және онысын Ырысбектің жейдесінің етегі құсатып артына қарай ысырып қойған, сондықтан болар, екі жақ етегі жел кеулегендей делдиіп тұр, аяғында ақжұлықтанған ескі қонышқа қоңыр көннен бас салып тігілген дөрбиген үлкен етік, оны солидолмен шылқытып майлап апты, өзі тіпті мұнда жоқ, жан адамды менсінер емес, паңданып тұр, маған сонау биіктен, жоғарыдан көзінің астымен ғана қарайды. Бұрын бойы менен сәл ғана биіктеу көрінуші еді, биыл қыс тіпті сыриып өсіп кеткен сияқты. Мұрты біліне бастапты. Бірақ Әжібек қанша паңданса да, сидиған арық түріне мына киімдері еш жараспайды-ақ, ұсқыны адам күлерлік еді, жаздағы Шымырбай шалдың бақшасының шетіне ескі-құсқы киімдер кигізіп қадап қойған қарақшы сияқты қалқиып тұр. Әттең, бір-екі жас болса да үлкендігін білдіріп әлімжеттік жасайды, әйтпесе мына түрін мысқылдап мазақ етер ем. Өзінің және бір жаман мінезі: жұртты мазақ етіп күлгенде құдай құрлы да, ал өзіне айтылған бір ауыз әзілді көтере алмайды, көзі аларып шатынап шыға келеді. Жарылып қанталап жүретін астыңғы ернін жалап-жалап қойып, зәреңді ұшыру үшін тісін шақырлатып: «Мені мазақ ететіндей сен кімсің-ей, ә?! Мұрныңды бет қып жіберейін бе осы?!» — деп күс-күс жұдырығын Түйіп төніп келгенде, әзіл айтпақ түгілі, бетіне тура қараудан қаймығасың. Өзі сенен үлкен, қолы ұзын, тарамыстанған арық болса да, күші басым, жеңілмеске қорықпасқа шамаң жоқ. Оған қарағанда Қайрат пен Бәтеннің киімдері тәуір: бірінің үстінде жақында тоқылған жаңа шекпен де, екіншісі жүн сырған күпәйке киген, аяқтарында жаңа шарық. Бар дәмділерін апалары осылардың аузына ұстайтын екеуі екі үйдің еркесі, жүздері қызара тершіп, ұрттары томпиып тұр.
− Көксоққан, Жөкеңді ғой ұмытып жүрсің,- деді Әжібек бірден кіжіне сөйлеп. Әрине, «Жөкең» деп тұрғаны өзі, ал енді оны менің қалай ұмытып жүргенімді түсінсем бұйырмасын.
− Үйіңде артық-тұртық құрт-ірімшік болса, осыны Әжекең ауыз тисінші деп алып шығу ғой ойыңа да келмейді,- деп, біраз кінә артып, сөгіп алды. Мына өзіңдей Бәтенді қарашы, міне, апасының жеті қатқа тыққан құртынан маған ұрлап әкелді.
Енді байқадым, үшеуінің де ұрттары томпаңдап, құрт сорып тұр екен.
− Мен кеше тура жарты таба нанды бір-ақ ұрлап әкелгем,- деді осы тұста Қайрат та шыдай алмай.
− Иә. Мына Қайрат сөйтті. Маладес! — деді Әжібек оны иығынан қағып.- Ал сен ғой…
− Әй, осыны қойшы, сараңды. Бұлар өздері тұқым-тұғиянымен тегіс сараңдар емес пе. Негізіне тартпай тұрсын ба,- деп, Бәтен аузындағы түкірігін шашырата кеп, құйрығымнан бір тепті.
Әншейінде бетіме тура қараудан қорқатын мына жаманның мына құтырғаны қанымды қайнатып-ақ жіберді. Тіпті жеке өз басымды, мейлі, не десе о десін, ал енді бүкіл тұқым-тұғиянымды сараң дегені жаныма батып-ақ кетті. Ыза буып Бәтенге тұра ұмтылғам, Қайрат аяғын төсей қойған екен, соған шалынысып барып омбы қарға оңқа-шоңқа құладым. Үшеуі мәз боп күлсін. Ұшып тұрып қайта ұмтылғанымша, Бәтен сақылдай күліп Әжібектің тасасына тығылды.
− Сараңдардың тұқымы, ха-ха-ха…- деп мені онан әрмен мазақтай түсіп тілін шығарады. Әжібекті арқаланып тұрғаны.
Көзім жасаурап, мысым құрып мен тұрмын.
− Жә, қалжындастыңдар ғой, жетеді енді,- деді Әжібек менің қыстығып жыларман боп тұрған түріме қарап.
− Сен. Бәтен, оныңды қой. Қанат сараң емес. Солай ғой, Қанат, ә? Тек бұ дүниеде менің бар-жоғым ойына келмеген ғой. Жарайды, ол кемшілігін ендігі жерде түзете жатар. Солай ма, Қанат?!
Мен үндей қоймағам.