Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Соның алдында ғана: «Мен сені қырман басында күтемін», деп, кетіп қалған болатын… Екеуміз түнделетіп Шымырбай шалдың үйіне қауын жеуге бармақ едік…- Мұнан әрі Манар сөйлей алмай тағы да өкіре жылады.

Әжем үйден алып шыққан шамның жарығында апам Карлды қарай бастаған: өне бойынан сау-тамтық жоқ, қан-қан, үстіндегі киімдеріне дейін тілім-тілім туралып кетіпті. Астына төселген сабан да шылқыған қан. Апам шыдай алмай теріс айналып кетті.

− Айналайын-ай… айналайын-ай… Дереу Қоңырға дәрігерге шабу керек, бұ күйінде мына түнде алып жүруге болмайды. Кім барады енді дәрігерге? — деді өзімен-өзі кеңескендей күңкілдеп.

− Жә, мен өзім барам да,- деді онан соң.- Тек мына баланы қазір үйіне апару керек… Байғұс-ай, шешесінің жүрегі жаман еді… Әже-ау, сіз мына көршідегі немістің кемпірлерін оятыңыз, соларды ертіп, қазір мына баланы үйіне апаралық. Шешесін шошытып алмау керек…

− М-м-м… ма-а…

− Шыда айналайын, қазір мен дәрігер алып келем… Әже-ау, барсаңызшы енді тез!..

− Барайын, барайын. Ой, сорлы-ай, маңдайының соры бес елі екен-ау… Ой, соры ашылмаған бейбақ-ай…

− Сен неғып тұрсың, дірдектеп?! — деді апам маған жалт бұрылып.- Кір үйге! Анау кішкене балалар шошымасын, солардың қасында бол!

Мен үйге кірдім. Есік алдындағы арбаның жүрісі біртіндеп ұзап кетті.

Әжемнің баурында ғана жатып ұйықтап үйренген інілерім: Болат пен Марат ұшып-ұшып тұрып, ал бақырып жыласын «әжелеп». Екеуін олай деп те жұбатам, бұлай деп те жұбатам, кәне қойсыншы, онан сайын өршеленіп, бірінен-бірі асырып бақырады. Олардың бақырған дауыстарынан қарындасым Жанар оянып кетті. Шошып ол жылай бастады. Не істерімді білмей дал болдым, тіпті әрі-беріден кейін соларға қосылып өзімнің де жылағым келді.

− Әне, қазір аш қасқыр келеді!..- деймін.- Әне, терезеден аю қарап тұр!..- деймін, бәрібір қоймайды. Терезеге жүгіріп бардым да, оларға байқатпай тық-тық еткізіп қаға бастадым.

− О кім, терезе қағып тұрған? — дедім, онан соң дәл сырттары біреумен сөйлескендей.-Бүбітай жындымын дейсің бе? Жоқ, ашпаймын есікті, әжем де, апам да жоқ үйде. Ашпаймын. Жылап жатқан біздің үйдің балалары емес. Мына Нұрсұлудың балалары ғой.

Інілерім де, қарындасым да жылағандарынан сап тыйылып, көздері бағжаңдап үрейленіп, маған қарай қапты.

− Бүбітай жынды кеп тұр ма? — деді ересегі Болат.

− Иә. Сендердің жылағандарыңды естіп кеп тұр.

− Қанат, біз жыламаймыз. Айтшы, кет деп. Біз жыламаймыз.

− Әй, жынды Бүбітай, кет аулақ! Біздің балалар жыламайды! — дедім мен айқайлап. Бір сәтке өзім ойлап тапқан өтіріктен өзім қорқып, қараңғы терезеге қарай беруге жүрегім дауаламай, інілерім мен қарындасымның қастарына келдім де, солардың көрпесінің шетін жамылып жата кеттім. Жалғыз жатуға қорықтым.

− Бағана күндіз жынды Бүбітай біздің үйге келген, Тоштан ұрып-ұрып алып кетті,- деді Болат тағы да.

− Қанат, бей қайап жатшы,- деді даусын шығаруға қорыққан Жанар сыбырлай қыңқылдап. Онан соң мені мойнымнан шап қысып құшақтап алды.

− Қанат аға, Болатқа айтшы, мені құшақтасын,- деді Марат та қыңқылдап.

− Болат, сен үлкенсің ғой, құшақтап жат Маратты…

Өстіп жатып ұйықтап қаппыз.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий