Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков
-
Название:Дикое яблоко / Жабайы алма
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:210
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.
Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги
Кешеден бері Махмұд пен Зокку тау бөктеріндегі қалың алма ағаштарға қарай жол салып, отын шауып жүрген. Байдалы шалдың алыңдар деп тұрғаны сол. Соны айтты да Байдалы шал жөніне кетті, аңырып тұрып қалған Әнипа апайымыз көзілдірігін алып сүртіп қайта киді де, сендер не дейсіңдер дегендей бізге қарады.
− Не істейміз, балалар? Бүйтіп бүрсектеп тоңып отырғанша, отын тартып аламыз ба?! -деген.
− Барамыз! Барамыз! — дедік суық класта отырғаннан гөрі далада жүргенді құп көрген біздер қуанғаннан жамырай дауыстап.
Бірер сағаттан кейін әжетке жарайды-ау деген балалар тегіс анау жолғы Әжібекпен тобылғы шабуға шыққанымыздай бір-бір жіпті белімізге буып Әнипа апайымыздың бастауымен тау бөктеріне қарай шұбыра бет алдық. Ол жолы беталысымыз қоңыр таудың күнгей беткейіндегі қалың тобылғы болса, бұл жолы сол таудың батыс жақ бүйір бөктеріндегі қалың алма ағашқа — кәдімгі, жазда өзіміз күнделікті өріп жүретін, жабайы алмаларға апаратын кәнігі бағытымызбен келеміз. Аязды дала мұнартып, сәскеге таяған күннің көзі төңірегі шелдене қызарып, кіртиіп тұр. Беті-қолды қарыған ызғар бүрсектетіп уысына сыға түскісі келеді. Аяққа жұқпайтын сіре қар шарық табанға шиқ-шиқ етсе, етік табанға сықыр-сықыр етіп, құп-құрғақ боп осы күйінен еш уақытта ерімейтін сияқты көрінеді. Кешеден бері бөктерге — алма ағаштарға қарай өгіздермен ерсілі-қарсылы жүріп отын тартып Махмұд пен Зокку сұқпа-сұқпа қалың қарда ойқы-шойқы жол салыпты. Өгіздердің сирақтарын сындырып алмай қалай жүргендерін кім білсін. Біз әлгі жолда біресе сұқпаға түсіп кетіп аяғымызды суыра алмай, біресе сүріне құлап әзер келеміз. Алып алма ағаштың тұсынан өткенбіз, сол анау кездегідей ұшар басындағы бұтақтарында қатып-семген қоңырқай алмалар ызғар өтінде көк аязданып, болар-болмас селкілдеп тұр екен. Бұл жолы әнеугүнгідей қызыққан ешкім болған жоқ, тіпті өздері үзіліп түсе қалса да, бүрсектеп тоңып келе жатқанда жей қоюға онша құштар емес едік.
− Киелі ағаш осы екен ғой?! — деген Әнипа апай. Біздер бір ауыздан: «Иә»,- дестік. Басқа білімді адамдар сияқты Әнипа апайымыз да: «Жә, бұл ағаштың киелі түгі жоқ, оның бәрі ескі адамдардың қараңғылықтан шығарған бос әңгімелері»,- деп айтатын шығар деп күткенбіз. Бірақ апайымыз ештеңе де деген жоқ. Балалардың бірі шыдай алмай кетіп, бұл алып алма ағаштың түбінде үңгір барын, сонда баяғыда аюлардың патшасы мекендегенін айтқан.
− Солай ма?! — Онда қызық екен,- деп Әнипа апай басын шайқап күлді де қойды.
Таудың күнгей етегінен батыс жақ бөктеріне қарай асып түсетін белеңге көтерілгенімізде, аңтарыла тоқтағанбыз, жазда арасынан мал өте алмайтын, сыңсып тұратын қалың алма ағаштардың жолға жақын төмен жақ жартысы тып-типыл боп орны сипалып қалыпты, тек әр жер — әр жерде еңіске қарай сұлай құлаған бес-алты ағаштың балта шапқан түптері ақпаңқаланып етегі түрілген қыздар құсап жатыр.
− Әй, анау аю алма еді ғой?!
− Анау тәтті сары алма емес пе?
− Киіз алманы да шауып тастапты,- десіп балалар ішігімізді тартып, дабырладық та қалдық.
Бұл жақсы ырым ба, әлде жаманшылық па — ол жағын білмейміз.
− Балалар, отын алыңдар! — деді алма ағаштарды бұтарлап жүрген Махмұд дауыстап.
Біз қия жолда тайғанақтап, бір-бірімізді сүйемелдеп, сүріне-қабына барып Махмұд бұтарлап берген алма ағашты әрқайсымыз шама-шарқымызға қарап, екі бұта, үш бұтадан беліміздегі жібімізбен бастарын біріктіріп, буып ала бастадық.
Әуелде көзімізге Зокку түспеген, әлден уақытта оның: