Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Әзірге осы жарай тұрар, күн жылыған кезде кеп дұрыстап сылап қойыңдар, сонда мына түбірлер өлмейді, алма ағаштар қайтадан өсіп кетеді әлі,- деді шал, онан соң Әнипа апайымызға қарап: — Қарағым, өзің бір есің бар бала көрінесің, мына шәкірттеріңе бас-көз бол, Алмалының алмасы құрып кетпесін,- деді.

− Мақұл, ата.

Тек осыдан кейін ғана Қуатбек шал бастап, отындарымызды арқалай сүйретіп ауылға қарай қайтқанбыз. Алып алма ағаштың тұсынан өткенімізде, Қуатбек шал бұрылып барып таяғымен оны әр жерінен бір тоқылдатып ұрып көрді де басын шайқады.

− Мұның да ортасы шіріп тұр екен ғой,- деді өзіне-өзі сөйлегендей күңкілдеп, онан соң үйіріле тоқтап тұрған біздерге: — Егер жазға дейін сынып қалмаса, мынаның түбіндегі үңгірді көміп, сыртының зақымданған жерлерін балшықпен сылап қойыңдар, ең болмаса біраз жылға дейін осының алмасын жеп жүрерсіңдер,- деді. Біз мақұл десіп, бас изедік.-деді, Ысқақ шал іштегі әңгіменің мәнін сыбырлай түсіндіріп. Сөйткенше болған жоқ, іштен:

− Әй, колхоз бастықтың тілін алмайтын сен кімсің-ей, а?! Осы ит сілікпеңді шығарайын ба?! — деген Тұржанның даусы қосарлана естілген.

− Тұржан да осында ма еді? — деп сұрадым мен таңырқап.

− Осында. Ойбай-ау, ол біздің колхозға біржола ауысып келді ғой,- деді Ысқақ шал даусын көтере сөйлеп.- Менің орныма атқарушы сол болады енді.

− Ал сіз ше?

− Е, мені қойшы, колхозда жұмыс көп қой.

− Жазасың ба?! — деп ақырған Байдалы шал.

− Жазбаймын,- дейді Санат тістенген үнмен.

− Жазасың! Мен саған жаздырам иттің күшігі.

− Жазасың. Біз саған жаздырамыз! — деп қораланды Тұржан.

Мұнан әрі бөстекті ұрғандай қамшының сарт-сарт еткені естілді.

− А-а!..- деп баж ете түсті Санат.

Көз алдыма Байдалы шалдың тобылғы сапты дырау қамшысы келеді.

− Жазасың ба? — дейді Байдалы шал.

− Өлтірсеңіз де жазбаймын,- дейді Санат.

− Қаршадай боп қасаруын.

− Мә, ендеше!..- дейді Тұржан кіжініп, тағы да қамшының ысқыра сарт еткені естілді.

− А-а!..- деп шыңғырып жіберді Санат.

− Мен сендей күшікті бүйтіп өлтіре салам!..- дейді онан әрмен ызалана кіжінген Тұржан.

− А-а!..- деп Санат тағы шыңғырды.

− Жә, болды. Қоя берші әрі! — деді осы кезде Байдалы шал.

Есік сарт етіп ашылған, құлағын тосып тұрған Ысқақ шал жалп етіп, ұшып түсе жаздап тәлтіректеп әзер қалды. Іштен түтіге долданған Байдалы шал:

− Әй, Ысқақ, мына күшікті әкетші! — деді ақырып. Есіктің тасасына тығыла қалған мені байқаған жоқ.- Иттің күшігі, жазбасаң жазба, тек бірақ осыдан аузыңнан бір ауыз сөз шығатын болса, менен жақсылық күтпе. Анау көксау шал әкеңнен бастап, тұқым-тұяғыңмен тегіс құртам. Бар кет! — деді қатты ескертіп.

− Тек аузынан шығып көрсін! — деді Тұржан да ескертіп.

Ысқақ шал ішкі бөлмеден мұрнынан қан дірдектеген Санатты алып шығып, маған «бол, тез әкет» дегендей ымдаған. Мен Санатты қолынан ұстап сыртқа шығарып, біраз жер кеңседен ұзағанымызша дедектетіп жетелеп жөнелдім. Жақын маңдағы үйдің тасасына жеткен соң ғана аялдап, әуелі қар басып мұрнының қанын тоқтаттық, онан соң омырауын тазалап, үсті-басын жөндестірдім. Өксігін баса алмай солықтап тұрған Санат кейінге, кеңсе жаққа қайырыла қарап:

− Бәрібір жазбадым ғой,- деді тістене күліп.- Әй, әнеу Тұржан деген тіпті жынды екен. Байдалы шал ымдаса-ақ болды, өлтіруге дайын.- Сол желкемнен қойып қап, бетімді үстелге тоқ еткізген, мұрным содан қанады.- Онан соң маған бұрылды да:

− Атам естісе, жүрегі ауырады ғой, ешкімге айтпай-ақ қой! Сүрініп жығылдым дей салармын,- деді қиыла өтініп.

− Мақұл, ешкімге де айтпаймын,- дедім мен уәде беріп.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий