Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Іше ғой, айналайын, кәне тағы ішші,- деп кемпір де үстелей түседі.

Ағаш шелектегі айран да, дорбадағы нан да әп-сәтте сап болды. Қарнымыз қампиып қозғала алмай қалдық. Бір-бірімізге мұртымыздан күле қараймыз. Кемпір болса:

− Айналайындар…- деп елжіреп отыр. Ауық-ауық ұлы есіне түсіп кететін болу керек:

− О-оһ! — деп терең күрсініп қояды.

Керіліп-созылып орнымыздан тұра бастағанбыз. Шымырбай қарт қасымызға қайтып оралды.

− Ал, балалар, жол болсын,- деді.

Біз жымың-жымың етіп бір-бірімізге сен айт, сен айт дегендей түртпектесіп тұрдық та, ең соңында бәріміз жол басшымыз еді-ау, деп Әжібекке тоқталдық.

− Қауын жегелі келдік,- деді ол түйеден түскендей етіп.

− Ә, бар бұйымтайларың сол ма? Жөн-жөн,- деді Шымырбай шал сақалын тарамдай тұрып, ойланған кейіпте:

− Бірақ менің бір қысылып тұрған жайым бар, балалар. Қауын әлі піскен жоқ қой, әне, пәлекте жатыр,- деп үй іргесінен жүз-жүз елу қадамдай жердегі жыраны кеулеп салынған бақшасын нұсқады. Төңкерілген қара қазандай үлкен-үлкен қарбыздар теңкиіп-теңкиіп көрінеді. Қызыға-қызыға көз тастап, бір-бірімізді тағы да түртпектейміз.

− Әнең қарашы! — деп Санат маған сыбыр ете қалды. Көк есектің алдында бір үлкен қарбыз жарылып жатыр екен. Әжептәуір. Қам жүгіріп қызара бастаған қарбыз. Енді бәріміз сол қарбызға қарап қаппыз.

− Міне, көрдіңдер ме, әлі піспеген. Мал үзіп кеткен екен кеше, жарып көк есектің алдына тастадым,- деді қарт әлгі жарылған қарбыздың бір бөлегін аяғымен қозғап.

Әжібек сол жарты қарбыздың үстіне төніп түсе жаздап тұр.

− Былай болсын, балалар, сендер араға енді бір он күн салып келіңдер әй бір, қарық қылайын бәріңді де,- деді Шымырбай.

Біз қипақтасып кете қоймай, біресе көк есектің алдында жарулы жатқан қарбызға, біресе анау пәлекте теңкиіп жатқан қарбыздарға қарай бергенбіз.

− Әй, Тоқтаржанның көкесі-ау, көк қарбызды аяйсың ба, біреуін әкеп жарып бер балаларға, көрсін,- деді осы кезде кемпірі.

− Сен де қызықсың, піспеген жемісті үзуші ме еді. Ол болмайтын ырым,- деп Шымырбай қарт кесіп тастады.- Сөйтіңдер, балалар, енді он күннен кейін келіңдерші…

Басымыз салбырап, сүлесоқ басып, келген жолымызбен ауылға қайттық. Күн еңкейіп, көлеңкеміз ұзара бастаған. Алдымызға түсіп ап, ербең-ербең етеді: қол аяғымыз шидей ұп-ұзын, басымыз соп-сопақ, менің көлеңкем анау деуге намыстанасың. Біріміздің көлеңкемізді біріміз мазақтап, жыртақтап күлеміз: асқабаққа теңейміз, қиярға теңейміз, астауға теңейміз, келсапқа теңейміз… теңемейтін затымыз қалмайды.

Жыланша бұралаңдаған ирек жолмен біріміздің артымыздан біріміз тізіліп жотаның үстіне шықтық. Иіріле қап кейін қарағанбыз. Шымырбайдың үйі табанда сай ішінде жәпірейіп кіп-кішкентай ғана боп қалыпты. Мұржасының түтіні будақтайды, тасада тығылып отырып тартқан шылымның түтіні сияқты: қарттың өзі қорасының төбесінде бағанағы шөбін жаймалап жүр, кемпірі есігінің алдында күйбің шаруаға кіріскен, ал көк есек ойыншық сияқты кіп-кішкентай боп сол бір орнында сілейген де қалған.

− Бір қарбызын аяды-ау мына шал,- деді Әжібек тісінің арасынан сөйлеп.- Зәуімен сонау ауылдан келгенімізде көк есегі ғұрлы болмадық қой. Қап, қорлығы-ай, мына қақпастың.

Әуелі ренішпен жай бастаған сөзінің соңын кіжіңмен аяқтады.

− Ал енді ерегескенде бар ғой, бүгін осы шалдың қауын-қарбызынан дәм татпай кетпеймін.

− Мен де,- деді Қайрат іле қоштап.

− Мен де,- деді тағы бір бала.

Сол-ақ екен, тұс-тұстан, бәріміз де: «Мен де, мен де» — десіп шулап кеттік.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий