Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Мұның аузы қалай еді, берік пе еді? — деп сұрады дәл бір өмірі мені көріп, білмеген адамдай.

− Ол жағын қайдам, бірақ хат тануы жақсы деп жүрген балалардың бірі ғой.

− Әй, онда бері кел, отыр,- деді Байдалы шал қарсы алдындағы орындықты нұсқап, өзі менен көз айырар емес. Бұрын байқаған баламен де, шағамен де қалжақтасып жүретін, бірде бату, бірде тату дегендей мінезі бар, өзіміз кейде «аталап» соңынан қалмай әзілдеп, кейде сыртынан мазақтап жүретін, ақ көңіл сияқты көрінетін Байдалы шалдың қазіргі сұсы адам қорқарлық еді. Шегір көзі өңменімнен өтіп, ішіп-жеп, бет қаратар емес.

− Сенің өзі, аузың қалай, берік пе? — деп сұрады.

− Берік,- дедім мен.

− Кеңсенің құпиясын сыртқа шашпайсың ғой?

− Шашпаймын.

− Егер осыдан сенен естідік деген бір сез шықса, мына қамшы төбеңде ойнайды. Ұқтың ба?

Мен басымды изедім.

− Әй, Ысқақ! — деді ауыз үйге қарай дауыстап. Есіктен қорбаңдай басып атқарушы шал кірген.

− Әлі бағанағының әкеп бергені мына хат па? — деді көк конвертті көрсетіп.

− Иә, осы төрт бұрышты. Ауданға жазылған екен деді ғой.

− Жә, онда орныңа бара бер.

Атқарушы шал шығып кеткен соң, әлгі көк конвертті маған ұсынды да:

− Онда, мә, оқышы,- деді. Мен әлгінде атқарушы шалдың өзім туралы «хат тануы жақсы» деген мақтауын ақтау үшін айдақ-сайдақ жазылған қағазды бар ынтамды салып судыратып Оқи жөнелдім. Өйткені жақсы хат танудың басты шарты қағазды тез оқу ғой.

− Әй, тоқта,- деді Байдалы шал мені бөліп.

− Жау қуып келе жатқан жоқ қой, сен өйтіп аптықпай, әр сөзді түсінікті етіп, дұрыстап оқы деп, өзі ұғып қалған алғашқы сөйлемді қайталап шықты: «Арыз. Аудандық партия комитетіне. Біз бір топ колхозшы осы арызды жазуға мәжбүр боп отырмыз…»

Мен Байдалы шалдың өзінің мақамына салып, әр сөзді дауысты дыбысы бар тұсында соза отырып, қайтадан оқи бастадым.

«Арыз. Аудандық партия комитетіне. Біз бір топ колхозшы осы арызды жазуға мәжбүр боп отырмыз. Өйткені Байдалы колхоз бастық болып ешкімді көгертпейді. Өзі бұрын бай-құлақтың құйыршығы болған адам…

− Не дейді?! Жә, тоқтат иттің күшігі! — деп ұшып тұрған Байдалы шал қамшысымен столды салып қалды. Шегір көзі шатынап ашудан қалш-қалш етіп маған төне қарайды. Енді болмаса қамшысымен салып жіберетіндей. Қорқып кеткен мен қағазды өзінің алдына тастай сап зыта жөнелмек ем, дабыр-дұбырға ауыз үйдегі атқарушы шал кіріп, жолды бөгеп, есікке кесе-көлденең тұра қалды.

− Әй, күшік, не оқып тұрсың-ей, а? — деген маған тап бере ақырып.

− Өзіңіз оқы дедіңіз ғой қағазда жазылғанды…

− Мына қағазда шынымен солай деп жазылған ба?

− Иә. Солай жазылған.

− Әй, бұлар ма?! Бұлардан бәрі шығады. Ел емес қой,- деді тағы Байдалы шал түңіле сөйлеп.- Шетінен жер аударып жіберсең обалы жоқ иттер ғой. Кәне, отыр орныңа! — деді маған ақырып. Амал жоқ, оның қарсы алдына барып қайтадан отырдым.- Иттің балалары, баяғыда менің Мәтіжан байға жалшы болғанымды әлі күнге бетіме басып, бай-құлақтың құйыршығы болған деп жала жапқылары келеді.

− Көре алмайтындардың ісі ғой,- деді Ысқақ шал жағына сөйлеп.

− Со көре алмайды. Жә,- Байдалы шал біраз бұлқан-талқан боп барып сабасына түсейін деді.- Сен орныңа бара бер,- деді атқарушы шалға, онан соң орнына отырып, шегір кезі со шатынаған қалпында маған қарап: — Оқы әрі қарай! — деп бұйырды. Мен әлгіндегі тоқтаған жерімнен әрі қарай жалғастыра оқыдым: — …Сөзінде еш пәтуа жоқ. Тек одыраңдап қатын-қалаш, бала-шағаға қамшы үйіргеннен басқа қолынан түк келмейді. Ойлайтыны қара басының қамы. Соңғы кездерде жас келіншектерге қырындайтын әдет шығарды…

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий