Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Қатындардың кінәсінен тамақ ішпейсіз! — деді Әжібек оның құлағына айқайлап.

− Оны кім айтады?

− Өкіл айтты.

− Немене, өкіл бітеу ме екен? Ол бітеу болса да біз бітеу емеспіз.

− Оны өзіне айтыңыз.

− Айтсам немене, менің басымды ала ма? Жә, сөйлемесін. Балалар, түсіңдер аттан, бидай көже ішелік. Әй Дүрия! Әй қатын, көже бер маған!

Әйелдермен бірге астық ұшырып жүрген Дүрия жалтақтап өкілге қарағыштап келе қоймаған.

− Мынау әкеңнің аузы… келе ме-ей, жоқ па! — деді Көлбай керең ақырып.

− Анау арада тұр ғой, өзің құйып ішсеңші,- деген Дүрия.

Көлбай керең естіген жоқ.

− Өзіңіз құйып іш, анау арада тұр дейді,- деді Әжібек айқайлап түсіндіріп.

− Әй, маған қатын не үшін керек сонда, көже құйып бермегенде. Жүр тез! Саған өкіл бай емес, мына мен бай ғой. О несі-ей! Ол анау байы жоқ қатындарға қожаңдасын.

Дүрия тағы да жалтақтап өкілге қарай берген. Өкіл ештеңе естімеген адамша теріс айналып кетті. Дүрия жұмысын тастап бері қарай жүрді. Киім-кешектің арасына орап қойған торсықтағы кежені алды. Біз балалар да аттан секіріп-секіріп түсе қап, Көлбай кереңді қоршай отырдық. Байдалы шал ғана бүгжеңдеп жұмысын істей берді. Көже ішкісі келіп-ақ тұр, бірақ өкілден батып келе алмайды.

− Қанша дегенмен баяғы заманда байдың құйыршығы боп қорқақтап қалған адам емес пе, өкіл десе зәр-иманы қалмайды,- деді Әжібек.- Міне, тақыр кедей Көлекең ғой, жан алғыш әзірейілің келсе де қорықпайды, тек Ырысбектен болмаса,- деді соңғы сөздерін оған естіртпей сөйлеп. Не дейсің дегендей Көлбай керең бетіне қараған.

− Көлекең мықты ғой деймін, шындаса сапы қанжармен өкілдің қарнын аяғына бір-ақ түсірер деймін! — деді Әжібек айқайлап сөйлеп. Көлбай керең мәз боп күлді де, оның құлағынан тартып қойды.

− Жәйрағыр, қағытпай отыр,- деді Дүрия да. Көже бермей қоя ма деп зәресі ұшқан Әжібек безек қақты.

− Қағытып отырғам жоқ, әпкетай-ай, құдай ақы шын сөзім. Олла-билла, көгермейін, көктемейін, жалшымайын, оңбайын, қызығымды көрмейін, опа таппайын, несібемді ит жесін, иманымнан жұрдай болайын…- деп ант-су ішіп шұбырта жөнелді. Дүрия еріксіз күліп жіберген.

− Жә, сонша қарғанып-сіленіп не болды. Мә, ішші,- деді, Көлбайдан босаған тостағанға көже құйып.

Әжібек дем алмастан тостағанды басына бір-ақ көтерді де:

− Уһ! — деді рақаттанып. Қампиып кеткен өз қарнын өзі шертіп қойды.- Осы Дүрия әпкемнің көжесі бал, тура.

Дүрия жымия күлді. Ырысбектен ажырасқалы жақыннан кергеніміз осы еді, жүдеп, қартайып кеткен тәрізді. Көзінің төңірегінен, ұртының үстінен ұсақ әжімдер түсіпті. Өзін Көлбай керең ұрады екен дегенді де естігеміз. Әрқайсымыздың көже жұтқанымызға қарап, шыт-шыт жарылған еріндерін жалап қояды.

Қасымызға өкіл келді.

− Жеңгей, көжеңізден қалды ма? — деді.

Дүрия үн-түнсіз торсықты шайқай түсіп, бидайын қоюырақ қып оған да құйды.

− Бәсе, өкілің де бітеу емес екен ғой,- деді Көлбай керең.- Әй, Байеке, жүр енді, сен де!

Байдалы шал да кеп шеттен тізе бүкті.

− Ата, сізге көже ішуге болмайды,- деді Әжібек Байдалы шалмен ойнайтын белгілі қалжағына басып.

− Е, неге?

− Өткені, осы қырманның ұрлық бидайынан жасалынған көже. Ұрлық көжені ішсеңіз өлгенде күнәға батасыз.

− Әй, шақша бас-ай, осы сенен көргенім бе!..- деп Байдалы шал ұмтыла берген. Әжібек зытып қашып былай шықты. Өзі сықылықтап күліп жүр. Біз де күлдік. Дүрия жымыңдап жүзін көлегейлей берді. Өкіл ғана күлген жоқ, көзін алартып Әжібекке қарады.

Сөйтіп, біз Көлбай кереңнің арқасында түскі демалыс жасап, көже ішіп рақаттанып қалдық. Ал әйелдер бел жазған жоқ.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий