Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ырысбек те көп жалындырған жоқ, Біржаннан кейін Ақан серінің, Иманжүсіптің, Әсеттің әндерін бірінен бірін асыра шырқады, бірде еңіретіп егілтіп, бірде наздандырып, бұрын түйсініп, сезіп-білмеген әсем күйге түсірді. Біз, балалар, ойын дегенді ұмытып, дүниеде осындай да сұлулық, осындай да сырлылық, кербездік, тіпті түсіндіріп айтуға тіл жетпес бір тәтті сәттер болатынын ұғып тұрмыз. Ырысбек:

Қозы Көрпеш — Баяндай,

Бір молада өлсек-ау…−

деген тұста кіп-кішкентай жүректеріміз ыршып, бұлқынып-ыршып бұлқынып түскендей болды. Терезеге ентелеген күйде біріміздің қолымыздан біріміз тастай қатып ұстай беріппіз.

− Қайран Ырысбек аға… Байғұс Ырысбек аға…- деді балалардың бірі сыбырлап.

Ырысбек болса енді Дүрияға аса бір мұңлы кейіпте қадала қарап қапты.

− Ей, алланың жазмышы-ай, пендеңе көрсетпейтінің жоқ екен-ау,- деді кемпірлердің бірі қатты күрсініп қап.

− Жә, көп отырып қалдық қой, қайталық енді. Ырысбекжан алыс жолдан келді ғой, жатып дем алсын,- деді Байдалы шал.

Жұрт орын-орындарынан қозғалып, тұрып кетуге ыңғайланды. Дүрия да тұра берген.

− Тоқта, отыр! — деді Ырысбек оны қолынан тартып. Онан соң даусын көтере: — Ағайын, тізе бүгіңдер. Айтар арызым бар, бәріңе! — деді нық үнмен.

Жұрт ошарылып қайта отырысты, бәрі аңтарыла қарайды ЬІрысбектің аузына. Ырысбек әлі со Дүриядан көз айырмаған мұңлы кейіпте отырып толқи сөйледі:

− Мынау отырған менің сүйіп қосылған жарым еді. Бүгінде басқа біреудің әйелі боп отыр. Бірақ мен неке бұзып ажырасқан жоқ едім. Амал қанша, сұм тағдыр екеумізді де тәлкекке салыпты. Жоқ, мен мұны кінәламаймын. Қарғысымды соғысқа айтам… Уа, ағайын, жарымды қайтарып беріңдер маған!

Үйдің іші тым-тырыс боп тына қалды. Енді жұрттың көзі тегіс есік жақта кеңірейіп отырған Көлбайға ауған. Ол әлі де толық ести алмай бағжаңдай береді әркімге.

− Дүрияны қайтарып алам деп отыр Ырысбек. Сен не дейсің? — деді жақын отырған біреу құлағына айқайлап.

− Жоқ, жоқ, мен қатынымды қайтарып бере алмаймын! — деді ол үзілді-кесілді көзі шатынап.

− Сен не дейсің, қарағым Дүрия? — деді қарттардың бірі.

Дүрия сәл үнсіз отырды да, көзіне толған жасты ысырып тастап:

− Егер Ырысбек қал десе, мен осында қалам. Бүгін түнде өліп, сүйегім осы босағадан шығар болса ризамын,- деді.

− Алда байғұс-ай, енді қайтсін.

− Шын сөзі-ау!…

− Не десін енді, өзі де солай ғой…

Көлбайдың қасында отырған адам Дүрияның сөзін оған айқайлап жеткізген болатын. Көлбай ұшып тұрып, қонышынан екі жүзді ұзын сапыны жарқ еткізіп суырып алды. Түнеукүні Махмуд деген чеченнен бір лаққа сатып алған болатын.

− Жарып өлтірем! — деді ұмтылып, бірақ төңірегінде отырғандар ұстап жібермей қалды.

Осы кезде Ырысбек те атып тұрып, қабырғада ілулі тұрған мылтығын жұлып алды да, Көлбайға қарап басып қалды. Абиыр болғанда қолын біреу қағып үлгеріп, оқ Көлбайдың төбесіндегі бөркін ғана ұшырып түсірді. Үйдің ішіндегілер апыр-топыр боп естері шығып кетті. Үш-төрт адам Көлбайды далаға сүйретіп әкетті.

− Ал, ағайын, сендердің алдарыңнан өттім. Ендігі сөзді Көлбайдың өзімен сөйлесем. Тараңдар енді! — деді Ырысбек.

Сөйтіп, жұрт таң алдында тарады, Ырысбек пен Дүрия екеуі оңаша қалды.

Біз де тарамақ едік. Әжібек үш-төртеумізді басқалардан бөліп алып қалды да:

− Тоқтаңдар, қызықтың көкесі енді болады,- деді сыбырлап.- Қазір Ырысбек Дүрияны итше тепкілеп сабайды әлі, тіпті атып тастауы да мүмкін, соны көріп кетейік.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий