Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Терезе алдында топырлай тұрып іштегілердің бірде-бір сөзін, әңгімелерін қалт жібермей тыңдаймыз, бір ауық жалыққандарымыз есік алдындағы қалың көк шөпке алысып-жұлысып ойнап аламыз. Мұндай күндері біздің қуанышымыз бөлекше. Өйткені бүкіл ауыл көңілденіп, думанды боп қалады. Жұрттың қабақтары ашылып, жүздері жадырап бір күнге болса да бастарындағы ауыр қайғы-қасіреттерін сейілткілері келгендей күйге ауысады. Қайтқан адамның әңгімелерін тыңдап, өздері де сөйлеп шерлерін тарқатады. Мұндай күндері бастарына секірсек те біздерге ұрсып-зеку деген болмайды. Кірген-шыққан табақшы әйелдер: «Әй, мына балалар аш қалмасын» — деп, бірі тостаған толы сүтке шылаған талқан берсе, бірі қуырған бидай уыстатады. «Өй, айналайындар-ай!» деп мүсіркеп қояды. Осыдан кейін біз шаттанбай, кім шаттансын. Түннің жарымы тұрмақ таң атқанша, қашан үлкендер тарағанша жату жоқ, ойынның түбін түсіреміз.

Түннің ортасы болды, бірақ жиналған жұрт қозғалар емес. Ырысбек біресе гармонын тартты зарлатып, біресе мондолині мен скрипкасын ойнады сыңсытып, қолына қайсысын алса да іркілмейді, құйқылжыта жөнеледі, нешетүрлі әуендер: татар, орыс, қырғыз, қазақ саздары бірінен кейін бірі төгіледі.

− Паһ, шіркін, өнеріңе болайын! Өнерпаз деп осыны айт!

− Он саусағың бал екен-ау!

Елти тыңдаған жұрт таңдайларын қағып, тамсана түседі.

− Ырысбек-ай, даусыңды сағындық қой, шаңдозым, бір әу деп жіберсеңші! — деді шыдай алмаған Байдалы шал.

− Иә, иә, бір әу деп жіберші!

− Ән салшы, ән салшы! — деп енді оны тұс-тұстан қолқалады.

− Халқым қалау айтты ғой, әпкеші, домбырамды! — деп Ырысбек көтеріле бір сөйлеп, қолына домбырасын алды да күмбірлетіп күйлей жөнелді. Өңі сұстанып ойлы күйге түсті.- Дүрия қайда? — деді онан соң саңқ етіп. Дүрия есіктен басын сұққан.- Келші бері! Отыршы қасыма!

Дүрия ыңғайсызданып, қипақтап қалған.

− Кел, отыр қасыма! — деді Ырысбек екінші рет әмірлі үнмен.

− Әй, Дүрия, бар, отыр, қарағым, қасына!

− Өзі шақырды ғой, отырсаңшы!

− Иә, отыршы қасына! — десіп жұрт жан-жақтан кеу-кеулеп, қолынан тартқандай ғып апарып, оны Ырысбектің қасына отырғызды. Дүрия қып-қызыл боп қызарып, шамның жарығына жақын отырған жүзі ерекше алаулап сұлуланып кетті. Көлбай керең Ырысбектің саңқылдай айтқан сөздерін естіген кезде көзі бажырайып, Дурияға кіжіне қараған, енді тук көрмегендей басын тұқыртып бүгжие берді.

Ырысбек домбырасын қағып-қағып қалды да, майда қоңыр үнмен бастай жөнелді.

Айтады Біржан өлең ентелетіп,

Біржанды халқым қойды-ау еркелетіп… –

деген кезде шалдар бір қозғалып:

− Уай, не дейді-ау!

− Пәлі, шіркін! — десіп кеу-кеулеп, мәз боп қалды. Мұнан әрі Ырысбек тынысын бір кеңейтіп алды да даусының бар қуат-құдіретін әннің қайырмасына салды:

Ахау ха-ла-ла-ла, ла-ла-лай,

Ахо-оу-у ха-ла ла-ла ла-ла-лай

лай ла-ла лай…

Мұндай да зор, мұндай да асқақ, мұндай да әсем, сазды сұлу дауыс болар деп кім ойлаған. Соңғы үш жыл бойына жылау-сықтаудан, қасірет-қайғыдан, қаралы күйден ығыр болған, мынау май шамдары сығырайған ауылды, мынау меңірейген қараңғы түнді, сонау күрсінгендей боп дүңкиіп жатқан биік шың-жоталарды осы бір асқақ ән лезде кеулеп, сілкіп-сілкіп қалғандай болды.

− Уа, өркенің өссін, азамат!

− Көп жаса, қарағым! — деп, жұрт естен тана тәнті боп, мүлде есеңгіреп қалды.

− Ал тағы да деп жібер!

− Тағы да, тағы да…- дейді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий