Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Біз, балалар, зәре-құтымыз ұшып, қалтырап қалш-қалш етіп үніміз шықпай, бір-бірімізге тығылып есіміз шығып кеткен еді. Енді шапқан отындарымызға қайырылмастан, бір-бірімізді қаға-маға төмен ауылға қарай біріміз домалап, біріміз сырғанап безіп жөнелдік.

Келесі күні қорқыныш-үрейіміз басылған соң, Әжібек шанасы бар балаларды өзі бастап жүріп, кешегі таудан домалатқан үлкен екі арқа тобылғымызды Ырысбектің үйіне жеткізіп бердік. Егер өгіз шанаға тиер болсақ, мұнымыз дәу бір шана отын еді. Он шақты бала жан теріміз шыға жүріп әлгінің бәрін Ырысбектің қорасына кіргізіп, тап-тұйнақтай етіп бір жағына жинап қойдық. Өз үйлерімізде шыбық басын сындырсақ шыңқылдап тұратын, бір құшақ отын бұтағанның өзінде үйдегі үлкендерді заржақ қып барып әзер тіл алатын, шіркіндер, Ырысбек пен Әжібектің алдында өстіп мөнтең қағатынбыз. Біз тобылғыны тегіс кіргізіп болған кезімізде, Ырысбек үйінен шыққан, бәрімізге жағалай бір қарап өтті де:

− Әй, адъютант Әжібек! — деді.

− Иә, жолдас камандірі — деп Әжібек қарсы алдына жетіп барды.

− Мынау балалар бүгіннен бастап жай әскер емес, ең сенімді, ең батыр, алдыңғы шепте өзімнің төңірегімде ғана жүретін төлеңгіттерім болады,- деді.

Біз ол сөздің мәніне түсіне қоймай бір-бірімізге, одан Әжібекке қарағанбыз.

− Обшым, төлеңгіт болғаннан ұтылмайсыңдар. Басқа балаларға сендер камандірсіңдер,-деп түсіндірді Әжібек.

− Дұрыс айтады,- деді Ырысбек оның сөзін қостап.

− Ертең мен мына Әжібекті МТС-қа темекі әкелуге жібергелі отырмын. Темекі әкелген соң, бәріне шылым тартуды үйретеміз.

Біз төбеміз көкке жеткендей боп қуанып қалдық, бір-бірімізге жымыңдаса қарап, шылым тартуды үйренетінімізге мәз боп тұрмыз. Шылымды құшырлана тұрып сорып, оның түтінін мұрыннан, көзден, құлақтан шығару деген керемет қой!

* * *

Бар тілегім, Ырысбек қашан үлкейтіп болғанша, көкем мен апамның суретін алғанымды Нәзира әпкем білмесе екен деймін, кешкісін жұмыстан келгенде, сандықтағы альбомын алып қарай кермесе екен деп қыпылдап отырам. Абырой болғанда, ол қырманнан діңкелеп шаршап келеді де, кешкі тамағын іше сап, ештеңеге қарауға шамасы келместен мұрттай ұшады. Бар айтатыны:

− Қанатай, қол диірменді өзің айналдырарсың,- дейді.

− Мақұл, әпке, алаң болма,- деп, мен осы үйдің онан кейінгі естияры ретінде ертеңгі ішім-жем талқанды тас диірменге тартуға кірісем. Тас диірменді айналдыру ауыр, қолдың қарын талдырады, бірақ амал қанша, әжемнің шамасы жетпейді, басқа балалар әлі кішкене, сондықтан қолымның қаншама талып, иықтарымның талмаусырап қарысқанына қарамастан, бар күшімді жинап, әбден әлім құрып діңкелегенше, күшене отырып айналдырам. Маңдайымнан тер бұршақтап, көзім қарауытып кетеді, сонда да әжеме, інілерім мен қарындасыма сыр білдірмеймін.

Әжемнің:

− Болды, қарағым, алдыңдағы ауыр тас, иығыңда ауыртып аласың,- дегеніне қарамастан, ылғи да қос уыс бидайды артық тартам.

Бүгін де сөйтіп күшене отырып ертеңгі күннің талқанын тартып боп қалған кезімде, тарс-тұрс есік ашылып, үйге Ырысбек пен Әжібек кіріп келді. Есіктің қатты ашылып, қатты жабылғаны сонша, үйдің ортасындағы дөңгелек үстелдің үстінде тұрған май шам жалп-жұлп етіп өшіп қала жаздады.

− Кеш жарық, әже,- деді Ырысбек даусы гүр етіп.

− Қарағым, Ырысбекпісің? — деп әжем келгендерге сығырая қараған.

− Ия, мен ғой, әже.

− Қасыңда тағы біреу бар ма?

− Әжібек қой.

− Ә-ә… Мына беймезгіл уақытта жай жүрсіңдер ме?

− Балаңыз бен келініңіздің суретін үлкейтіп едім, соны әкелдім,- деді Ырысбек даусын көтере сөйлеп.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий