Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Балалардың бәрі екеуміздің кекіліктерімізге қызығатын болды,- дейді Петька маған қайырылып даурыға сөйлеп.- Мен мұны соймаймын, қолға үйретіп асыраймын әлі…

− Мен де соймаймын…

Осы мезетте Петька: «Ой!» деп қолын шошына сілкіп қалған, кекілігі пыр етіп төмен құзға қарай зымырап ұша жөнелді.

− Әй, кекілігің ұшып кетті ғой! — деп мен айқайлап жібергем. Алдағы Көлбай керең де жалт қарады.

− Тістеп алды,- деді Петька оң қолының сыртын сипалап.

− Қап! Жаңа бауыздап берейін дегенім сол еді,- деді Көлбай керең өкініп.- Енді кекілік те тірі жан ғой, айбат жасамай ма екен?! Абайламасаң, сөйтіп шоқып алады. Жә, екінші тұзаққа да түскен шығар, жүріңдер!

Екінші тұзаққа жеткенімізде мұнда алғашқы тұзақтағыдай емес, жайылған кекілік тым аз екен. Біздің қарамыз көрінісімен-ақ, төрт-бесеуі шықылықтасып, бастарын қазықша қақшитып ап, зымырай жортып жоғарыдағы жартастың қуысына өрмелеп зым-зия көрінбей кетті.

Тұзаққа бір-ақ кекілік түскен екен, жан дәрмен аласұрып қанатымен жер сабалап жатты. Байғұс тұзаққа мойнынан түскен екен, бұлқынған кезінде басы үзіліп қала жаздайды. Көлбай керең әлгіндегі добалдай бәкісін ашып, сол тұзақта жатқан жерінде бауыздап алуға ыңғайланған. Ол енді еңкейе бергенде, Петька жан ұшыра ұмтылып барып оның қолына жабыса кетті.

− Ағатай-ай, обал ғой, бауыздамаңызшы,- деді шырқырай жалынып. Тіксіне тоқтап қалған Көлбай керең:

− А! — деп Петькаға бұрылған.

− Бауыздамаңызшы! — деді Петька айқайлап.

− Неге?

− Обал ғой?

− Солай ма? — деді абдыраған Көлбай керең кейін серпіліп.- Енді не істейміз? — деп біресе Петькаға, біресе маған қараған.

Петька дереу отыра қап мойнынан қылғынып жатқан кекілікті босатып алды. Мойын жүні үрпе-сүрпе боп есеңгіреп қалған кекілік байғұс көзін жұмып екі-үш рет басын сілкілеген.

− Түү, байғұс-ай!.. Байғұс-ай! — деп Петька оны мүсіркеп бауырына басқан, кекілік көзін жұмып тығыла түсті, енді байқадық, тұмсығынан қан шығып тұр екен, оны көрген соң Петька мүлде жыларман халге жетті.- Обалы-ай!..

Сәлден соң көзін әзер ашып-жұмған кекілікті орындық тәрізді жайпақ тастың үстіне апарып жатқызған. Бауыры тасқа тиген кекілік есін жиғанша біраз жатты да, бір сәт аузын кере ашып-ашып қойып, мойнын созып жан-жағына қарап алды да, әлгі тастан жерге секіріп түсіп бұталарды тасалап жорғалай жөнелді.

− Енді өлмейді,- деді Көлбай керең әрмен қуана дауыстап.- Кекіліктің жаны сірі болады, қазір біраз қарға аунаса, құлан таза жазылып кетеді.

Мен өзім бауырыма басып қысып ұстап тұрған кекілігіме енді ғана назар аударғам. Көзі жылт-жылт етіп қолтығыма қарай тығыла түседі. Өзі жып-жылы жұп-жұмсақ. «Мен жалғыз қалдым ғой» деп өксіп дірілдейтін сияқты. Ойланып тұрмастан қос қолдап жоғары көтердім де:

− Бұл да үйірінен қалмасыншы,- деп әуелете лақтырып жібердім. Бұл да әлгіндегі қалың кекілік ұшқан жаққа қарай зымырай жөнелді.

− Ал кекіліктің сорпасына қарық болдыңдар енді,- деді Көлбай керең әлде бізді жазғырғандай, әлде өкінгендей үнмен. Онан соң: — Әй, Петька, мына тұзақтың арғы басын шешіп алшы,- деп өзі еңкейіп тұзақтың екінші басын шешуге кірісті.

Мұнан әрі үшеулеп жүріп әлгі жердегі тұзақты жинап алдық, қайтар жолымызда сол үнсіз күйімізде алғашқы тұзақты да жинап алдық. Содан маяға қайтып жеткенімізше ләм-мим дескен жоқпыз. Шанасына жақындай бергенде, ашаға сүйеніп үнсіз қарап тұрған Манарға Көлбай керең:

− Әй, мына екеуімен тұзақ құруға болмайды екен,- деді даурыға күліп.- Екеуінің де жандары ашығыш немелер екен.

Біз, Петька екеуміз, қол шанамызды сүйретіп анадай жердегі шошаққа қарай кеттік.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий