Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Әжібек тымағын алып жеңімен маңдайының терін сүртті, тісінің арасынан сәнімен сыздықтата түкіріп қойды да, Санат пен Бәтенге кезек қарап алып:

− Меніңше, бар ғой, сендердің анау Бүбітайларыңның адам аяр қылығы жоқ болатын,-деді.- Сау кезінің өзінде жындының ісін істейтін еді ғой. Осыдан екі жыл бұрын, апам өлген жылы жазда, бір рет қарным қатты ашқан соң, осы Бүбітайдың үйіне кіргем. Сонда маған бір тостаған айран құйып берудің орнына, менің көзімді бақырайтып қойып тұрып, жарты шелек айранды қаз-үйректеріне апарып төкті ғой. Сонысы құдай сүйер қылық па?! Сонда мен іштей: «Әй, кесір атар мына қатынды»,- дегем. Айтқаным айдай келді, атты ғой әне, ақыры! Аш жүрген маған бермей, айранды қаз-үйрекке төкті деген не деген сұмдық! -өне бойын ыза кернегендей сөзін тістене кіжініп аяқтаған Әжібек қайтадан алға түсіп, өрге қарай қатты-қатты адымдай жүрген, біз тіпті ілесе алмай қалдық. Біраз озып кеткен ол сәлден кейін бізге қайырыла тұрып:- Сендердің анау Қарақаншықтарың да қаншықтығын жасап қасқырмен әмпей боп жүрмесе не қылсын,- деді мысқылдай күліп.-Қыста күшіктеуі тегін емес…

− Ол да мүмкін,- деді Қайрат іле қоштап.

− Мүмкін емес, дәл солай. Осы жолы бұл қасқырмен лықты. Жаңағы бізге анадайдан айбат шегуі тегін емес. Қасқыр күшіктерін қызғанғаны ғой,- деді Әжібек төндіре сөйлеп.-Обшым, осы жолғы бір күшігін мен алам.

− Шынында да, қасқырдан туған күшік нағыз арлан болатын шығар. Мен де біреуін алам,-деді Қайрат.

− Онда мен де біреуін алам.

− Мен де…

− Мен де…- деп балалар жан-жақтан шулай бастады.

− Бәріңе Қарақаншықтың күшігі жетпейді,- деді Әжібек оларды тоқтатып.- Көп болғанда бес-алты күшік шығар. Сондықтан ертең күшіктерді алуға келгенде, Қарақаншыққа беруге нанды кім көп әкелсе, күшікті сол алады.

Осылайша бәтуаға келіп, тауға қайта өрледік. Жоғары көтерілген сайын, қар мүлде жұқарып, біртіндеп қары жоқ қарайған жерге де аяғымыз жетті. Қатты жел үрлеп жалаңаштап кеткен тау күнгейі жайма-шуақ көктем лебін еске түсіріп, бусанып жатыр. Арқамыздан күннің жылуы өтіп маңдайымыздан бір жылы леп сипайды. Әр-әр жерде топ-топ боп өскен қызыл балақ тобылғы, қара күрең қараған, ұйыса жабысқан қалың бөргез, ақ сирақ үшқат қаптай бастады.

Осы тұста бастаушымыз Әжібек тағы бір бел босата тұрып, барлығымызға барлай қарап шықты да:

− Ал, көксоққандар! — деді өктем үнмен.- Енді, дабай, тобылғы шабуға кірісеміз. Жарлық былай: ең әуелі, әрқайсың үлкен-үлкен үш түптен Ырысбекке деп арнап тобылғы шабасыңдар. Соны үйден алып шыққан екі жіптеріңнің біріне буып төмен домалатамыз, бұл сендерге салынған салық. Тек сонан кейін өз үйлеріңе шабасыңдар.

Біз бірден келістік. Тау үстіндегі ен-тегін тобылғының ортасында тұрғанда, үш түп деген де сөз болып па.

− Ақ үшқат пен бөргезден шабуға бола ма? — деп сұраған балалардың бірі.

− Өз үйіңе шауып алсаң, пажалыста, ал Ырысбекке тек тобылғы ғана шабыңдар! — деді Әжібек қатал ескертіп.- Тобылғының қызуы мол болады және қолға кіретін тікені болмайды.

Сөйтіп, біріміз жоғары жағынан, біріміз төменгі жағынан, енді біреулеріміз қос бүйірінен дегендей қорым тастың жиегіндегі қалың өскен, кісі бойындай тобылғыны жан-жақтан шабуға кірістік. Бұрыннан үлкендерге ілесіп тобылғы шауып жүргендер онша қиналмай-ақ бірден кірісіп кеткен, ауыр кетпенді салмақтай көтеріп, тобылғының түбін орай тасы жоқтау деген тұсын ала гүрс еткізіп қап, оп-оңай ғана тамырымен қопарып тастайды, ал тәжірибесіздері тобылғыны кез келген жерінен шауып аламыз деп кетпендерінің жүзін көк тасқа шақ-шұқ соғады. «Гүрс-гүрс»… «Шақ-шұқ…» Ойнай жүріп, күн еңкейгенге дейін, әуелі, Ырысбекке деп дәу екі арқа тобылғы шауып, оларды жіппен буып төмен -ауылға қарай домалатып, енді әрқайсымыз өз үйлерімізге деп шабуға кіріскенбіз.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий