Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұл түні апам қырманға барған жоқ. Қызыл іңірден төсегін салды да басын тас қып орап байлап ап, ауырған адамдай аһылап-уһілеп төңбекшіп жатты да қойды. Мен де көпке дейін ұйықтай алмадым. Шынында да апам дұрыс айтады, бүкіл ауыл топырақ жеп жатқан жоқ қой, қай үйге барсаң да қуырған бидай, талқан, кейі нан жеп отыр. Олар қайдан алды, сонда? Әрине, колхоздың астығынан. Бірақ кім қалай алып жүр, ол жағы белгісіз. Мәселен біздің үйде күнделікті жейтін астықты қайдан, кім әкеледі? Апамның да, Нәзира әпкемнің де қалталарын, яки шөлкилерін қағып жатқанын көрген емеспін. Бірақ күнделікті ішім-жем әкеп тұратындары анық. Әйтпесе біз баяғыда аштан қатар едік қой. Демек біздің үй де ұрлайды астықты. Олай болса апам айтқандай бүкіл ауылды соттау керек қой. Бір сәтке бүкіл ауылдың сотталғанын, бүкіл ауылды милиция кеп айдап апарып қамап қойғанын көз алдыма елестетіп көргем, арқам мұздап кетті. Тіпті қорқынышты екен. Онан да со бір адамды соттағандары дұрыс та. Тек Нұрсұлудың кәрі шешесі мен екі баласына обал. Әлгінде кешкісін есіктерінің алдында сүмірейіп тұрған балаларын көргенімде жаным қатты ашыды. Көздері жаутаң-жаутаң етіп аянышты-ақ…

Апам аунап түсті: «У-уһ…» деп күрсінді.

Нұғыман ауданға таң қылаң бере аттанып кеткен екен, ертеңіне күн еңкейген кезде қайтып оралды. Үйіне де соқпастан бірден тура қырман басына келді. Өңі қу шүберектей боп-боз, адам шошырлық еді. Көз жанары бұлыңғыр күзгі аспан сияқты кіртиіп мүлде жансыз қарайды, көкшіл ме, қоңыр ма, сарғыш па — айырып болмайды. Аттан түскен бойда сабанға шалқалап құлай беріп көзін жұмды. Сөйтті де көпке дейін сұлық түсіп жатты да қойды.

Апам қасына отырып сусын ұсынған, Нұғыман сонда ғана көзін ашып, өзін қаумажаулап, Нұрсұлудың бір хабарын білгісі кеп телміре қалған жұртқа басын шайқады.

− Болмады. Босатпады, ісін сотқа беріп қойыпты,- деді.

Мұнан әрі ол ештеңе деген жоқ, жұрт та қазбалап ештеңе сұрамады. Нұғыман мен апам екеуі жеке қалған.

− Ұрлық емес екенін, шашылып қалған масақты ғана теріп алғанын түсіндіріп айттың ба? — деп сұрады апам.

− Жоқ.

− Неге?!

− Айта алмадым. Оны айтқан күнде лобогрейка мен шөп машинасында жүрген жасөспірім балалар жауапқа тартылады екен. Мына көрші колхозда сондай екі баланы отырғызып қойыпты… Өзің айтшы, өйтіп жауапқа тартқызатындай жас балалардың жазығы не?.. Оларды соттатуға дәтім бармайды.

Апам сағы сынғандай тұнжырап, қабағы кіртиіп, бет-аузының әжімдері көбейіп мүлде аянышты боп кетті.

− Әйтеуір, қалай болған күнде де біреу отыру керек десеңші. Біреуді құрбан ғып шетке шығару керек екен ғой.

− Иә.

− О-о!..

Со күні кешке қарай қатты жел тұрып, көзді аштырмайтын топырақ боран соқты. Жер мен көк әлемтапырық ұйтқыған шаң боп кетті. Жұмыс тоқтатылып, жұрт қолдарына түскен киіз-алаша, киім-кешектерімен қырмандағы астықты жауып, үлкен әбігерге түсті.

Дауылдың арты жаңбырға айналды.

− Қазанның қара дауылы деген осы. Ал енді астықты тез орып алмасақ күннің райы осыдан осылай бұзыла бастайды,- деді Байдалы шал.

Байдалы шалдың «қазаны» ескіше октябрь айының алғашқы күндері еді.

Үш малатас пен бір молотилка тоқтаусыз жүрген соң шыдатсын ба, қырмандағы маяланған астық бірер жетінің ішінде тегіс бастырылып бітті. Шөп машина мен лобогрейка бізге күнделікті бастыруға астық бауын шауып үлгіре алмайтын болды, арбамен, сүйреткімен келгенін со келген сәтінде бастырып тастаймыз да аттарды доғарып қойып, қарап отырамыз. Біз тоқтаған сайын шолақ қол өкілдің түсі түнере түседі.

− Мыналарды неге тоқтаттыңыз?! — деп Байдалы шалға кеп шүйлігеді.

− Мен қайтейін…- дейді Байдалы шал есі шыға абыржып.

− Осы қырманның басшысы сіз емессіз бе?! Қайтсеңіз де жүргізіңіз!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий