Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков
-
Название:Дикое яблоко / Жабайы алма
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:210
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.
Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги
Кездейсоқ бір жағдай құтқармаса, Ырысбектен оңайшылықпен құтылу жоқ шығар. Күзден бері өзін военкомат екі рет шақыртты. Армияға алып кететін шығар, бұл қызыл көз пәледен сөйтіп құтылатын болармыз деп бүкіл ауыл күткен, әсіресе оның қылжағынан ығыр болған қыз-келіншектер мен біздер — балалар, шынымен-ақ қуанғанбыз. Бірақ қырсық қылғанда екі ретінде де жарамай қайтып келді: «Өкпем әлі толық жазылмапты»,-дейді өзі. Бүкіл ауылды аяғынан тік тұрғызып зәре-құтымызды ұшырғанда құдай құрлы, тепсе темір үзетін осы пәленің жазылмай жүрген ол қандай ауру екенін түсіне алмай дал болды ел. Әйтеу, ауданға жүрерден екі-үш күн бұрын екі көзі шүңірейіп, жағы суалып, түрі сарғыш тартып, алты ай жаз төсек тартып ауырған адамдай боп қатты жүдеп кетеді де, ал қайтып келген соң. Зибашты, не Эмманы (ол шақыртқанда, екеуі де тоқтаусыз жетіп келеді) шақыртып ап, он шақты күндей үйінде жатып айран-сүт ішіп, сорпа ішіп қалжаланғаннан кейін, өңінің сарғыш тартқаны, көзінің шүңірейгені кетіп, қайтадан делебесі қозған бурадай құтырынып шыға келеді. Үйіндегі өзін күтіп-баққан әйелді (Зибаш болса да, Эмма болса да) қуып тастайды да, басқа қыз-келіншектерге хат жазуын қайта бастайды. Ауылдағы жылт еткен қыз-келіншектен Ырысбектің көз салмағаны қалмады. Соңынан бес күн түседі, он күн түседі, ай бойы түседі, ақыры қалайда дегеніне жетіп тынады. Бүгінде Ырысбекке көнбегені кемде-кем-ақ шығар. «Бұл ма, бұл екі дүниеде көгермейді,- дейді тоқсаннан асқан Қуатбек шал басын шайқай отырып.-«Жылқыға жау тигенде, жабы құтырар» деген осы да». Кемпір-шал атаулы Ырысбекті қарғап-сілейді, бірақ оған қыңыр ЬІрысбек жоқ, қайта құтырына түсетін сияқты. Енді, міне, Нәзира әпкемнің соңына түскеніне де біраз болды. Ақыры немен тынарын кім білсін. Әйтеу, осы кез маған оңай тиіп жүрген жоқ. Екі оттың ортасында шыбын жанды шүберекке түйгендей жайым бар.
Нәзира әпкем Ырысбектің үйіне мені жетектеп апарып, оған доңайбат жасап кеткен күннің ертеңіне көшеде Әжібек кездескен. Қасында — Қайрат пен Бәтен.
− Әй, көксоққан, бері кел! — деді бұйырып.
Бұрын біздерді екі сөзінің бірінде: «Әй, жүгірмек» деп отыратын Әжібек биыл қыс: «Әй, көксоққан» дегенді шығарған. Мейлі, тіпті жерсоққан десе де әлімжеттілігін жасап зәбірлемесе екен де.
− Ия,- деп мен қасына келдім.