Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Біз бұл бұйрығын үнсіз мақұл алдық.

Өстіп отырғанымызда желе жортып Нұғыманның келе қалғаны.

− Ал, балалар, хал қалай?

− Түске дейін жақсы істедік. Әне, аралап, тексеріп көріңіз. Ал енді істеуден бас тартып отырмыз,- деді Әжібек.

− Иә, не боп қалды? Себебі не?

− Себебі біріншіден мен ашпын.

− Неге?

− Байдалы маған көже бергізбеді. Екіншіден, көженің ішінде түйірдей де ет жоқ.

− Қалайша? Сендердің тамақтарыңа деп қойдың бір санын бергізіп ем ғой.

− Сенбесеңіз сұраңыз мыналардан.

Біз тұс-тұстан:

− Рас, рас…

− Көженің ішінде түйірдей де ет жоқ,- дедік шуылдап.

− Жарайды, оны мен өзім анықтаймын. Әжібек, кәне, сен менің артыма мінгес. Ал сендер, балалар, жұмысқа кірісе беріңдер.

Әжібек бастықтың артына көзді ашып-жұмғанша мінгесіп те алды. Әлгіндегі мұңаюдың, жылаудың ізі де қалған жоқ жүзінде, жайраң қағады.

− Дабай, жұмысқа кірісіңдер! — деп бұйырып қойды бізге.

Айналасы бірер сағаттың ішінде қайтып оралды Әжібек.

− Көжеге де тойдым. Байдалыны да орнынан түсіртетін болдым,- деді масайрап.- Біздің тамаққа деп берілген етті өзі жеп қойған екен. Бастық әлгінде, бүкіл пішеншілердің алдында масқаралап, желкесінен шығарды. Бүгіннен бастап біргәдірліктен босатам деді өзін.

Кешкісін ауылға қайтқанымызда жұрт клубқа жиналысқа жиналып жатыр екен. Ондайдан біз қалушы ма ек. Үлкендердің соңғы жағынан қараңғы түпкірде сабан үстінде апыр-топыр алысып-жұлысып біз де отырдық. Біріміздің бас киімімізді біріміз қағып «анда кетті мұндалақ, мұнда кетті мұндалақ» ойнаймыз.

− Әй, балалар, тиышталыңдар! — деді бастық. Сәл тынышталдық.

Жиналыс: бірінші, пішенге әзірліктің барысын талқылады, екінші, ұйымдастыру мәселесі қаралып, «колхозшыларға тамаққа деп берілген етті қымқырып қалғаны үшін» Байдалы шал бригадирліктен босатылып, оның орнына менің апамды сайлады. Апам: «Істей алмаймын»,- деп бас тартып еді, жұрт: «Істей аласың»,- деп шулап отырып алды.

Қараңғыда, біреу қолымды қысты, Әжібек екен.

− Маладес! — деді сыбырлап.

Апамды айтқаны ма, әлде соның баласы болған соң мені айтқаны ма, білмеймін.

Жиналыстан кейін үйге қайтып келе жатқанда апам бастыққа:

− Нұғыман-ай, осы жұмысқа мені бекер сайладыңдар-ау. Соңғы кезде денсаулығым нашарлап барады, істей алмаймын ба деп қорқам,- деген.

− Жеңгей-ай, кім денсаулығы жетіскеннен істеп жүр дейсіз. Жә, қорықпаңызшы, істеп кетесіз,- деді Нұғыман.

Астықтың арам шөбін бір айдан астам отағаннан кейін, бастық бізге бір күнге демалыс берді. Ертеңіне пішенге шығатын боп келістік. Бұл кезде жұмысқа едәуір көндігіп, мойынсұнып алған едік. Бастық та біздің әжетке жарап қалғанымызға қуанып, келген сайын мақтап, риза боп кетеді.

Жауды жеңуге үлес қоспады деп ертең сендерді кім айтар екен енді. Азамат болды деген осы, айналайындар,- деп қояды.

Біз бұрынғыдан әрмен жанымызды сала істейміз. Оның үстіне бригадиріміз Әжібек те желкемізден түспейді, әрқайсымыздың жұмысымызды көз айырмай қадағалап, қит етсең бас салып төмпештеп алады.

Сөйтіп, бір күнге арқамыз босап, демалыс алып, көшенің ортасында ойынға кірістік: доп қудық, асық ойнадық, одан екіге бөлініп қызылдар мен ақтар боп соғыстық. Әжібек бұл ойындардың бірінде де болған жоқ. Ол түске жақын бір-ақ шықты үйінен.

− Әй, жетпегірлер, бері келіңдер! — деді самарқау ғана даусы дарылдап.

Ұйқыдан жаңа тұрған екен, басы-көзі ісіп кетіпті, шашы ұйысқан мамық.

− Бүгін ұйқым бір қанды,- деді есіней тұрып.- Әй, Қайрат, анау шәугімді әкеп су құйып жіберші, беті-қолымды жуып алайын!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий