Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ауыл арасында Ырысбек туралы әр түрлі әңгімелер тарай бастады. Біреулері оны: «Аурулы екен, ауыр жарақаттан кейін ептеп ауысқан көрінеді»,- деп аяныш білдірді; екіншілері: «Жарықтық, бабасы аруақты, арқасының ұстамасы бар бақсы кісі еді, бұ Ырысбек те тегін емес, бойында тұқым қуалаған бірдеңе бар»,- деп жорамал жасады; үшінші біреулер: «Өй, қойшы әрі, бұ Ырысбек баяғыдан белгілі емес пе. Айдың-күні аманда оқудан қашып оқу оқымай, не береке тауып жұмыс істемей, гармонь-домбырасын арқалап ел кезіп, өзінше сері атанып той-томалақ іздеп тентіреп жүрмеуші ме еді. Бәрі со жұмыс істемеудің амалы»,- деп кінә тақты. Соңғылардың сөз төркінінің бір жанды жері бар еді. Колхоз бастығы — Нұғыман оған: «Өзің қалаған бір жұмысқа шық, мұндай кезде үйде жатқаның келіспейді»,- деп екі дүркін кірген екен, бірақ Ырысбек сазарған күйде онымен мүлде сөйлеспей қойыпты.

Ал Көлбай керең Ырысбек десе әзірейілінің атын естігендей азар де безер қашатын болды. Әнеу күні қора ішінде ЬІрысбектің бұған не істегені со күйі жұмбақ. Сұрағандарға Көлбай керең: «Атай керме, сұмдық!» — деп түңіле жағасын ұстайды. Бірақ не сұмдық екенін түсіндіріп және айтпайды. «Сен сұрама, мен айтпайын»,- дейді. Кереңнің мінезі белгілі, айтпаймын десе бітті, айтпайды. Өзі Дүриядан мүлде күдерін үзіп, сиыр фермада сауыншы боп жүрген бұрынғы әйелі — Әпішті қайтып алды.

Ол екеуінің қайта қосылуы да ауылға жырдан қызық әңгіме боп тарап кетті. Көлбай керең ат-арбамен жем тартып фермаға барса, Дүрияның мұны тастап кеткенін естіген Әпіш қарсы алдынан жылап шығып: «Жәкемнің баласы-ау, не боп кеткенсің азып-тозып?!» — деп кеп бас салады. Көлбай кереңнің түрі шынында да адам аяйтындай алым-жұлым екен. ЬІрысбектің соққысынан бет-аузы көкпеңбек, неше күннен бері ыстық тамақ ішпей көзі шүңірейіп, жағы суалған, сақал-мұрты қауғадай боп өскен. Жалғызсырап ішқұса боп жүрген адам бұл да шыдай алмай еңіреп қоя береді. «Бір ажалдан қалдым ғой, Әпіш!..» -деп, өзінің Ырысбектен көрген зәбір-жапасын айтып шағынады, бір лаққа айырбастап алған екі жүзді алмас сапысынан айрылғанын айтады. Ұрынарға қара таппай жүретін ұрысқақ Әпіш: «Сенің кемтарлығыңды басынғаны ғой, әдіре қалғыр. Оның қатынының сенен қай жері артып тұр екен, сонша қорлайтындай.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий