Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Отыр! — деді қатқыл үнмен. Онан соң Ысқақ шалға қарай шұғыл бұрылып: — Сабақты бұзуға сізге кім рұқсат берді?! Бұл қандай әдепсіздік?! — деп тап берердей боп қарсы жүрген.

− Колхоз бастық… Колхоз бастық Байдалы айтқан соң…- деген қапелімде сасып қалған Ысқақ шал шегіншектеп.

Біз, оқушы балалар да, үрпиісе қалдық, енді болмаса Әнипа апайымыз шалдың сақалына жармаса кетіп, бетін тырнап алатындай көрінді.

− Оқушы баланы сабақтан кетуге рұқсат етпеймін,- деді.

− Қарағым, ол енді колхоздың жұмысы ғой,- деген ЬІсқақ шал.

− Мейлі, колхоздың жұмысы үшін де рұқсат етпеймін. Мектеп оқушысын колхоз жұмысы үшін сабақтан босата берсін деген заң жоқ.

− Өзің білесің де онда, тек, әйтеу, бастықтың қырына ілігіп жүрмесең болды да,- деп ЬІсқақ шал тоны қаудырлап есікке қарай беттеген.

Осы сәтте атқарушы шалдың бетін қайтаруын қайтарып жіберсе де, колхоз бастығымен тіресудің арты қиынға соғарын сезетін екі ұшты ойда тұрған Әнипа апайымыз иі босап:

− Жарайды, бүгінше барсын,- деді даусы жұмсарып.- Тек бастыққа сіз де айта барыңыз, класымыздың іші мынау аңырап тұрған, сабан отынға жылитын түрі жоқ, бізге қызуы бар отын қарайлассын.

− Мақұл,- бұл тілегіңді айта барайын.

Атқарушы шалға. ілесіп бара жатып Санат біздерге қарап қалтасын ұстап, жымыңдап көзін қысып қойды. Онысы, сәті түссе бүгін де бауырсақты толтырып әкелем ғой дегені еді.

− Бауырсақты қайтесің, одан да отын сұрасаңшы,- деді арт жақта отырған балалардың бірі дауыстап.

− Иә, отын сұра… Отын…- десті үш-төрт дауыс іле қостап.

− Кәне, тиышталыңдар! Бері, мына сабаққа қараңдар! — деді Әнипа апай үстелін тықылдатып.

Тобылғы отынымыз таусылғалы, классымыз қайта азынап суып кеткен. Сабанды ертеден кешке дейін жаққанмен, қауқары жоқ. Байдалы бастыққа кластың суықтығын айтып, отын сұрап екі рет барған, қазір түсіріп бере қоятын отыным жоқ, реті кеп жатса көрерміз деп жіберіпті.

Тобылғы жаққанда жып-жылы боп қалған классымызда қалтырап әзер отырмыз. Дәметкен кемпір бет-аузы күйелеш-күйелеш болып от жағуға таң сәріден-ақ кіріседі, содан қара кешке дейін отын қоймадан мектептің ауыз бөлмесіне құшақ-құшақ етіп сабан тасумен күні өтеді. Омырайған пештің аузы абжыланша ысылдап, сабанды үсті-үстіне тықпалап жатсаң да бір тоймайды, гу-гу етіп жұта береді, жұта береді. Бірақ шығарар жылуы шамалы. Кластың ішінде аузымыздан шыққан деміміз буланып күрк-күрк жөтелгенімізде, ХТЗ-ның түтініндей бұрқ-бұрқ етеді. Әнипа апайымыз да көкпеңбек боп дірдектеп тоңып отырады. Өзі де қызық, класқа кірісімен пальтосын шешіп, қолдан тоқылған қоңыр жемпірімен ғана қалады. Қалың бұрым қоңырқай шашының маңдай жағы, самайы бұйраланып, кішкене танауының үстінен сырғи беретін көзілдірігі буалдырланып, бізге кіп-кішкентай боп көрінеді. Тоңғанын білдірмеуге тырысып сабақтарды саңқылдай айтып түсіндіреді. Сірә, қатты саңқылдап сөйлесем, тоңғанымды онша сездірмеймін дейтін болар. Тақтаға жазған кезде, бор ұстауға икемсіздене бастаған қолын демімен жиі-жиі үрлеп қойып тұрады. Соның өзінде жазуы жіпке тізген маржандай әдемі, әр әрпі сұлу суреттей боп түседі. Шіркін, Әнипа апайымыз құсатып әдемі жазсақ-ау деп қызығамыз.

Бүгінгі Әнипа апайымыздың Санатты сабақтан жібермей қоя жаздағаны әсер етті ме, кім білсін, үшінші сабақты өтіп жатқан кезімізде, терезенің тұсынан торы жорғасымен қалың қарды омбылай омыраулап кеп тоқтаған Байдалы шал тобылғы сапты қамшысымен әйнекті ұшырып жіберердей сартылдата қаққан.

− Әй, мұғалім қыз! — деді ат үстінен еңкейе дауыстап. Жалғыз қабат терезеден даусының жарықшағына дейін анық естілді.

− Мына балалардың әжетке жарайтындарын ертіп апарып, анау шешендер шапқан отыннан тартып алыңдар!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий