Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Түстен кейін отынға қайта барғанбыз. Сол екі арада Махмұд пен Зоккудің артынан қосымша төрт өгізбен тағы екі шешен барып, қиылған алма ағаштарды түгел тартып әкетіпті, ал бізге дегенді сүйреп жүруімізге оңай болсын дегендей, тегіс бұтарлап бір жерге үйіп қойған екен. Сірә, Байдалының бұйрығы солай болса керек.

Тау бөктері тып-типыл жылан жайлағандай бопты, құлазыған аңғал-саңғал иесіз жұрттың үстінен түскендей күйде турмыз. Әр алма ағаштың орнында тізеден шабылған сирақтар құсап сойдиған-сойдиған түбірлер қалған. Қалың қардың астынан әр жерде көсенің иегіне шыққан сақалдай боп итмұрын, бөргездердің селдіреген шоқ-шоқ бұталарының бастары қылтияды. Анадай жерде бағанағы тура алмай қалған орнында тарғыл өгіз қозғалыссыз жатыр, байғұс жануардың арам өлгені айтпай-ақ түсінікті еді. Үстіне жапырлай үймелеген қарға-құзғын бізден үркіп дүркіреп ұшқан болды, бірақ бір-біріне: «Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Кетпеңдер, кетпеңдер!» — дегендей, тау-құзды бастарына көтере азан-қазан боп қарқылдасып шуласып, төңіректен кетер емес. Басқа көз тоқтатар ештеңе жоқ, тау-тас, төңірек өзіміздің талай аралап, шарлап жүрген жеріміз ыстық тартып таныс көрінгенімен, дәл мынау жалтырап жатқан қарлы қия бөтен бір жер сияқты әсер етіп тұр.

Мал бауыздарда шалдар: «Сенде жазық жоқ, бізде азық жоқ, біссімілдә» деп, қыл кеңірдектен пышақпен орып жіберетін, сонда бауыздалған малдың алдындағы кінәсы жуылып-шайылғандай болатын, сол сияқты біз де қазір, өзіміз шаппасақ та, бізге деп отынға бөлінген алма ағаштарды «сендерде жазық жоқ, ал бізде отын жоқ» дегендей, үш бұта, төрт бұтадан әрқайсымыз шама-шарқымызға қарай бөлісіп, ауылға сүйреп қайтуға ыңғайлай бастадық.

− Әй, ана шалды қараңдар! — деді осы кезде балалардың бірі. Нұсқаған жағына жалт-жалт бұрылғанбыз, әлгінде өзіміз сүрініп-қабынып әзер жүрген ойқы-шойқы жолмен қолында таяғы бар, қалт-құлт басып, тоқсандағы Қуатбек шал келеді екен. Ауылдағы жасы ең үлкен сыйлы ақсақал тоқсанға келсе де бойын тік ұстайтын, қалың қабағы түксиіп, түсі суық болатын: Біз:

− Ассалаумалейкүм!

− Ассалаумалейкүм! — деп жарыса сәлем бердік, бірақ ол кісі біздің сәлемімізді естімеген адамдай қасымызға үн-түнсіз таяп кеп, әуелі жалаңаш қалған бөктерге сығырая көз тігіп біраз тұрды, одан біздің не істеп жатқанымызды білгісі келгендей таяғына сүйенген күйде бөлісіп-бөлісіп алған бұталарымызға шұқшия қарап:

− Мұны кім шауып берді? — деп сұрады.

− Шешендер,- дедік біз Махмұд пен Зоккуды айтып.

− Шекендер ме?! Ә-ә,- деді шал даусын соза басын изей тұрып. Шалдың шешен деуге тілі келмейтін де «шекен» дейтін.

− Шешендерге бұйрық болса болды ғой… Апырмай, бір бұта қалдырмапты-ау!.

− Иә, бір бұта қалдырмады,- дедік біздер іле қостап.

Шал сығырая тұрып төңіректі тағы да шола қарап шықты да, біздерге оқыс бұрылып:

− Ал енді жазда алманы қайдан жейсіңдер? — деген. Даусында сұрақпен қатар кінәлау, сөгу бар еді. Біздер не дерімізді білмей бір-бірімізге қарадық. Шынында да, жазда алманы қайдан жейтініміз ешқайсысымыздың ойымызға да келмепті-ау.

Шал мұнан әрі әр адымын абайлап басып тарғыл өгізге қарай жүрді. Ол жақындаған сайын, өлексе үстін төңіректеп ұзап кете алмай үйіріліп ұшып жүрген қарға-құзғындар естері шыға шаң-шұң боп мүлде шуылдасып кетті, тіпті кеп біреуі қалт-құлт еткен шалды қағып өткісі келгендей, далы-дұлы ұшып кеп жанап өтеді. Шал өгіздің қасына барып, оның өліп қалғанына көзі анық жеткен соң, енді аяғын санап басып жоғары өрледі, енді шабылған алма ағаштардың сойдиған түбірлеріне барып әрқайсысына еңкейіп, үңіле түсіп, сипалап ұстап көріп, төрт-бесеуін қарап шықты да, белін жаза тұрып:

− Әй, балалар, бері келіңдер! — деді бізге.

− Барыңдар! — деді шал келгеннен оған үнсіз қарап тұрған Әнипа апайымыз.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий