Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Жұртым,- деді онан соң, даусы елжіреп, егіліп шықты.- Алыста қан майданда жүргенімде отырсам ойымнан, ұйықтасам түсімнен шықпады туған жерім. Жоңғардың мынау жоталары дүниенің төбесіндей де басқа жер осының етегіндей боп көрінді. Сондайда: «Дүние-ай, туған жерге аман-сау оралып, сол жоталарға бір шығып, дүниенің төбесінен қарар күн болар ма екен?!» деп армандаушы едім. Сол арманыма бүгін, міне, жетіп отырмын. Әлгінде де айттым ғой, тағы да айтам: қазір табанда осы арада жан тәсілім етсем өкінбеймін енді. Өздерің өліп-тірілген адам деп отырсыңдар мені. Ол рас. Мен бір өліп, сонан қайта тірілген адаммын. Мені тірілткен мына сендердің ақ тілеулерің, дарқан пиғылдарың! Ризамын, елім, жұртым. Мен жауған оқ пен жанған оттың ортасына -қанды ұрысқа үш рет кірдім. Екі рет аман шықтым, үшінші ретте жараландым. Өте ауыр жараландым. Мына кеудеме оқ тиіп, екі күн ұрыс даласында есімнен танып, қансырап жатқанымда орыстың бір қаршадай қызы жанымды арашалап аман алып қапты. Мені өлдіге жорып қойған екен, енді болмаса көп өлікпен бірге көмгендей де екен, сонда әлгі қыз бала менің әлі де тірі екенімді біліп аузыма су тамызыпты. Мен, бейбақ, сөйтіп, дүниеге қайта оралдым, сөйтіп тірілдім… Госпитальға әкеп, кеудемді тіліп, өкпемнің оқ тескен тұсын ойып алып тастады. Сөйтіп, орнымнан тапжыла алмай үш ай жаттым.

Үй ішіндегілер «аһ» ұрып күрсініп, кемпірлер мен әйелдер көздерін сығымдай берді.

− Айналайын-ай, көрер қызығың әлі бітпеген ғой.

− Ой, дүние-ай, талай боздақтар қалды ғой, сөйтіп, қансырап, талай жерде.

− Қу соғыс, көріңде өкіргір пәшис!..

− Орысымнан айналдым! Шіркін, қаршадай қызының істеп жүргенін қарашы!

− Ей, түге, тоқтаңдаршы, тұс-тұстан сапылдап жарыспай, әңгімесін тыңдайық! Ырысбекжан, сен өзің пәшис деген иттерді көре алдың ба? Қандай болады екен.

− Иә, иә, соны айтшы. Түрлері қандай өзі, кәпірлердің? Адам сияқты ма? — деп Байдалы шал да қозғалақтап қойды.- Қазиттердегі суреттеріне қарасаң жаның түршігеді ғой өздерінен, неше түрлі хайуан-жәндіктерге ұқсайды. Иіріліп-иіріліп жатқан жылан сияқтысы да, тісі ақсиған қорқау қасқыр сияқтысы да, әйтеуір толып жатқан жексұрындар ғой түрлері.

− Фашист дегенді көрдім,- деді Ырысбек.- Бір офицері қолға түсіп, соны, мына, тап сіз отырғандай жерден күзетіп тұрдым. Өңдерінде қан-сөл деген болмайды екен…

− Е, кісі өлтіретін адамның түрі сондай болады ғой.

− Көздері қанталап тұрады екен.

− Астапыралла, қанға тоймайтынның өзі десеңші. Тұмсықтан салмадың ба иттің баласын.

− Қолға түскенді ұруға заң жоқ қой. Әлгінің қасында бір сағаттай тұрғанымда әлгі жұтқан ауадан жұтқаныма жиіркендім. Бірақ амал қанша, шыдау керек.

Күн батып, ел орынға отыратын кез болды, бірақ бірде-бір адам тараған жоқ. Ырысбектен соғыс жайын, өзінің қай майданда, қай жерлерде болғанын, ауылдан кеткендерден кімді көргенін үсті-үстіне сұрайды, бір айтқандарын қайта-қайта айтқызады, таңырқасып, таңданады, жандары ашиды, бір ауық көздерін шылап жылайды. Оның әңгімелерін анық ести алмай қор болған

Көлбай керең ғана кеңірейіп, әркімнің аузына жапақтай қарап көңілсіз отыр. Алғашқыда ол қасындағылардан: «А?!» «Не дейді?» — деп сұрап отырды да, ақыры олар мезі болғандай теріс айнала бастаған соң мазалауын қойды. Бір мезгіл Дүрияға: «Әй, үйге қайтайық та» — деген; «Жә, отыршы жайыңа!» — деген Дүрия зеки сөйлеп. Өзі дастарқан жайып, шай әзірлеп, тыным тапқан жоқ. Ырысбектің әңгімелерін үзік-үзік тыңдап жүр, ести алмай қалған тұстарын әйелдерден сұрап алады. Есік алдына шыққан сайын егіліп-егіліп жылайды да, ішке кірерде көз жасын сүртіп тастайды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий