Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Жолдастар! Қазіргі уақытта бүкіл еліміз бір-ақ мақсатқа жұмылуда — басқыншы жаудың түп-тамырына дейін балта шауып, тас-талқан ету. Партияның басшылығымен біздің қаһарман қызыл әскеріміз жауды күннен-күнге тұқыртып, соққы үстіне соққы беріп ойсырата түсуде. Қанды шайқас жүріп жатыр. Жолдастар, мен өзім Батыс Украин майданына қатысқам, төрт рет жараланғам, қанды шайқастың қандай болатынын жақсы білем, көзіммен керіп, басымнан кешірдім… Қанды шайқас деген мына сіздердің еңкейіп бір-екі қап астық қаптап: «Уһ, белім-ай!» — дейтін қырмандарыңыз емес. Төбеңнен оқ зулап бұршақша жауып тұрады, сонда белуарыңнан сазға батып, мұз жастанып окоптың ішінде отырасың. Бір күн, екі күн емес, кейде апталап отырасың. Белдің сырқыраған көкесі сонда, әне!..

− Обал-ай, десеңші.

− И-и… байғұстарым-ай!..

− Небір боздақтар қазір де отыр ғой сөйтіп,- десіп әйелдер тұс-тұстан аһ ұрып, жарыса күрсіністі.

− Міне, сол қаһарман қызыл әскеріміздің күш-қуаты мына отырған сіздерсіздер, тылдағы еңбек адамдары! Бүкіл еліміздің еңбекшілері сияқты сіздер де еңбектегі бар табыстарыңызды соларға бағыштайсыздар. Солай ма?

− Солай ғой.

− Әлбетте солай,- деп Байдалы шал да қостап қойды.

− Ал солай болса мына ұрлықтарыңыз не? Мәселен анау отырған жеңгей,- деп Қалипаны нұсқады.- Майданда сіздің кіміңіз бар?

− Күйеуім, бауырым.

− Әне, күйеуіңіз де, бауырыңыз да майданда екен, ал ендеше сіз соларға деген астықты неге ұрлайсыз?

− Бір уыстай ғана алып ем,- деді Қалипа кірерге жер таппай қатты ыңғайсызданып.- Үйде үш кішкене балам бар еді…

− Бала дейді… Соғыста ғой күйеуіңіз бен бауырыңыз қан кешіп жүр.

− Рас-ау,- деді әйелдердің бірі.

− Түу, өлім-ай, бүйткенше аштан қатсақшы… Масқара-ай…- деді Қалипа да өзін-өзі жерлей сыбырлап.

− Бір уыс қана дейсіз, ә? — деді өкіл онан әрмен оның жер-жебіріне жете түскісі келгендей.- Ал жарайды, сіз бір уыс, анау кісі бір уыс, мына кісі бір уыс, мен бір уыс, мына балалар бір-бір уыстан ала берейік, сонда мына қырманда не қалады?

Бір сәтке әйелдер «рас-ау» дегендей шеттерінен қызара ұялып, жер шұқыласып үндемей қалды. Қызынып алған өкіл езінің пысы әйелдерді әбден басқанын сезіп, енді тіпті еліре сөйлеп, тепсінген айқайға басты. «Сізді» қойып, бәріне «сен» деп ұрсып сөйлеуге көшті.

− Бұларың қылмыс! Күйеулеріңнің, бауырларыңның алдында қылмыс! Отан алдында қылмыс! Бәріңе ескертерім: ендігі жерде кімде-кім осы менің айтқанымды түсінгісі келмей, тағы да ұрлық жасар болса, жақсылық күтпесін! Ол адам біздің жеңісімізге қарсы болғаны онда. Ол адамды қас дұшпанымыз, жауымыз деп білеміз. Бүкіл совет халқының жауы дейміз. Ондайға қатаң шара қолданылады. Жауапқа тартылып, сотталады! Ұқтыңдар ма?

− Ұқтық.

− Ұқпайтын несі бар.

− Өкіл жолдас, бірдеңе сұрауға бола ма?

− Иә, сұра.

− Бала-шағаны қайтеміз сонда. Оларды да өлтірмеуіміз керек қой.

− Сіз ондай кері кетіретін сөзіңізді қойыңыз. Бала-шаға ауылда жүріп аштан өлмейді.

− Не жейді сонда олар?

− Не жесе о жесін… Ал жиналыс осымен бітті. Енді жұмысқа кірісіңдер. Бүгін ұрлық жасағандарың үшін ешқайсың түскі шайға үйге қайтпайсыңдар. Жұмыс істеп жаза тартасыңдар бәрің де!

Әйелдер қабақтары салбырап тым-тырыс орындарынан көтерілді, кезерген еріндерін жалап қойып, әркім өз жұмысына кірісті. Ләм деп ешқайсысы қарсылық білдірген жоқ.

− Әй, осы біз үзіліс жасап түскі тамақ ішпеуші ме ек,- деді бидай шарлап жүрген Көлбай керең белін жазып. Бағанадан бергі өкілдің сөзін ол шала-шарпы естіп онша түсінбеген сияқты.

− Қатындардың кінәсінен үзіліс жасамайтын боп жаза тарттық емес пе,- деді Байдалы шал күңкілдеп.

− Не?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий