Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Бұ қалай, Нұғыман-ау, соғыс болса мынау күннен-күнге арқаға аяздай батып қыса түсуде. Қолда бардың бәрін қыс демей, жаз демей жөнелтіп жатырмыз, қымтып қалған, жасырып қалған ештеңеміз жоқ. Мынау қызыл қырманның үстінде ұртымыз толып ас жеп жүрген ешкім жоқ. Артық түйір тамағымыздан өтпейді. Бәрін майданға жөнелтсек екен дейміз, атың өшкір жауды тезірек жеңсек екеміз дейміз. Жатсақ-тұрсақ ойлайтынымыз сол. Ал сөйтіп отырып айдалатындай жазығымыз не біздің?.. Біз деп отырғаным, Нұрсұлу кім, мен кім, басқа әйелдер кімдер? Бірімізден-бірімізді еш айырмамыз жоқ. Бәріміздің жұтып отырған уымыз да бір, қайғы-қасіретіміз, тілегіміз де бір… Ендеше біздің бірен-саран абайсыз кеткен жеріміз болса неге кешірмеске.

Нұғыман бірден жауап берген жоқ, ойланып отырып қалды да біраздан соң:

− Кешеден бері ойлай-ойлай менің де басым қатты, Нұрсұлуға ара түсудің бар жолдарын ойластырып көрдім. Сөйтсем қиын екен, еш амалы жоқ екен. Ұрлығымен қолға түскен соң, оны құтқару еш мүмкін емес. Уақыт болса мынадай, ауыр…- деді.

− Оныкі ұрлық емес қой, шашылып жатқан масақты ғана жинап алды.

− Қазіргі уақытта масақты жинау да ұрлық. Бір түйір дән жерге түспесін, ысырап болмасын дейміз. Сол үшін күресіп отырмыз. Сөйтеміз де астығы орылып алынған жерде шашылып қалған масақ бар, соны терген еді деп, ақтау айтқымыз келеді, ал ертеңгі күні сол сөздің өзі үлкен әңгімеге айналса не демекпіз. Онда кім жауап беруі тиіс заң алдында? Осы жағын ойландыңыз ба?

− Ойланатын несі бар. Егіні орылып кеткен жерлерде қаншама астықтың ысырап боп шашылып жатқаны рас қой. Оны неге мойындамаймыз?! Көреген өкіл соны неге көрмейді?!.

− Мақұл көрді делік. Сол үшін біреу жауапқа тартылуы керек қой.

− Кінәлі адам тартылсын жауапқа, тартсын жазасын.

− Онда қайсысымыз кінәліміз? Сіз бе, әлде мен бе?

− Сіз де, мен де кінәлі емеспіз.

− Бәлкім, онда анау машиналарды айдап жүрген жасөспірім балалар кінәлі шығар?

− Олар да кінәлі емес. Қайта олардың сөйтіп істеп жүргендеріне рақмет айту керек.

− Сонда кім кінәлі? Кәне, айтыңызшы, жазаға кімді тартайық?

Апам үндемей қалды.

− Сөйтіп, Нұрсұлуды айдатып жіберіп қойып отырмақпыз ба? — деді ақырында.

− Қолдан келер дәрмен жоқ.

− Оны соттай ма?

− Соттайтын шығар.

− Онда мені де соттасын, анау басқа әйелдерді де соттасын. Топырақ жеп отырған жоқ, біздің балаларымыз да осы астықтан жеп отыр. Еңбекке ешкімге түйір астық бергеміз жоқ, бірақ жұрт қалай алса, олай алсын, бәрібір осы астықтан ұрлап ішіп отыр ғой. Ендеше бәріміз де жауапқа тартылуымыз керек.

− Әй, Бағила-ай, айтасың-ау… Жә, бос сөзді қоялық.

− Неге бос сөз? Апыр-ау, неге бос сөз бұл?! — деп апам айқайлап жіберді.- Нұрсұлу сотталады екен де, оның артында екі кішкентай баласы мен кәрі шешесі еш панасыз жылап-еңіреп қалады екен. Ертең олар аштан өлсе қайтеміз? Оған кім кінәлі болмақ?!

− Білмеймін. Басым қатты әбден.

− Сен бастықсың, ауданға бар, сөйлес аудан басшыларымен.

− Не деп? Ұрлық істеген адамды босат деп пе?

− Құдай-ау, ұрлық емес қой!.. Шашылып қалған масақты терді ғой.

− Өйтіп айтуға болмайтынын өзің де білесің ғой.

− Айтуға болады, неге болмасын. Айт! Шашылып жатқан масақтарды айт, өкілдің соны көрмей жүргенін айт. Соттаса бүкіл аулымызды тегіс соттасын. Барлығымыз да ұрлық жасап отырмыз. Жалғыз Нұрсұлуды байлап беріп, көгермей-ақ қоялық. Менің кесімім осы. Егер айта алмаймын десең мені жібер ауданға. Мен айтайын.

Нұғыман тағы да ойланып отырып қалды.

− Мен ертең жүрем ауданға,- деді әлден уақытта.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий