Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Дүрия жылағанын қойып, көз жасын жаулығының ұшымен сүртті де, барып есікті ашты. Ырысбек өзі бастап үлкендердің бәрі ішке кірді. Әйелдер дереу сыпыртқы тауып, су сеуіп үйдің ішін тазартып, сыпыруға кірісті. Екі-үш әйелді Дүрия үйіне ертіп әкетті де, көтергендерінше көрпе-жастық, киіз, ыдыс-аяқтар алып келді. Есік алдына көрші-қолаңдардың самаурындары әкелініп, шай қойылды. Ілездің арасында, бір жылдан бері қаңырап иесіз тұрған Ырысбектің үйі гу-гу еткен қызық думанға толды да қалды. Үйдің іші ысып кеткен соң терезені жақтауымен түгел алып тастаған, мұнысы бізге — балаларға рақат болды, енді іштегілердің гу-гу сөздерін сыртта ойнай жүріп-ақ тыңдай беретін болдық. Үлкендердің сөздерін тыңдауға шетімізден әуес-ақпыз. Ол сөздері біз тыңдауға лайық па, жоқ па,- ол жағын білмейміз, әйтеуір олардың ауыздарынан шыққан жақсы сөзді де, жаман сөзді де, қағып ап, бойымызға сіңіре беретінбіз. Біртіндеп жұмыстан қайтқан еркектер мен шалдар да келе бастады. Дүрияның кейінгі тиген күйеуі Көлбай керең де келді. Екеуі төбелесетін шығар деп, біз, балалар, терезеге үймелей қалғанбыз, жоқ, төбелеспеді, қол алысып амандасты да, Көлбай керең есік жаққа мыжырайып отыра кетті. Бөркін алып, басын қасынды да, онан соң көзіне дейін түсіріп қайта киіп алды. Үй шаруасымен кіріп-шығып жүрген Дүрияға бірдеңе деп күңкілдеп еді, анау қабағын шытып, сөйлеспеді.

− Дүрия! — деді Ырысбек дауыстай сөйлеп.- Жаным, менің домбырам, гармоным, мандолинім, скрипкам қайда?

− Қазір, қазір…- деді Дүрия. Әжібекті ертіп үйіне қарай жүгіре басып кетті де, сәлден соң екеуі, әлгінде Ырысбек сұраған бар аспаптарды көтеріп жетті.

− Ой, бәрекелде! Дүрияның мұнысы іс болды,- десті риза болған ақсақалдар.

− Рақмет, жаным! — деді аспаптарын көргенде жүзі жайнаңдап кеткен Ырысбек. Домбырасын жұлып ап, құлақ күйін келтіріп қағып-қағып жібергенде, үйдің ішіне уыс-уыс күмісті шашып-шашып қалғандай болды. Тосаңсып қалған қолын жаттықтыру үшін құлақ күйлердің біразын бірінен кейін бірін шұғыл-шұғыл қайырып тастап отырды да, бір кезде еті қызған жүйріктей күмбірлетіп ап жөнелді дейсің. Үйдің ішіндегілер де, сыртта терезе түбінде тұрған біздер де демдерімізді ішімізге тартып, сілтідей тына қалдық. Қос ішекті ағашта осынша құдірет болады деп кім ойлаған, бірде бебеу қағып, бірде сұңқылдап, көңілді алай-дүлей аласапыран күйге түсіріп, мүлде естен таңдырды. Екі көзіміз телміріп Ырысбекте, оның ерекше қасқайып отырған отырысына да, күреңіте тершіген сұлу жүзіне де, ойнақшыған өткір көзіне де, қайратты қара шашына да ынтызар боп қызыға қараймыз. Үйдегі бүкіл ауыл адамдары бір төбе де, Ырысбек өзі бір төбе, байқаусызда қаз, тауықтардың арасына кеп қонақтап қалған қыран бүркіт сияқты.

Күйді ойнап болғаннан кейін домбырасын көкірегіне басып, көзін жұмып, бала тербеткендей ырғатылып сәл отырды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий