Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Зибаш қайтушы еді, еңіреді де жатты таң атқанша. Әйтеуір қасында мен болдым.

− Сен не істедің?

− Әрі-бері жалынып жұбатқан болдым, сөйтіп арқасынан құшақтап жатып ұйықтап қаппын. Ертеңгісін сенің апаңның қамшысы жон арқамды тіліп өткенде бір-ақ ояндым… Тіпті оңдырмай ұрыпты, қарашы өзің, көкпеңбек қып тіліп түскен. Сен апаңа айтып қойсаңшы, тиыш жүрген адамға өйтіп жөн-жосықсыз өзі соқтығып, қожаңдай бермесін. Қазір баяғы заман емес, ұрып-соққанды көтеретін. А то ерегестіре берсе, мен бір күні сіріңкені алам да тартып кеп жіберем астыққа қарай. Сонан кейін не істер екен маған. Жүз жерден соттай берсін, сотыңнан қорқар мен жоқ.

Біз бұлақтан су алып қайтып оралғанымызда Ырысбектің домбыраға қосылып әндеткен даусы Гүлсара мен неміс қызы Эмманың күркесінен естілді.

Адам тумас Эммадай,

Күміс шашты, ай маңдай,

Үлбіреген тамағы,

Жаңа піскен алмадай.

− Өй, тилеуин курсун Ирисфек, жохалшы арі! — дейді шарылдай сөйлеген Эмма.

Эмма — ұзын бойлы, сары шашты, көк көзі мөлдір аспандай тұп-тұнық, жасы жиырма бестердегі неміс қызы. Өзінің қазақша сөйлегені қызық. Әжібек оған ылғи бірдеңе деп тиісіп, сөйлетіп қояды да, оның қазақша қарғанып-сіленіп ұрысқан сөздеріне өзі ішек-сілесі қатып күледі. Міне, қазір сол Эмма Ырысбекке ұрсып жатыр екен.

− Жә, жә, жә… Эммажан, өзің тіпті сауырыңа қол тигізбейсің ғой,- дейді Ырысбек. Бізді күркенің аузынан көріп қалған:

− Әй Әжібек, жүгірмек, суды бері әкел! — деді дауыстап.

− Қап, көріп қойды-ау, ә,- деді Әжібек өкініп, онан соң.- Қазір,- деп дауыстады да тасалана бере, шәугімнің қақпағын ашып, ішіне түкіріп-түкіріп қойды.- Кел, Қанат, сен де түкір. Тфэй, тфэй, осы суды ішіп, Эммаға жады боп қалса екен!

Шыныменен Әжібектің түкіріп берген суының әсері болды ма, білмеймін, сол күні кешкісін Ырысбек Эмманың күркесіне біржола ауысып көшіп алды да, Гүлсара басқа әйелдердің қасына кетті. Зибаш шашын жайып жіберіп, көл-көсір жылап, Эмманы қарғап-сілеп қала берді.

Кешкісін апам келгенде болған оқиғаны естіп, қатты ашуланды. Ырысбекпен сөйлесуге Эмманың күркесіне барған. Апамның не айтқанын ести алмадым, бірақ Ырысбектің сөздері анық естілді.

− Күнім, жеңешетай, иманымдай шыным, мына Эммаға мен өлердей ғашықпын. Бұрынғымның бәрі бекершілік, бозбалалық екен. Енді, міне құдай қосқан қосағым, осы, «күміс шашты, ай маңдай» болады. Ант етем,- деді қарғанып.

Ертеңіне Әжібектің қуанышында шек жоқ еді. Бетіне қарасаң-ақ болды езуін жия алмайды, ыржиып күле береді, бет-аузын қисаңдатып, көзін қысып қояды.

− Зибаш қалай? — деп сұрадым мен бір қалт еткенде.

− Қайтер дейсің екі-үш күн жылайды-жылайды да қояды ғой.

− Түнде сен қасында болдың ба?

− Әрине. Жалғыз өзі қорқады ғой.

− Енді сен үйленесің бе?

− Ақымақ, маған әлі төрт-бес жылсыз үйленуге болмайды ғой.

− Оған дейін Зибаш тағы біреуге тиіп кетсе қайтесің.

− Жоқ, енді басында торғайдың миындай миы бар болса тимес. Басына тас тиді ғой. Нишауа, өзі былай жылағанын қойып, есін жиған соң айтам ғой.

− Не деп?

− Менің ер жеткенімді күт деп.

− Әй Қанат, неғып қарап тұрсың! — деді осы кезде Нәзира әпкем.

Осымен Әжібек екеуміздің сөзіміз үзілді де жұмысқа кірістік.

Бұл күні кешкісін апам, біздің қасымызға қонуға келген жоқ. Орылған жерді Бектай есепші кеп өлшеді.

− Апаларыңды ауданға шақыртып кетті,- деді біздің сұрағымызға.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий