Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Неге шақырғанын айтыңыз, бәлкім, көңіліме қонса жүріп те кетермін.

− Өкіл екеуінің сөзіне қарағанда сені бригадир етіп сайламақ.

− Мына мені ме?

− Иә, сені.

Ырысбек ысқырып жіберді.

− Жоқ, жеңеше, басқасына көнсем де онысына көне алмаспын. Бригадирлігін желкемнің шұңқыры көрсін… Апырай, ә, мына мен, Ырысбек бригадирмін… ха-ха-ха… күлейін бе, жылайын ба?.. Ха-ха-ха…

Ырысбек со күлген бойда тұрып кете берді, Көлбай кереңнің күркесінің алдынан өтіп бара жатып, кілт тоқтады да:

− Уа, Көлеке, ашуланып, тұлданып кімді қиратасың. Қой ондайыңды! Жүр, бірге отырып шай ішелік, ағайынбыз ғой,- деді айқайлап сөйлеп.- Тату болайық. Бір қатын ортамызға сыйып жүрер. Қайта сенің Әпішің бар ғой, ал мен байғұста ондай Әпіш те жоқ.

Көлбай керең танауының астынан бірдеңе деп міңгірледі де, Ырысбекке ілесіп, солардың күркесіне барып кірді.

Сытыр-сытыр ақ жауын жауып тұр. Төңірек тұмшаланып, қараңғылық түсті. Тау жақтан жеткен алғашқы қардың ызғары бойды тоңазытып, құрғақ шөпке тығыла береміз.

Күреңбелдегі астық орылып біткен соң, біз мектеп оқушылары жұмыстан босатылып, оқуымызға қайта кіріскенбіз. Екі дүркін қар жауған, үш-төрт күндей ой-қырдың бәрі алапестеніп жатты да еріп кетті. Үлкендер жағы: «Күздікке жақсы болды»,- десті. Күн суытты, түнге қарай жер тоңданып, арық-шұңқырлардағы сулардың бетіне қабыршақ мұз қатып қалатын болды. Ертеңгісін мектепке бара жатып, сол жұқа мұздардың үстінде шыны басқандай шытыр-шытыр еткізіп сырғанап ойнаймыз.

Қырмандағы жұмыс әлі тоқталған жоқ. Маялап жиналған астық баулары шетінен күнделікті бастырылып, төрт күнде бір өгіз арбамен станцияға жөнелтіледі. Нәзира әпкем сол арбаның бірінде жүр. Алпыс шақырым станцияға күн демей, түн демей жүріп отырып төрт күнде барып, қайтып оралады да үйге бір түнеп, ертеңіне қайта кетеді. Апам бригадирліктен түскен соң, Байдалы шалдың орнына қырман жұмысына ауысқан: сонда күндіз бір мезгіл астық ұшырысады да түнге қарай күзетте болады. Тегінде, қырманның түнгі күзетшісі Көлбай керең, ал апам болса коммунист ретінде оны бақылап, кезекшілікте жүреді.

Бригадирлікке Ырысбек көнбей қойғаннан кейін, біраз күнге дейін ыңғайлы адам табылмай, ақыры Байдалы шалдың өзі қайта сайланған. «Қайта шапқан жау жаман…» деп, Байдалы шал осы күні тіпті құтырып кетті. Өйткені бүкіл колхозға бір өзі қожа, бір өзі би. Нұғыман бүгінде төсек тартып ауырып жатыр. Шолақ қол өкіл болса оның үйінен кетіп, Байдалы шалдың үйінде тұрып жүр. Соны арқалана ма, кім білсін, ешкімді бетіне қаратпайды. Бұрынғы әзілқойлықтың бәрін қойған, ылғи ашулы жүреді. Көзі шатынап, ақыра боқтап ұмтылғанда зәреңді алады. Өзі көк мауытымен тысталған жаңа бөрік тіктіріп киген, сонысын бір шекесіне қарай шекшитіп қойып, ұртына насыбайды бұлтита тығып, торы жорғаның үстінде бір жамбастай қисайып, көшенің ортасымен салдыртып өткені сән-ақ.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий