Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Ал сендер әнеу жерге барып тұрыңдар! — деді Ырысбек бізге. Өзі қып-қызыл болған қышқашты ұстап қораға кірді де есігін жауып алды. Біз үрейіміз қалмай арты не боларын тосып, үрпиісіп тұрмыз.

− Өлтір, кәне! Күйдір мені! — деп шаптыққан Көлбайдың даусы тағы шыққан, төбе құйқамыз шымырлап кетті.

− Өй, сорлы, біреудің қатынына таласып несі бар еді-ей, онан да тыныш қана анау ескі қатынын, қайтып алмай ма,- деп қойды Әжібек.- Ырысбек аямайды ол, қаны бұзылып келген адам.

Осы сәтте қораның ішінен, әуелі, ысқырып-ысқырып қалған, онан соң бір түрлі үрейіңді ұшыратын қорқынышты үнмен түсініксіз бір сөздерді күңіренте зарланған, әнге де ұқсамайтын, жылағанға да ұқсамайтын Ырысбектің даусы естілді. Сөздері бізге еміс-еміс жетіп тұр, бірақ мүлде түсініксіз.

− Ағатай-ай! Ағатай-ай!..- деп зар еңіреп жалына аттан салды Көлбай. Әжібек шыдай алмай қораның іргесіне жүгіріп барым, ішіне сығалады. Біз жалт беріп тым-тырақай үйді-үйімізге аттан сап жүгіруге дайын тұрмыз. Әлден соң Әжібек жанымызға қайтып келді.

− Мынау сұмдық-ей! — деді жағасын ұстап.- Билеп жүр ме, неғып жүр, білмеймін, әйтеуір өзін-өзі жұлып жеп, бірдеңелер істеп жүр. Әлгі қып-қызыл қышқашты тілімен жалап-жалап қояды.

Біз оның айтқанына сенбей:

− Көлбай кереңді күйдіріп жатқан жоқ па? — деп қосарлана сұрадық.

− Жоқ, оны күйдірген жоқ сияқты.

Өстіп тықыршып тұрғанымызда қораның есігі шалқасынан ашылды да Ырысбек шығып, қолындағы қышқашты тастай салды.

− Әжібек, ананың қол-аяғын шешіңдер де, бетіне су алып шығып бүркіңдерші! — деді.

Біз қорқақтай басып топырлап қораға кіргенбіз. Көлбай керең түкпір жақта қол-аяғы байлаулы, көзін жұмып талықсып жатыр екен. Әжібек әзер деп оның қол-аяғын шешті. Біреуміз жүгіріп барып үйден суық су алып шығып бетіне бүріктік.

− Уһ, жаным-ай, аман қалдым ба, әйтеуір,- деді есін жиған Көлбай керең. Сүйемелдеп орнынан тұрғыздық. Өне бойы дір-дір етеді.

− Айналайын, Әжібек-ай! Айналайындар-ай!.. дейді иегі кемсеңдеп.

− Өзіңе де обал жоқ! — дейді Әжібек.

− А?! Не?!

− Ескі қатыныңды, Әпішті қайтып ал деймін! — деді Әжібек құлағына айқайлап.

− Қатыны құрсын!.. Қатыны құрсын!..

Сыртқа шыққан соң тәлтіректеген күйде алды-артына қарамастан үйіне қарай тұра безді. Астық қоймасы жақта жүрген салт атты есепші Бектай шауып жетіп қасына келген.

− Қайда жүрсің, қырманға бармай?! — деп дікілдей бастаған.

− Сақтады мені құдай, сақтады. Көрмегенім Ырысбек болсын. Сұмдық!.. Сұмдық!..- деп басын шайқады. Бектай оның сөзін тыңдамастан:

− Кәне, дереу қырманға жет! Басқа сөзді білмеймін! — деді айқайлап.

− Барам, барам…

Қарқ-қарқ күлген дауысқа жалт қарасақ, Ырысбек терезесінен бәрін қарап, бақылап тұр екен. Ішін басып күледі, көзінен жасы ағып күледі.

− Әй, Әжібек қалай, кереңнің зәресін зәр түбіне бір жібердім-ау деймін,- дейді.

Біраздан соң күлкісінен тыйылып, гимнастеркасын шешті де, қолына домбырасын алып төсекке қайта қисайды. Тағы да бағанағысындай төбеге тесіле қарап жатып, тыңқылдатып шертпе күйлерді тарта бастады. Көңілді торықтыратын мұңлы күйлер. Өкініші бар шерлі адамның өкси отырып басындағы қасіретін айтып, мұңын шағынғандай көкірегіңді астан-кестең ғып, жылағыңды келтіреді. Әсіресе төменгі пернелерге жеткенде айрықша зар илеп, жүрегіңнің бір жерін үзіп ала жаздай шым-шым еткізеді. Домбыра деген осы екен-ау! Күй деген осындай болады екен-ау!..

Ырысбек домбыраны ұзақ шертті. Бір ауық со жатқан күйінде ыңырси әндетіп, бұрын біз естімеген зарлы бір әуенді бастады. Басқа сөздерін жаттай алмасақ та, қайырмасын бірден қағып алдық.

Әскер боп тудым,

Белімді-ай будым.

Қайтейін, сұм фашиске

Қарсы-ай тудым-ай…

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий