Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Аман ғой, оларды ит жей ме, а-а-а-а…- деп, дәл әнеугүнгідей жауап қайырған Тұржан ұрадай аузын ашып тағы күлді. Сөзі ұнап отыр ма, ұнамай отыр ма, онда шаруасы жоқ, әйтеуір өзі мәз боп күледі. Осы уақытқа дейін маған үлкен адамдардың бәрі ақылды боп көрінетін, тіпті кейбіреулері туралы: «Әй, соны қойшы, түйір ақылы жоқ»,- дегеннің өзінде ондай адамның ақылсыздығын андай алмайтынмын. Ол да кәдімгі басқа адамдар сияқты көрінетін маған, ақылының жоқтығы үлкенге білінсе де, маған білінбейтін. Ал мына адамды әнеугүні де көрген жерден бір түрлі ұнатпап едім, ал қазір: «Әй, мынаның түйір ақылы жоқ қой»,- деген ой бірден оралып шықпай қойды. Сөйлеген сөздері қандай парықсыз, күлкісі қандай дарақы, жүріс-тұрысы, қимыл-қозғалыстарына дейін еш түйсік жоқ, санасыз адамның ісі. Өзі түк-түк ойланбайтын адам сияқты. Тышқанның көзі құсап жылт-жылт еткен көзінде де, түрінде де ешқандай ой жоқ.

− Ауыл-аймақтарың қалай? — деп сұраған Байдалы шал.

− Ауыл-аймақ қайда көшер дейсіз енді, сол өкімет қондырған орнында тұр ғой, а-а-а-а…

Байдалы шал тағы біраз амандық-саулық сұрастырды да, Тұржан оған таңқылдай күліп жауап қайырумен болды. Енді бір сәт сөз кезегі өзіне тиген:

− Байаға, сіздің бастық болғаныңызды естігенде, төбем көкке екі елі жетпей қуандым,-деді Тұржан.- Құдай, аруақ бар екен ғой, біздің де көз жасымызды көреді екен ғой деп жылап жібердім. Аруағыңнан айналайын, Шорағұл бабам өзі қолдап жүр ғой сізді.

− Жалғыз мені ғана емес, бүкіл ұрпақтарын қолдап жүр ғой, жарықтық. Мына сені де қолдайды.

− Байаға, бөліп-жаратын несі бар, мына сізді қолдағаны — бәрімізді қолдағаны ғой.

− Оның рас.

− Әне, дәл таптым ба?! А-а-а-а…- деп Тұржан тағы да мәз болды.

Сөз әлпеттерінен менің түйгенім — Тұржан Байдалыға төрт-бес атадан барып қосылатын туыс екен, мына көрші Ақтасты колхозында тұратын көрінеді. Туысының әлгі сөзіне көңілі өсіп әбден риза болған Байдалы шал қалтасынан шақшасын алып, түбін столға тықылдатып қағып, көк бұйра насыбайдан алақанына молдау етіп салды да, шалқая түсіп аузына тастап жіберді, онан соң астыңғы ернін бұлтита жымқырып сақаулана:

− Әй, осы сені әскерге неге алмады? — деп сұрады.

− Ойбай-ау, Байаға-ау, менің жасым асып кеткен ғой.

− Қалайша? Қырыққа енді ғана келдің емес пе?

− Анау жылы пашпыртымды жоғалттым деп қайта пашпырт алғанда, бір мүшел жасты қостырып жазғызғам, сонымен әскерден қала бердім. Менің тісіме кім қарап жатыр, тіпті қараса да тісім жоқ, а-а-а-а…

− Оның дұрыс болған екен,- деп Байдалы шал да рақаттана күлді.- Сен осы кішкентай күніңнен-ақ тапқыр едің, әлі соныңнан жазбапсың. Баяғыда байдың қойын бағып жүргеніңде, өрісте саулықтардың астына шалқалап жата қап емуші ең.

− Иә, а-а-а-а… Байдың бәйбішесі ыдысымды тауып алмақ боп талай аңдып, тінтіп еді. А-а-а-а…

Мұнан әрі екеуі баяғы кездегі бастан кешкендерін айтысып, біраз мәз боп қалды. Тіпті жасаған ұрлықтарының өзі ерлік сияқты көрініп даурығысады.

− Байаға,- деді енді бір сәт ыржаңдай күлген Тұржан.- Баяғыда Бейсенғазы бай болыс болғанда, інісі Сейсенғазы: «Бейсекем болыс болды дегенше, Сейсекең нойыс болды десеңші» демекші, сіз колхоз бастық болды дегенді естігелі, мына жаман ініңнің де тақымы қопаңдайтынды шығарды. Қашанғы мен де тентіреп анау Ақтастыда жүре бермекпін, өзіңнің қасыңа келгім келеді. Сіз бастық болғанда, мен неге біргәдір болмаймын деймін. Ашсаңыз алақаныңызда, жұмсаңыз жұдырығыңызда емеспін бе? Менен сенімді кім бар сізге?!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий