Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұл түн мен үшін өте қорқынышты түн болды. Тыншып ұйықтай алмай қайта-қайта шошып ояна бердім. Ылғи бір қорқынышты түстер көрем: біресе Ырысбек ауылдың барлық балаларын алдына салып ап, бәріңді де атамын, деп мылтығын кезеніп қуып жүреді, мен есіктің алдындағы жинаулы тезектің астына тығылып жатып ояндым; енді бірде Манар мен үсті-басы қан-қан Карл екеуі құшақтасып ап күліп отырады, бірін-бірі сүйіп қояды. Карлдың еттері ырсиып-ырсиып тілгіленіп,. қаны тамшылап тұр; тағы бір түсімде соғыс екен деймін, ылғи әскерлер сапқа тұрып, сарт-сұрт жүріп кетіп жатыр, тұманша қаптаған түтіннің ішіне кіреді де жоқ болады, соларға қарап тұрғанымда қолында жалаңдаған пышағы бар семіз адам екінші жақтан шыға келеді, көзі шатынап, мені сойып жемек боп қуып береді, мен жан дәрмен ышқына қашам, бірақ түк жүгіре алмаймын, «апалап» аттандаймын, әлгі адам әне ұстады, міне ұстады дегенше дәрменім құрып, жүрегім үзіліп отыра кетем… Шошып ояндым, жүрегім кеудеме сыймай дүрс-дүрс етіп дірілдеп кетіппін. Үйдің іші ала көлеңке, май шам сығырайып жанып тұр. Түннің қай мезгілі екені белгісіз. Әжем әлі жоқ. Кішкене балалар қаннен-қаперсіз пысылдап ұйықтап жатыр.

Неткен ұзақ түн. Тағы да ұйықтап кеткем, тағы да түс көрдім: ауылға ылғи бір ұры иттер қаптап кеткен екен деймін, баяғы Қарақаншық — Көкінайдың күшіктері шеттерінен ұры боп, тістерін ақситып ырылдап, жұртты үйді-үйіне қуып тығып жүр; мен де зәрем ұшып үйде тығылып тұрмын, терезенің алдында менің сыртқа шығуымды аңдып тісі сақылдап өзімнің қара күшігім тұр, мені қаппақ: «Құдай-ау, бұл бір пәле болды ғой, далаға шығып ойнаудан қалдық-ау»,- деп зар еңіреп жылаймын…

Үй ішіндегі тықыр-тықыр жүрістен ояндым, шам сөндіріліпті, терезеден бозамық жарық түсіп тұр, әжем жайнамазын жайып, таңғы намазын оқығалы жүр екен.

− Әже, апам қайда?

− Апаң қырманға кетті.- Сорлы… соры қайнаған сорлы, бүгін тағы ұйықтаған жоқ.

Әжемнің даусында апама деген аяныш та, кейістік те, реніш те — бәрі-бәрі бар еді.

Ертеңіне түсте апам ыстық су ішу үшін үйге кірген, бірақ іше алмады. Өйткені, әжем оған бірден дүрсе қоя берген:

− Бұ колхоздың жұмысы саған ғана керек пе осы? Құдай-ау, неге сонша қатал боп барасың? — деп.

Апам тісі ауырған адамдай қабағы кіржиіп шытынып қалды, бірақ үндеген жоқ. Неше күннен бері жөнді ұйқы көрмеген өңі әжімденіп, көзі кіртие қарайды.

Мен іштей әжемді қостап отырдым.

Лобогрейка да, астық шауып жүрген шөп машиналары да, мүлде тоқтап қалды. Ұста жоқ. Бүкіл ауылдан темірді темірге қойып соғатын бір адам табылмады. Нұғыман шапқылап ауданға қайта кеткен, ұста іздеп. Екі күннен кейін қайтып оралды. Бір ұста табылған екен, оның өзі де кергіп, үш күннен кейін ғана қолым тиіп бара аламын депті.

Егін күннен-күнге қурап барады, енді біраз күн кідіртсе кейбір учаскелердің егіні жерге құйылып, түсу қаупі бар. Жан дәрмен кез. Шалғымен шабу басталды. Мектепте әжетке жарайтын балалар сабақтан босатылып, қол орақпен астық оруға, орылған астықты жинауға жіберілді.

Колхоздың ең алыс участогі — Күреңбелдегі егін орағында жүргенімізге біраз күн болды. Үлкендер шалғымен шабады, біз, балалар, орағымыз барларымыз орақпен орамыз, орағы жоқтар орылған астықты баулайды. Бәрімізге күнделікті белгіленіп берілген норма бар. Таң қылаң бергеннен көзімізді жыртып ашып, шалғышы үлкендер бір қатар, орақшы балалар бір қатар боп тұра қап жұмысқа кірісеміз. Сонан ұзақты күнге бел жазу жоқ.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий