Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Кешкісін апам үйге бір сәтке ғана ыстық шай — тұз салған ақ су ішіп шығу үшін ғана келген. Бел орағышын шешіп жылы пешке арқасын сүйеп отырғаны сол еді, бет-аузы қатпар-қатпар боп әжімденіп, көзі шүңірейіп жұмылып кетті. Со отырған күйінде басы бір жағына қисайып қор ете түскен.

− Сорлы-ай, соры қайнаған сорлы…- деп әжем аяныш білдіріп, дастарқан әзірлеуге кірісті.

Апам со басы қисайған күйінде тәтті қорылдап отыр. Тіпті менің өзіме де осы сәтте апам кіп-кішкентай бір аянышты жан боп көрінді. Әжем ғұсап мен де оны: «Әй, соры қайнаған сорлы…» — дей жаздап барып қалдым. Аянышты-ақ еді, апамның кейпі.

Әжем дастарқанды әзірлеп қойып, кішкене мызғып алсыншы деп мазаламады, бізге де дымдарыңды шығармаңдар дегендей қабағын түйіп қойды. Өстіп бір тәтті тыныштықта ұйып отырғанымызда, дүсірлете желіп келген ат терезенің түбіне тоқтай қалды. Қамшының сабы терезені тық-тық еткізді де:

− Бригадир қайда? Шықсын тез! — деді айқайлап. Шолақ қол өкілдің даусы.

Селк етіп оянған апам, үсті-басын жүре түзеп сыртқа шықты. Мен қалам ба, ілесе тұрдым соңынан.

Елең-алаңда адамды басып кетердей боп ат үстінде ойқастатып кеп тұрған өкілдің түсін анықтап көре алмадым, бірақ суық екені даусынан білінеді.

− Жүріңіз, мен ұры ұстадым! — деді. Өзі атының басын Нұрсұлудың үйіне қарай бұрды, апам екеуміз ілесе жүрдік.

Нұрсұлу есігінің алдында тұр екен. Жаңа ғана көтеріп келген қурайы ақтарылып, шашылып жатыр.

− Әне! — деді өкіл қамшысымен қурайды нұсқап.- Кемінде он келі астық.

Енді байқадым, қурайдың арасы толы бидайдың қырқылған масағы екен.

− Қолыңызға алып ұстап қараңыз, үгіп қараңыз,- деді өкіл.

− Көріп тұрмын ғой,- деді апам. Онан соң Нұрсұлуға бұрылып: — Әй, саған не қара көрінді? — деді зілді үнмен.

− Түнеугүнгі шөп машинамен шабылған күздіктің тұсынан өтіп бара жатып, шашылып жатқан масақты көрген соң шыдай алмай теріп ала қойып ем.

− Қазір масақты теруге де, алуға да болмайтынын білмейсің бе? — деді апам тары да бастырмалап.

Нұрсұлу жерге қарады.

− Босқа далада қалғанша деп…- дей берді міңгірлеп.

− Далада қалса да теруге болмайды дедік қой. Қашан астықты тегіс жинап бітіп, ал енді болдық дейміз, сонда ғана масақ теруге рұқсат демедік пе.

− Білем… балаларға ертеңге үйде ныспы түк жоқ еді, жұмысқа кетерде соларға қуырып беріп кетсем деп ем…

− Жә, Нұрсұлу, мұның жарамайды.

Апам соңғы сөзін жұмсақ айтса да, қатты кінәлай айтты. Нұрсұлу қипақтап:

− Қайтем енді?.. Қырманға апарайын ба? — деген лажы таусылғандай.

− Ендігәрі терме масақты. Балаларыңа осы біразға жетер,- деді апам, оның сөзіне тікелей жауап бермей, онан соң ат үстінде тұрған өкілге бұрылып: — Өкіл жолдас, екеуміздің алдымызда ендігәрі мұндайды қайталамаймын деп уәде етсін. Солай ма?

− Сіз неғыл деп мәймеңкөлетіп тұрсыз?! — деді өкіл шарт кетіп.- Өйтіп жуып-шаятын түк те жоқ. Қазір дереу акт жасаңыз!

− Қателескен шығар, жас балалары үшін бір жолға кешірейік,- деді апам.

− Сіз немене, акт жасағыңыз келмей тұр ма?! Астықты жұрт өстіп ұрлай берсін демексіз ғой.

− Ұрлай берсін демеймін.

− Ендеше, неге акт жасағыңыз келмейді? Қазір қағаз, қарындаш алыңыз да жазыңыз.

− Әй, Нұрсұлу-ай, сені ме…- дей берген, ренжи сөйлеген апам.- Сен бүйткенде басқа не істемейді.

− Сіз неғыл деп мыңқылдап тұрсыз. Мә, ұстаңыз, жазыңыз! — деді өкіл ат үстінен қағаз, қарындаш ұсынып.- Қиқаңдасып тұратын уақытым жоқ. Кәне, жазыңыз!

Енді апам да даусын көтере сөйледі.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий