Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Әжібектің ойлап таппайтыны бар ма! Бірде ойнап жүргенімізде аяқ асты: «Дабай, Ырысбекке концерт көрсетейік»,- деді. Біз түсінбей қалдық. «Кәдімгі әртістерше ойын қойып береміз,- деді Әжібек.- Біріміз Төлеген, біріміз Бекежан боламыз, Қыз Жібек болады, Шеге, Қаршыға болады… Әйтпесе, байғұстың келгеніне бір жеті болды, күндіз-түні үйінен шықпайды. Бір ауық көңілін көтерейік те». Әжібектің бұл сөзі онша түсініп болмасақ та бізге ұнап кетті. «Дабай, дабай»…- деп тұс-тұстан құлшынып шыға келдік. Әжібектің өзі Бекежан болды, Бәтен Төлеген болды, Шеге де табылды арамыздан, Қаршыға да табылды, ал Қыз Жібек жоқ… Балалардың ешқайсысы әйел болғысы келмеді. Қыздардың бірі келісер деп Қайрат пен Санат соларға кеткен, біраздан кейін екеуі де салы суға кетіп қайтып келді. Ешқайсысы көнбепті, ең аяғы жетім Тоштанға дейін: «Кетіңдер әрі, Қыз Жібек түгілі одан зорғыны айтсаңдар да әйел болып ойнамаймын»,- депті. Амал қанша, ойынды Қыз Жібексіз-ақ қоятын болдық. Қораның іргесінен орын әзірлеп, дайындыққа кірісіп те кеттік. Бәтен үйінен ұрлап алып келген жыртық-жыртық ескі алашаны екі бала екі жағынан ұстап тұратын шымылдық жасадық. Қасы-көзімізді бояйтын күйе-көмір оңай-ақ табылды, бірақ бетімізге жағатын ештеңе таба алмадық. Бор дегенді Мұқан ағай тоғыз қабаттап қол орамалына орап қалтасына салып жүреді, не істейміз? Ақыры оның да жөнін таптық. Ойынға қатысатын балалар жүгіріп барып колхоздың кеңсесінің әктелген (Бірінші Майға қарсы әктелген еді) қабырғасын алақандарымен үйкеп-үйкеп ап бетіне жағуы тиіс болды.

Сөйтіп, түгел дайын болған кезімізде Әжібек барып Ырысбекке хабарлап, ертіп шықты. Ойыңды бастауымыз сол екен, Ырысбек дәл біреу екі қолтығынан бірдей шап беріп қытықтап жібергендей қарқылдай жөнелді. Ақтаңдақ-ақтаңдақ боп әк жағылған бетімізге, күйемен боялған қасы-көзімізге, сақал-мұртымызға, алым-жұлым ұсқынымызға, күс-күс боп жарылған кесеудей қап-қара аяқ-қолдарымызға қарайды да, ал кеп күледі. Шалқалай бере «ха-ха-лайды», бүкшиіп ішін басып сылқылдайды.

Жайықтың ақ маралы ар ма Жібек?

Ырысбек мүлде ішегі түйіліп, көзінен жасы сорғалап, санын шапақтап өлді де қалды. Қысқасы не керек, ойын біткенше есін жиған жоқ. Ойынымыз біткеннен кейін ол күлкісін тыйып сәл үнсіз отырды да:

− Талаптарың жақсы екен, балалар,- деді, қабағын шытып ойланып қалды.- Жә, сендердің бұ жүрістерің бостан-бос азып-тозу. Сендерге мықты тәрбие керек екен,- деп және тоқтады, тағы ойланды.- Былай, балалар, бүгіннен бастап, тап қазірден бастап сендер әскер дайындығын өтіп, әскери ойындар ойнауларың керек. Әжібек! Адъютант!

− Из,- деген шөп үстінде отырған Әжібек селқос қана.

− Отставить! Кәне, қалай келуің керек менің алдыма, қалай жауап беруің керек?! — деді Ырысбек жекіп.

Әжібек ұшып тұрып, Ырысбектің алдына кеп қалт тұра қалды да, қолын шекесіне апарып.

− Иест! Мен мұндамын, жолдас кәмәндір! — деді.

− Міне, дұрыс. Атыңды атап мен шақырғанда ылғи өститін бол! Қазір мыналарды тегіс бойларына қарай сапқа тұрғыз. Мен үйден киініп шығайын. Сонан соң әскери дайындықты бастаймыз.

Даусы мұздай боп, сөздері қатқыл шықты.

− Иест, кәмәндір! Әй, жетпегірлер, кәне бойларыңа қарай сапқа тұрыңдар! Тез! Желкелеріңді үзіп жіберем! — деп Әжібек те дікілдей жөнелді.

Үйіне кірген Ырысбек іле-шала бар әскери киімдерін киініп, иығына мылтығын асынып шықты да, тізіліп сапқа тұра қалған біздерді қабағын түйе жағалай бір қарап өтті. Аяқтарының басы, кеуделері сәл озыңқырап тұрған бір-екі баланы кейіндеу шегіндірді, бір-екі балаға «мұрындарыңды сүртіңдер» деп ескерту жасады. Сонан соң өзі биіктеу жерге барып тұрды.

− Ең әуелі, сапта түзу тұратын болыңдар! Тәртіп бұзғандарыңа көк шыбықпен дүре соғылады. Әжібек, әнеу бұталардың ішінен бір шыбық сындырып әкел. Бар!

Әжібек жүгіріп барып шыбық сындырып әкелді. Ырысбек шыбықты алып былқылдатып көріп, ауаны осып-осып қойды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий