Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жүр, екі аяғы көктен салбырап түссе де көрейін мен оны!» — деп долданып, көрпе-жастығын арқалай-марқалай арбаға отырады. Есігінің алдына жеткен бойда: «Ал сен мына көрпе-жастықты үйге кіргізе бер!» — деп, өзі екі кештің арасында Ырысбектікіне кетеді. Кешенің басынан кіре сықпырта бастайды: «Әдіре қалғыр, байымды сонша қорлайтындай қатыныңның несі артық еді?! О несі-ей! Әлде сені соғыстан қайтарғанда, ауылдағы кем-кетіктерді қырып-жой, деп қайтарып па еді?!» Әпіш араласқан жерде бір сойқанның болатынын білетін көрші-қолаңдар тегіс жиналып қаран тұрыпты. «Әй, Дүрия, қайда әлгі байың? Шықсын бері!» — депті жете бере айқайлап, «Көлбайымды жеңгенін білейін, кәне менімен ұстассыншы!» Ырысбек Әпіштен шынымен-ақ қорыққаны ма, әлде көкдолы әйелмен беттесуді ер басына ар көргені ме, әйтеуір, ауыз үйдің артқы терезесін жұлып тастап, қашып шығыпты да, тығылып, қашан Әпіш кеткенше үйіне жоламапты. Дүрия болса Көлбайдың сапысын Ырысбек алмады деп ант-су ішіп, қарғанып, нан ұстап әзер құтылыпты. Ақыры Әпішті Көлбай кереңнің өзі кеп ертіп кеткен көрінеді. Бір қызығы сол Әпіш, бүкіл ауылда ешкімнен беті қайтпайтын, таймайтын Әпіш Көлбай кереңнің дегеніне екі дегізбей бағынатын және қорқатын. Көлбай керең Дүрияға үйленем дегенде еш дау-жанжалсыз өз еркімен ажырасып, өзіне тиесілі көрпе-жастығын арқалап алып, зар еңіреп жылап фермаға кете беріп еді. Сонда біреулер қолтығына су бүрікпек боп: «Әпіш-ау, үн-түнсіз кете бермегің қалай?» — дегенде, Әпіш: «Қайтейін, құдай қосқан қосағым, бақыр басты азаматым еді, оны қарғап-сілеп, онымен соттасып не опа табам. Бұ да құдайдың маңдайыма жазғаны шығар»,- деген екен. Енді, міне, сол қосағына қайта қосылып, жағасы жайлау, көңілі жаз болды да қалды. Бірақ бәрібір Ырысбекке деген қитығы басылатын емес, деседі жұрт. «Сапыны таптырмай қоймаймын»,- дейтін көрінеді. «Е, неге қояйын, бақандай бір лаққа айырбастап алған дүниені».

Әпіштің бұл сөзін естігенде Ырысбек ойланып қалды. «Апыр-ай, шынында да со сапыны жер жұтты ма? Аяқ асты қайда жоғалып кеткенін білмей қор болдық-ау. Көлбай кереңнің қолын қайырып бұрап, тартып алдым да қараңғыда ауыз үйге қарай лақтырып жібердім. Бірақ ертеңіне Дүрия екеуміз екеулеп іздеп таппадық. Таңым бар»…- деді.

Әжібек біздерге қарап қабағын сәл түйіңкіреп, ауыздарыңа сақ болыңдар, дегендей ескерту жасап қойды.

Оқу жылы басталған. Біз түске дейін оқимыз. Мұғаліміміз Мұқан ағай аурушаң кісі еді, оның үстіне түске дейін қосалқы екі класты, түстен кейін және қосалқы екі класты оқытып әбден шаршайтын болу керек, екі сағат-үш сағаттан көп ұстамайды. Онан кейінгі уақытымыз қара кешке дейін ойынмен өтеді. Көбіне Ырысбектің есігінің алдына жиналамыз. Бұл үй біздің бас қосар орталығымыз боп алған. Бізді еліктіретін қызық атаулының бәрі осында.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий