Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ертеңгісін мектепке бара жатқам. Күн бұлыңғыр, ызғарлы еді. Санаттардың үйінің тұсында көшеде Оттоның шешесі Кәрелен мен әлгі Күлғайша екеуі сөйлесіп тұр екен. Күлғайша — күйеуінен өткен жылы қара қағаз келген, алды сегізге енді жеткен үпір-шүпір ұш баласы бар жесір әйел еді. Сонау қыс ортасында Нұрсұлудың баласы Серікті жалмаудан бастаған жұпар ауруы содан бері үйден үйге ауысып, жас балаларды баудай түсіріп келе жатқан, соңғы кезде осы Күлғайшаның үйін де шырқ айналдырып, балалары бірінен кейін бірі ауырып, мазасы болмай жүр екен деп еститінбіз. Міне, осы Күлғайша мен Кәреленнің тұсынан өтіп бара жатып, Оттоның кеше сабаққа келмей қалғаны есіме түсті де, мамасынан не болғанын сұрай кетейінші деген оймен әлгі кісілерге қарай бұрылғам. Кәрелен Санаттардың үйінен тамызық от алып шыққан беті болса керек, қолында ұзын сапты қалаққа салып алған, түтіндеп бықсыған жарты кесек тезегі бар, көзінің асты көлдіреп, арықтықтан бозаң өңі арса-арса боп, сүйекті ірі денесі иінағаш құсап ілмиіп тұр. Қолы жақсы тоқу білетіндіктен, үстіндегі киімдерінің бәрін жүннен өзі тоқып киген кішкентай Күлғайша оның кіндігінен ғана келіп тұр. Ертеңгі ызғарда екеуі де бүрсек-бүрсек етеді.

− Кизин қалай? — деп сұрайды Кәрелен.

− Ой, қиын боп тұр, Кәрелен. Түні бойы күйіп-жанып көз ілген жоқ,- дейді көзі қызарған Күлғайша.- Анау сиыршының үйінен сүт сұрап әкеле жатырмын. Ыстық сүт берсем тәуір бола ма деймін де,- деді қолындағы кіреңкені көрсетіп. Бұл кіреңкені мен де айтпай танимын, кәдімгі Петьканың үйінің жалғыз кіреңкесі, біздің қоңыр сиыр бұзаулаған кезде, Петьканың шешесі Бөлке апай осы кіреңкемен кеп біздің үйден ылғи сүт алып тұратын. Петька ылғи мақтанатын, кіреңкеге құйған сүт еш уақытта ірімейді, сап-салқын боп тұрады деп. Солай болса солай шығар. Ауылда басқа үйде мұндай кіреңке жоқ. Жалпы соғыс жылдары бүкіл ауылда бүтін бір ыдыс болған емес, темір ыдыстардың түбі тесік, оларға түйіншектеп шүберек өткізіп қоятын, ал шыны ыдыстар шетінен құрсауланған қырық жамау боп келетін, сондықтан Петьканың үйінің жалғыз кіреңкесін көрші-көлеңдері аса бір зәру шақта сүт құюға ғана сұрап алатын, міне, Күлғайшаның қолындағы сол кіреңке еді.

− Сүт жақсы. Жақсы,- дейді Кәрелен басын изей мақұлдап. Онан соң өзі білетін қазақша сөздерді есіне түсіре тұрып: — Үй суық болмайды…- дейді басын шайқап.- От… көп от…

− Үйіміз салқындау,- дейді Күлғайша күрсіне сөйлеп.- Сабаннан басқа отынымыз жоқ. Жазда жұмыстан қол тимей тезек те жинай алмадым…

− Мен саған тезек береді. Кел,- деген Кәрелен.

− Келем, қазір келем,- деді Күлғайша.

Осы кезде қайдан тап болғаны белгісіз, бір топ иттерді шуылдатып соңына ертіп Санаттардың үйінің тасасынан Тұржан шыға келген, көшеде тұрған әйелдерді көре сап:

− Ой әкеңнің!.. Мына жақта колхоздың малы қырылып жатқанда, бұлардың таң атпай сенделіп жүрістерін! — деп ақыра ұмтылды.

«Ойбай, мына жынды сүрей кеп қалды» — деп, Күлғайша өз үйіне қарай, «Хо, Готт… Готт!» — деп, Кәрелен өз үйіне қарай жүгірген.

− О тотыңмен қоса әкеңнің! — деп Тұржан әуелі Кәреленді бір салып өтті де, онан соң Күлғайшаның соңынан бастырмалата тап берді.- Не ұрлап әкеле жатырсың? Алдыңдағыңның ішінде не бар? Кәне, жаныңның барында көрсет?

Күлғайша тоқтай қоймаған соң, қуып жетіп қамшымен салып-салып жіберген. Бүрсектей қашқан Күлғайша өзі бір жаққа, қолындағы кіреңкесі екінші жаққа ұшып кетіп күл-парша болған.

− О, әкеңнің… иттің қатыны! Колхоздың сүтін ұрлап келе жатыр екен ғой. Бәсе! Әлгінде сиыр қора жақты жағалап жүр еді. Мен саған колхоздың сүтін ұрлағанды көрсетейін! -деп, Тұржан қолымен бетін, басын қорғалап, ойбайлап жатқан Күлғайшаны қамшының астына алып кеп берді.

Айқай-шуға төңіректегі үйлерден қатын-қалаш, бала-шаға жүгіре-жүгіре шыққан, араларында еркек атаулыдан жалғыз Қыдырман ғана.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий